Туристік іс-әрекет мотивациясы


Туристік іс-әрекет мотивациясы

 

 

 

Адамды әрекетке бағыттайтын, мақсат қоюға талаптандыратын бір түрткі болатындығы мотив деп аталады. Кез келген түрткі сан қилы қажеттермен тікелей не жанама түрде байланысып жатады. Адамды әрекетке итермелейтін негізгі түрткі – оның түрлі қажеттері. Адам өз қажетіне байланысты алдына түрлі мақстаттар қояды.

Нарықтық қатынастардың дамуымен тұтынушыны белгілі бір турөнімді немесе туристік қызметті сатып алуға итермелейтін мотивацияның объективтік және субъективтік жақтары зерттеле басталды.  Біздің заманымызда жаңа туристік орындардың пайда болу мен оған қатысты мотивацияның зерттелуіне көп көңіл бөлінеді.

1991 жылдан бастап шетелге шығу туристік фирмалар арқылы өкізіле бермейтін еді. Ойын – сауық және көңіл көтеру үшін  саяхаттау 1992 жылдан бастап сирек мамандардың кеңестіктері мен Интуристпен ұйымдастырылғын, саяхаттың мақсаты географиялық орналасуына байланысты емес, мотивтерге байланысты істелінген. Көңіл көтері үшін саяхаттар танымал бола бастайды, туристерді табиғи объектілердің әдемілігі туралы аңыздар мен жарнама одан да қатты қызықтыра бастайды.

Туристік мотивация турөнімді жоспарлау, өңдеу және өткізудегі негізгі роль ойнайды. Туристік мотивация туристік сұранысты қалыптастырушы факторлардың бірі болып табылады.

Мотивация(лат.мовео-қимылдатамын)  – 1) әрекетке итермелеу; 2) адамның жүріс-тұрысын, оның бағыттылығын, ұйымдастырушылығын, белсенділігін және тұрақтылығын басқаратын физиологиялық және психологиялық серпінді процесс; 3) адамның өзінің еңбегі арқылы материалдық қажеттіліктерін қанағаттандыру қабілеті. Бұл жеке тұлғаны немесе топты ішкі немесе сыртқы әсерлер ықпалнан өз қажеттіліктерін қанағаттандыру және ұыймның мақсатына жету процессі.

Мотивация түрлері:

  1. Сыптқы мотивация(экстринсивті) – субъектке қатысты сыртқы жайттармен байланысты.
  2. Ішкі мотивация(интринсивті) - әрекеттің мазмұнымен байланысты мотивация түрі.
  3. Жағымды және жағымсыз мотивация – оң ынталандырмаға негізделген мотивация жағымды; ал жағымсыз мотивация керісінше.
  4. Тұрақты және тұрақсыз мотивация. Адамның ешқандай толықтырушыларсыз қажеттіліктеріне негізділген мотивайия тұрақты болады және керісінше. 

Мотивацияның бірнеше типтері бар:

  • Гомеостазды жақтауға бағытталғын жеке мотивацилар:
  • аштық
  • шөл
  • ауырудан қашу
  • температурлікоптимумға ұмтылу
  • және т.б.
  • Топтық:
  • ұрпаққа қамқорлық, күтім
  • топтық иерархияда орын іздеу
  • берілген қоғам құрылымына сәйкес болу
  • және т.б.
  • Танымдық:
  • зерттеушілік жүріс-тұрыс
  • ойын әрекеттері

 

Мотивацияны зерттеуде бірнеше теориялар бар, олардың негізгілері:

  1. 3. Фрейдтің мотивация теориясы.
  2.  А. Маслоудыңмотивация теориясы.
  3. Д. Шварцтыңмотивация теориясы.  

Мотивацияның негізгі міндеттері:

● Әр жұмыскерде жұмыс процессінде мотивация мағнасы құрылу;

·     Жұмыскерлер мен бастықты фирма ішіндегі негізгі психологиялық әнгімелесуге үйрету;

·     Әр бастықта қазіргі мотивациялық әдістерімен жұмыскерлерді басқару пайда болу.

Бұл міндеттерді шешу үшін анализ қажет:

·     Ұйымдағы мотивация процессі

·     Индивидуалды және топтық мотивация

·     Нарықтағы адам мотивация іс-әрекетінің өзгеруі

Мотив – адам әрекетінің себебі. Мотивациялық сфера көптеген қасиеттермен байланысты. Белгілі бір мотивтердің басымдылығымен адамның қандай тұлғалық қасиеттері дамиды екендігін білуге болады.  Тұлға бағытталуының үш түрі бар:

  • Жеке
  • Коллективтік
  • Іскерлік

 

Тұлға құрылымының ең күрделі бөлігі – мінез. Мінез – адамның негізгі өмірлік бет алысын және оның өзіндік әрекетінің айырмашылығын сипаттайтын сапалы өзгешелік. Ол көп қасиеттің бірлігі, түрлі өзгешеліктердің қосындысы, сонымен қатар, адамды әр қырынан көрсететін қасиет. Мінез құрылуының тұрақты заңдылықтарына мотив және ниеттендіру жатады.

Адам физикалық, әлеуметтік, саяси, идеологиялық, экономикалық және басқа да құбылыстары бар қиын және алуан-алуан уақытта өмір сүреді. Бұның барлығын адам  ұната бермейді, барлығы оны қызықтыра бнрмейді.

 Адамның жүріс-тұрысында талғам қалай анықталады? Тұлға белсенділігінің көзі неде? Психологияда бұл сұрақтарға бір жауап -  қажеттілік. Қажеттіліктер түрі өте көп болып келеді. Қажеттіліктер мотивтердің негізі деп айтуға да болады.

