Франколау немесе жеткізілімнің базистік шарты


Франколау немесе жеткізілімнің базистік шарты

 

Франколау - өндірушіден  тұтынушыға жүкті тасымалдапжеткізілуіне төленетін төлем. «Франко» дегеніміз өнімді дайындаушыдан тұтынушыға жылжыту жолында қай пунктке дейін баға құрамына көліктік шығындарды енгізетінін көрсетеді.

Жеткізілімнің базистік шарттары өзара шартпен анықталадыОлар келесілерді сипаттайды:- біріншіден, меншіктік құқықтың ауысу сәтін;

- екіншіден сыртқы саудалық бағалар енгізілетін, өнім шығындарының сақтандырылуы мен тасымалдануымен байланысты құрамы.

Қазіргі таңда, жеткізілімнің қызмет етуші базистік шарттары төрт категорияға бөлінген:

1.        «Е» тобы — сатушы тауарды сатып алушыға тікелей өзінің мекемесінде тапсырады;

2.        «Ғ» тобы — сатып алушымен қамтамасыз етілетін тасымалдаушының иелігіне сатушы тауарды тапсыруға міндеттелінеді;

3.        «С» тобы – сатушы тасымалдау келісім шартын жасасуға міндеттелінеді, бірақта тауардың аяқ астынан, кездойсоқ апатқа ұшырау немесе зақымдану бойынша және де тауарды тиегеннен кейінгі қосымша шығындарды өз мойнына алудан бас тартады.

4.        «D» тобы – сатушы барлық шығынды өзі өтейді және тауарды бағдарланған елге жеткізілгенше болатын бүкіл шығынды өз мойнына алады.

 


Скачать