Трансферттік баға қалыптастыруды мемлекеттік бақылау


Трансферттік баға қалыптастыруды мемлекеттік бақылау

 

Халықаралық іскерлік операциялардағы мемлекеттік табыстың жоғалтуларын жоюын бақылау сұрақтарын Қазақстан Республикасының “Трансфертті бағаларды қолданудағы мемлекеттік бақылау” Заңы реттейді. Заңда “трансфертті баға” түсінігі бағаның ішіне кіреді, ол объективті қалыптасатын нарықтық бағадан мәмілелердің анықталған шеңберін жүзеге асырғанда ерекшеленеді.

Мұндай мємілелерге жататындар:

Трансферттік бағаларды тексеруді жүргізу барысында салық органдарымен қолданылатын нарықтық бағаларды анықтаудың бірнеше әдістері бар.Нарықтық бағаны орнату мүмкін емес болғанда, оған импортер елдің әкелімдік жүктік кедендік декларациясының мәліметтері бойынша баға немесе салыстырылатын шарттардағы осы нарыққа халықаралық іскерлік операцияның басқа қатысушыларының ұқсас тауарларының өткізілуінің орташа бағасы.

Нарықтық бағаны анықтаудың келесі әдісі – бұл шығындық әдіс (“шығын қосу”). Бұған сәйкес тауарлардың нарықтық бағасы өндірілген шығындар мен үстеме бағалар қосындысы ретінде анықталады. Үстеме баға белгілі жағдайда берілген сала үшін пайдалылықтың орташа нормасын қамтамасыз етуі керек.

Шығындық әдіске сәйкес жабдықтаушының тәуелді тұлғаға тауарлар немесе қызметтерді ұсынғандағы шеккен шығындарын қосқандағы мәміле бағасы нарықтық шарттарға сәйкес келуі үшін белгілі бір жиынтық үстеме бағаға көбейеді.

Жалпы шығындық әдістің келесідей артықшылықтарын бөліп көрсетуге болады:

- әмбебап сипат, қызмет көрсету мен жұмысты орындаудағы және тауар өндірісінде қолдану қолайлығы;

- өндіруші (жабдықтаушы) нарықтың жағымсыз әсерінен жекелей түрде қорғалған.

Әдістің кемшілігі, сатып алушылар үшін бағаның жоғарылау мүкіндігінің болуы, бұл шығындарды бақылаудың қосымша тәсілдерін талап етеді.

Үшінші әдіс – соңыра (кейінгі) өткізу әдісі. Берілген әдісті қолдану барысында тәуелді жабдықтаушыдан тауарлар сатып алу бағасы тәуелсіз сатып алушыға соңыра өткізу бағасына сәйкес түзетіледі. Соңыра өткізу бағасы белгілі бір маржаға төмендейді. Бұл маржа мәмілені жасаудың нарықтық шарттары мен шеккен тәуекелдерді ескеретін пайда мен шығындарды жабады. Мұнда тәуелді жабдықтаушыларға бастапқы өткізудің нарықтық бағасы тәуелсіз сатып алушыға кейінгі өткізудің маржаға төмендетілген бағасы ретінде анықталынады.

Пайданы үлестіру әдісі  бір-біріне тәуелді қатысушылар арасында бөлінуші бақыланатын мәміленің пайдасын анықтайды. Мұндағы пайда экономикалық дәлелділікке сәйкес және компаниялардың тәуелсіз болған жағдайындағы  алатын пайдасының негізінде бөлінеді.

