Фирмалар және рыноктар


Фирмалар және рыноктар

 

Бәсекелестік  күрес-  жылжымалы,  өктемелі үрдіс. Оның өлшeмi болып жағдайдың тепе-теңдігі емес, экономикалық байланыстың барлық салаларындағы және белсенді  кәсіпорынындағы негізгі ойларды үнемі бұзып отыру жатады.Кәсіпкердің қаперіне: егер сұранымға, қоғамның қажеттігіне бағдарланбай жүргізген болса, онда сіздің шығындануыңыз ешгкімге  де  әсерін  тигізбейді. Бәсеке үнемі  мынадай талаптарды қояды:

  Жетілген бәсекенің негізгі шарттары:

                1) Кәсіпорын-сатушылардың өте көп болуы;

                2) Стандарттанған өнімдер. Осы бағамен өнімді кімнен сатып алу тұтынушыға бәpiбip, өйткені олар бір-бірлеріне өте ұқсас. Стандарттау нәтижесінде бағалық емес бәсеке  үшін  негіз жоқ. Бағалық емес бәсеке - өнімсапасының айырымы, жарнама немесе өнім таратуды ынталандыру арқылы бәсеке.

                        3) Сатушы бағаны бақылауды жүзеге асыра алмайды, ceбeбi әpбip фирма өнімдердің аздаған бөлігін өндіреді.;

                        4) салаға еркін кipiп және одан еркін  шығу;

                5) ақпаратты еркін түрде алуға болады.

                Фирма теориясы негізін барынша көп пайдаға ие болу принципі құрайды, яғни табыстар мен шығындардың айырымының көп болуы. Фирманың қысқа мерзімдегі және ұзақ мерзімдегі іс-әрекеттерінің критериі – барынша көп пайда табу болады.

                Қысқа мерзімге фирманың өндірісте пайдаланатын құрылыстарының жалпы көлемін және машиналар мен жабдықтардың көлемін өзгертуге жетімсіз болатын уақыт мерзімі жатады. Осы мерзімде олар өндіріс көлемінің өзгерісінің ізімен өзгеріп отырмайды. Тұрақты болып қала береді.

Өндірістің басқа факторлары (еңбек, капитал) өзгеруі мүмкін, сондықтан олар өзгермелі деп аталады.

                Қысқа мерзім шамасының көлемі өндіріс саласына, технолгияға, басқа жағдайларға байланысты болады. Мысалы домна өндірісінде қысқа мерзім өзінше ұзақ болса, балмұздақ өндірісінде ол өте аз болады.

                Ұзақ мерзімге үнемі өзгеріп тұатын өндіріс дәрежесіне байланысты, фирманың өздерінің құрылыстары мен жабдықтарының қуатын өзгертуге мүмкіндік беретін, уақыт мерзімі жатады.

                Ұзақ мерзімде фирма барлық өндіріс факторларының көлемін өзгерте алады. Бұлардың барлығы өзгермелі. Бұл мерзімде фима факторларды келісімді түрде қиыстыруға тырысады, шығарылатын өнімнің берілген көлеміне жұмсалатын шығындардың барынша аз болуын көздеп, еңбекті капиталмен, немесе, керісінше алмастырып отырады.

                Фирма әрекеттеріне тек уақыт әсер етіп қоймайды, оларға бәсеке формасы ықпал жасайды. Енді фирманың жетілген бәсеке жағдайындағы рационалды іс-қимылына назар аударайық. Фирманың мақсатын баға мен шығындардың ара алшақтығын барынша көтеруді естен шығармйық. Жетілген бәсеке нарығында ешбір фирма өздері өндіретін өнімдер бағасына әсер ете алмайды. Баға тек жалпы нарықтық сұраныс пен барлық фирмалар ұсыныстарының бір – біріне ісер ету нәтижесінде белгіленеді. Егер фирма өз өнімдерінің бағасын көтерген болса, ол сатып алушыларынан айрылады, олар бұның бәсекелесінің өнімін сатып алады. Сөйтіп, сату нөлге дейін төмендейді. Фирма бағаға үстемдік ете алмайды. Оның шығындарының көлемі, осы кәсіпорындағы технологиямен болжамдалады. Барынша мол пайда алу үшін кәсіпкер не істеу керек? Бұған жауап алу үшін фирма қанша өнім өндіріп сату керек? Бұ,н жауап алу үшін өнімнің нарықтық бағасымен фирманың шекті шығындарын салыстыру қажет.

