Фирма шығынының құрылымы және пайда
Фирма шығынының құрылымы және пайда
Әрбір фирма өндірісті бастау үшін келешекте қанша пайда алатынын көз алдына дұрыс елестете білуі керек. Ол үшін сұраныс пен қызметті зерттеуге тиіс өндірілген өнімді қандай бағамен сатады, келешек табыспен шығынды салыстыру байланысты жұмыстарды іске асыру. 1. Фирма шығындарының құрылымы Тауар мен қызметті өндіру процесіндегі және өткізудегі фирманың шығындарын қарастырамыз. Ең алдымен көңіл аударатынымыз ашық және баламалы шығындар, біріншісі де, екіншісі де фирманың қызметін есепке алады. Ашыққа жататындар фирманың өндірістік факторларды пайдаланғаны үшін төленген шығындар. Өндірістің классикалық факторы болып есептелетіндер еңбек, жер (табиғи ресурс) және капитал. Фирманың барлық ашық шығыны, негізінен, өнімді өндіруге қолданған өндірістік фактордың орнын толтырады. Бұған кіретіндер еңбек ақы түрінде еңбекке төлеу, жер – жер төлемі капитал – негізгі және айналмалы қорлар шығындары. Сонымен бірге кәсіпкердің еңбегіне төленетін төлемдер өндіріс және сатуды ұйымдастыру шығындарына жатады. Ашық шығынның барлық жиынтығы өнімнің өзіндік құны болып есептеледі. Нарықтық бағамен өзіндік құнның айырмашылығы – пайда болады. Мысалы, жер иесі рентасын төлемейді, сонымен бірге жерді өзі өңдейді, жалға беруден бас тартады және қосымша табысты алмайды, осымен байланысты қызметпен шұғылданбайды. Фабрикаға жұмыс істеуге жалданбайды, еңбек ақы алмайды. Кәсіпкер өз ақшасын өндіріске салғаннан кейін, банкке салмайды және ссудалық пайыз алмайды. Ашық шығынды және балама шығынды есептеу арқылы фирманың пайдасын толық анықтауға болады. Жиынтық табыспен және барлық шығындар арасындағы айырмашылық пен экономикалық пайданы анықтайды. Пайда дегеніміз – 1. Тікелей және жанама шығындар. Шығынның ашық және баламалы болып бөлінуі басты мүмкіндік болып есептеледі. Сонымен қатар шығын-ның сыныптамасының тікелей және жанама түрі бар. Тікелей шығындарға мыналар жатады: шикізат пн материалдар құны, жұмысшылар мен қызметкерлердің жалақысы, амортизациялық өтемдер, жал төлемі, салықтар. Жанама шығындар – бұл тауармен байланысты емес шығындар фирмаға толық қатынасты. Бұған жататындар: әкімшілік шығындар, жалдау ақысы, аммортизациялық өтемдер, қарыз пайызы т.с.с. 2. Азаймалы қайтарым заңы. Фирма өндіріс факторын белгілі пропорцияда пайдалануға тиіс, тұрақты және өзгермелі фактор арасындағы тұрақты фактордың бірлігіне шектен тыс өзгермелі факторды көбейтуге болмайды. Бұл кезде азаймалы қайтарым заңы әсер етеді. Оны келесі үлгіден көруге болады (8.1. кестеден). Өндіріс көлемінің өсуіне байланысты фирма шығынының өзгеруінің тәуелділігі. Өндіріс көлемінің өсуімен және сату өзгергенде фирманың шығыны өзгереді:
А) Бір қалыпты. Бұл жағдайда шекті шығын әр уақытта тұрақты шама және бірлік тауардың өзгермелі шығынына тең. Б) Жеделдетілген. Бұл жағдайда шекті шығын өседі, өнімнің артуына байланысты. Бұл ахуалға байланысты азаймалы қайтарым заңымен, не болмаса материалдармен басқа фактордың қымбаттауына қарай айналым сыныптамасына жататын шығындар. В) Баяу сатушылық. Егер фирманы сатып алу шығыны шикізатқа, материалға азайса, өнім көлемі өссе, онда шектеулі шығын қысқарады. Осы жағдайды келесі кестеден көруге болады. Өзгермелі ресурстың бір түрінде тек жұмысшы күші өзгереді. Ол 8.2 кестеде көрсетілген. 8.2 кесте Скачать |