Көрсетілген әдіс тәуелді қатысушылар арасындағы мәмілелерді жүргізудің негізгі механизмін ашады, оның көмегімен тексерудің жеткілікті дәрежеде дәлелді нәтижелерін алуға болады. Көбінесе олар жекелеген ұқсастары жоқ жағдайларға (ситуация) қатысты қолданылады. Бірақ оның, компания тобы туралы жалпы ақпаратқа қолжеткізуге негізделгені мен сыртқы берілгендерді қолдануды практикалық түрде талап етпейтіндігімен байланысты, оны айтарлықтай субьективті деп есептейді. Сонымен қатар көрсетілген әдісті қолдану кезіндегі жүйелік бақылаудың жоғалтуларының қандай болатындығы жайлы сұрақ жеткіліксіз түрде талқыланған.

Таза операциялық табыс әдісіне сәйкес нарықтық баға салыстырмалы шарттар жағдайында тәуелсіз қатысушылардың осы мәміледен алатын таза табыстарына сүйеніп анықталады. Таза табысты анықтау келесіге негізделеді:

- активтердің рентабельділігіне;

- таза операциялық табыстың өткізу көлеміне қатынасы;

- басқа көрсеткіштер.

Бұл салыстырудың қатаң параметрлері бар және қиын талдауды талап етпейтін әдіс қызметтің барлық түрлерін қолданылуы және кейінгі өткізу бағасының әдісі немесе шығындық әдістің модификациясы ретінде шығуы мүмкін. Оның кемшіліктеріне ЭЫДҰ қолданылуына ұсынылмайтындығын, біршама біржақтылығын, қаржылық ақпараттың қолжетерлігін (доступность) жорамалдайтындығын, және ең негізгісі, баға мен пайданың қиын өзарабайланыстылығын көрсететіндігін жатқызуға болады.

Алдын-ала анықталған формулаға негізделген әр түрлі елдердегі өзарабайланысты қатысушылар арасындағы мультиұлттық корпорациялардың пайдасын бөлу еңбекақыға, сату көлемі мен активтерге негізделіп есептелінеді, глобальді пропорционалды бөлу әдісіне сәйкес шығарылады.

Кедендік және салық органдары тауарларға қолданылатын бағалардың бақылауын үнемі жүргізуге кедендік органдардың мәліметтері мен халықаралық іскерлік операцияларға қатысушылардың ұсынатын ақпарларын негіз етіп алады.

Халықаралық сауда операцияларының қатысушылары берілген мәміленің бағасын растайтын құжаттар мен қолданылатын бағаның экономикалық дәлелдерін алдын-ала өкілеттік органдарға ұсынуларына болады (Нарықтық бағаның анықталуы, шарттардың келісімін және бағаны анықтаудың әдісін таңдау). Біздің республикамыздың экспорттық шикізаттық бағытты ұстанғанымызды ескеріп құрастырылған, мониторингқа жататын заңдық түрде бекітілген тауарлар тізімі бар.

Оларға жататындар:

- мұнай және мұнай өнімдері (шикі мұнай, газдалған конденсат, бензин, мазут, дизельдік отын);

- мұнай газдары (сұйылтылған және табиғи газдар);

- түсті металдар (мыс, хром, магний, қалайы, галлий, титан. мырыш, бериллий, рений, тантал);

- қара металдар (көміртегі құрышынан (болат) тегіс прокат, қара металл бұйымдары);

- ферроқорытпалар;

- қымбат металлдар (алтын, күміс);

- концентраттар мен кендер (темір, қалайылық, марганецтік, мырыштық және хромдық);

- неорганикалық химия өнімдері (алюминий оксиді, хром гидрооксиді мен оксиді, уран);

- дәнді астық (бидай);

- мақта (түкті мақталы талшық);

- жоғарыда көрсетілген тауарлардың экспорты және импортымен байланысты жұмыстар мен қызметтер.

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасында трансфертті бағақалыптастыруды мемлекеттік бақылаудың заңдық реттеу механизімінің негіздері бүтіндей жасалған. Мұнда біздің республикамыздағы трансфертті бағаларды қолдану бөлігіндегі мемлекеттік бақылау басқа әлем мемлекеттерімен салыстырғанда мәмілелердің кеңірек шеңберін қарастырады.

 


Скачать