                Егер фирма өз өнімін бір, екі, үш, т.б. бірлікке өсіріп отырса, онда келесі бірліктің әрбіреуі жалпы табысқа да және жалпы шығындарға да «бірдеме» қосып отырады. Осы «бірдеме» - шекті табыс және шекті шығындар. Шекті табыс шекті шығындардан артық болса, өндірілген бірліктің әрқайсысының жалпы табысқа қосқаны, жалпы шығындарға қосқанынан артық болады.

                Осыған байланысты шекті табыстармен (MR – marginal revenue) шекті шығындардың (MC – marginal costs ) айырымы, яғни пайда, (P2 – provit) өседі.

                                                    P2 = MR – MC

                Ұзақ мерзімдегі фирманың және саланың тепе – теңдік мәселелері, қысқа мерзімдегіден өзгеше болады. Егер фима өнімінің белгілі көлемін ұзақ мерзімде барынша төмен орташа шығындар жұмсап өндірсе, онда осындай болмыста баға шекті шығындарға тең болғандықтан тепе – теңдік пайда болады.

                Мәселе мынада: фирманың барынша төмен орта шығындары, нарықта қалыптсқан бағалардан жоғары болса, кейбір фирмалар нарықтан шығады, саладағы ұсыныстар азаяды. Бұл жағдай бағаны көтереді. Егер фирманың орташа шығындарының барынша азы нарықтық бағадан төмен болса, онда саладағы барлық фирмалар үстеме пайда алады. Бұл басқа фирмалардың осы салаға келуіне стимул болады. Нәтижесінде салалық ұсыныс көбейеді, ал баға төмендейді.

                Жетілмеген бәсеке жағдайындағы фирманың рационалдық іс – қимылында кейбір ерекшеліктер болады.

                Жетілмеген бәсеке наығында өндіруші өзінің өнімдерінің бағасына ықпал ете алады. Егер жетілген бәсеке нарығында өнімнің бірінен кейін бірі сатылған бірліктерден түсетін қосымша табыс тұрақты болып өзгермей, нарықтық бағаға тең болса, жетілмеген бәсеке нарығында сатудың көбеюі бағаны төмендетеді, ал бұл қосымша, немесе, шекті табыстың төмендегені болады. Фирмағабарынша көп пайда әкелетін өндіріс көлемін анықтайтын екі әдіс болады.

                Бірінші әдісте өндірістің әр көлеміндегі жалпы табыстар мен жалпы шығындар салыстырылады.

                Екінші әдісте өндірістің оптималдық көлемін табу үшін шеті табыстар мен шекті шығындарды салыстыру керек.

                Жетілмеген бәсеке жағдайын қорытындылайтын болсақ барынша көп пайда алу үшін өнімнің әрбір қосымша бірлігін өндіруге байланысты шекті шығындар осы өнім бірлігін сатудан түскен шекті табыстан төмен болғанша, MR>MC өндірісті кеңейте беру керек, егер  MR<MC өндірісті қысқарту керек, егер MR=MC блса фирма барынша көп пайда табады.

                Батыс экономикалық әдебиетіндегі фирма теориясы пайданы барынша көбейту принципіне негізделген. Бірақ фирма әрекеттеріне басқа да мотивация беру аз кездеспейді:

  • Кейбіреулер фирманың маөсаты пайданы барынша көбейту емес, сату көлемін кқбейту дейді;
  • Басқа концепция бойынша, американдық профессор Г. Саймонның

қанағаттандыру” теориясы бойынша, фирма тек пайданың белгілі дәрежесін көздейді, ал бұған жеткен соң, оны одан ары қарай барынша жоғарылату үшін әрекет етпейді.

Стратегия – бұл фирманың негізгі ұзақ мерзімді мақсаттары мен міндеттерін таідау, іс - әрекеттер бағыттарын анықтап бекіту және мақсаттарға жетуге қажет ресурстарды бөліп орналастыру.

Стратегия екі типке бөлінеді:

  • Қорғаныстық;
  • Шабуылдық;

Қорғаныстық стратегиясының екі бағыты болады:

  1. Имитациялық стратегиясындабәсекелестердің ғылыми – тех-

никалық жетістіктерін пайдалану арқылы жаңалықтар енгізуден туатын қауіп – қатерліктерді азайтуға назар аударылады. Фирма нарықты үнемі байқап отырады, жаңа өнімін пайда болуын күтіп отырады және ресурстардың ұқсас өнім, немесе, оның прототипін өндіруге жұмылдырады.

  1. Күту стратегиясы. Фирмалар осы стратегияны өзінің

ұйғарымы бойынша сы нарықтан кетуді жоспарлағанда немесе, басқа бәсеелес осы нарықта қолайлырақ орналасқанда, өз өндірісін жүргізу арқылы қолданылады.

Шабуылдық стратегияның төрт бағыты болады:

1. Рационализациялац стратегиясы. Бұл жа 



Скачать