Мақсаты: Операциялық жүйе, Windows операциялық жүйесі және оның негізгі объектілері (бума, файл) ұғымдарымен танысу, бумамен, файлдармен , «Сілтеуіш» программасымен жұмыс жасап үйрену. Негізгі ұғымдар: Операциялық жүйе қолданушымен сұхбат ұйымдастыруды, компьютердің аппараттық және программалық ресурстарын басқаруды және олардың өзара үйлесімді жұмыс жасауын қамтамасыз ететін програмалар жиынтығы. Windows – IBM PC платформалы компьютерлерге арналған алғашқы графикалық операциялық жүйелердің бірі. Мұндағы ең қарапайым және негізгі басқару құрылғылары болып тышқан және пернелік тақта есептеледі. Windows жүйесінің көмегімен компьютерді басқара отырып, шағын локальдық желінің қызметін ұйымдастыруға болады және мұнда Интернет желісімен кіріктірілу мүмкіндігі де қарастырылған. Файл деп логикалық байланысқа ие сыртқы жадының мәліметтер немесе программалар жиынтығы орналасқан , өз алдына дербес аты бар атаулы бөлігін айтады. Құрылған файлға ат беріледі және ол файлдық жүйеге тіркеледі. Файлдың аты екі бөліктен тұрады: файлдың атауы және файлдың кеңеймесі (типі), олар бір-бірінен нүкте арқылы ажыратылады.
Скачать |