Материалдық және моральдік ынталандырмалар еңбек өнімділігінің өсуіне әкеледі, бірақ бұл тек қана тұлға тұрыс-жүрісінің және әрекетінің негізінде жатқан мотивтерге сәйкес келсе.  Адамға еңбекке ынталандырмалар ұсынылмас бұрын, оның жұмыс және бос уақытындағы әрекеттерінің негізінде қандай мотивтер жатқанын біліп алу керек.

Менеджменттің жүрегі – еңбек коллективіндегі мүшелердің жеке және топтық экономикалық мінез-құлқын активизациялаудың мотивациялық механизмі. Мотивациялық механизмінің құрылымы:

- мотивацияның субъекттері мен объекттері;

- экономикалық мінез-құлықтың сыртқы мотиваторлары мен ынталандырмалары.

Жоғарыда айтып кеткендей, қажеттілік мотивтердің негізінде жатады.

Туристік қажеттіліктің дамуына әсер ететін 5 факторлық топтар:

  1. Табиғифакторлар
  2. Демалыс жерінің әлеуметтік-экономикалық дамуы
  3. Туристік индустрияның материалдық базасы
  4. Демалыс жерінің инфрақұрылымы
  5. Туристік ұсыныс.

 

Туристер саяхатқа баруда әртүрлі мақсаттарды көздейді. Әр саяхаттың міндетті шарты – белгілі бір мотивтің болуы.

Туристік мотивацияның негізінде адамның физиологиялық және психологиялық ерекшеліктеріне, құндылықтарына, біліміне және т.б. сәйкес рекреациялық қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсаты жатады.

Туризмнің көптеген түрлері бар және олардың ішінен ең болмаса біреуі туристік қажеттілікті қанағттандырады.  Әр түрлі ұйымдардың туризмге араласуы мотивтерді зерттеуге мүмкіндіктер береді. Туристік мотив тұтынушының рекреациялық қажеттелігінің негізінде жатқанынан, турфирма қызметінің негізінде туристік мотив жату керек.

Саяхаттың мақсаты туристік мотивтің туындысы болып табылады. Қазіргі заманда көпетеген туризмнің түрлері бар, оған сәйкес саяхат мақсаттары да көп, мысалы: демалу, бос уақыт, таным, спорт, емделу, қажылық, іскерлік мақсаттар, қонаққа бару.

Демалыс түрлері туристік мотивациялардың түрлерін жіктеуге мүмкіндік береді:

  1. Денсаулығын күту
  2. Спортпен шұғылдану
  3. Белгілі біо салада білім алу
  4. Өзін-өзі көрсету немесе бекіту, мысалы, сафари, альпинизм, және т.б.
  5. Хобби. Мысалы Швейцариядағы «ірмішік турына» немесе Чехиядағы «сыра турына» бару.
  6. Іскерлік туризм.
  7. Көңіл көтеру жән адамдармен араласу қажеттілігі.
  8. Әуесқойлықты қанағаттандыру.

 

Және де саяхаттардың мақсаты мотивациялық әдістерді келес түрлерге бөле алады:

  1. Демалыс:

- белгілі бір мерзім ішінде жиналған стресстен құтылу;

- табиғи-климаттық жағдай  және қоршаған ортаны ауыстыру;

- жақын адамдардың қасында болу;

- басқа елдің салт-дәстүрлермен, әдет-ғұрыптарымен танысу;

- басқалардың өмір сүру стилін өзінікімен салыстыру, жақсысын, инновацияларын алу;

-өзін жаңа рольде сезіну;

- жаңа әсер алу, кейін ол туралы басқалармен бөлісу;

- құмар ойындарды ойнау;

- .

2.       Таным:

- табиғи ескерткіштерді өз көзімен көру, бағалау, мұражайларға, галереяларға, ұлттық парктерге және т.б.

- экзотикалық, таза немесе экологиялық нашар жерлерге экскурсия түрінде бару;

- экзотикалық флора мен фаунаны көру;

- тарихи объекттерге бару;

- фотосуреттерге, бейнеклиптерге түсу-түсіру.

3.       Ойын-сайық:

- аттракциондарға, тақырыптық  аквапарктерге бару;

- театрларға, цирктерге, казино, кабарежәне т.б. бару;

- карнавал, фестиваль , ұлттық мейрамдарға бару;

- ірі спорт ойындарына бару, қатысу.

4.       Емделу. Денсаулығын күту – адамдардың негізгі қажеттіліктерінің бірі болып табылады:

- сауықтыру(климат, демалыс, денсаулыққа әсер етеін физикалық және моральдік әсерлер);

- емделу қосымша түрде;

- саяхаттың басты мақсаты – емделу.

5.       Қажылық:

- діни ғұрыптарды өткізу, тойлау;

- діни және рухани баю;

- ішкі конфессиалдық мақсаттарға жету;

- иманды көтеру, рухани қуат алу.

Саяхатты жасауда мотивтар адамның жасына, интеллект деңгейіне, қаржылық жағдайына, белгілі бір қоғамға қатынасуы, және т.б. факторларға байланысты болып келеді.

 Адамдар әр түрлі себептермен турист болады, біз оны жоғарыда қарастырып кеттік. Тұлғаның мотивациялық мінез-құлқын түсіну үшін келесі жағдайларды қарастыру керек:

  1. Мотивациялардың түрлерін қарастырып, жіктеу.
  2. Адамның мақсатты әрекетін түсіну.

 



Скачать