Сұраныс пен ұсыныс негіздері. Сұраныс пен ұсыныс икемділігі
Сұраныс пен ұсыныс негіздері. Сұраныс пен ұсыныс икемділігіДәрістің мақсаты: Сұраныс пен ұсыныс негіздерін, мәнін анықтау.Сұраныс және ұсыныс қисығын меңгеру. Тақырыпқа сұрақтар:
Тақырыпқа қысқаша мазмұндама (тезистер): Рыноктық сұраныс белгілі уақыт аралығында анықталған бағамен қандай да бір өнім санын тұтынушының қалауы және сатып алу мүмкіндігі. Сұраныс заңы – товар бағасы мен сұраныс көлемі арасындағы кері байланыс. Детерминант – сұранысқа әсер ететін бағадан басқа факторлар. Сұраныс детерминанттары сұраныс көлемін өзгертеді, график түрінде оңға жоғаы орын ауыстырса, сұраныс көлемінің өскенін; солға қарай төмен орын ауыстырса, кемігенін білдіреді. Негізгі сұраныс детерминанттары: мода және рекламаның әсерінен тұтынушының талғамының өзгеруі; тұтынушының саны; товардың бірін-бірі толықтыратын немесе алмастыратындығына байланысты. Егер товарлар бірін-бірі алмастыратын болса, біреуінің бағасының қымбаттауы екіншісіне деген сұранысты көбейтеді, ал егер товарлар бірін-бірі толықтыратын болса, біреуінің бағасының қымбаттауы екіншісіне деген сұранысты азайтады; тұтынушының кірісі жоғарлаған сайын сапалы, қымбат товарға сұраныс көбейеді; тұтынушының болашақтағы баға өзгерісі мен кіріс өзгерісінің күтуі. Рыноктық ұсыныс белгілі уақыт аралығында, белгілі өнім санын, анықталған бағамен өндірушінің рынокқа шығаруы. Ұсыныс заңы – товар бағасы мен ұсыныс көлемі арасындағы тура байланыс. Негізгі ұсыныс детерминанттары: ресурстардың бағасы; технология; салықтар мен дотациялар; басқа товарлардың бағасы. Рыноктық тепе-теңдік QD=QS, бұнда тұтынушының жоспары мен өндірушінің рыноктағы ұсыныс көлемі бір-біріне сәйкес келеді. Икемділік – тұтынушының рыноктағы товар бағасына сезімталдығын өлшейді. Ол үшін баға бойынша сұраныс икемділігі коэфиценті қолданылады. Бұл коэффицент баға 1%-ке өзгергенде сұраныс көлемі неше %-ке өзгеретіндігін өлшейді. Егер Ed>1 болса, баға бойынша сұраныс икемді деп аталады. Егер Ed<1 болса, баға бойынша сұраныс икемсіз деп аталады. Егер Ed=1 болса, оны бірлік икемділік. Егер Ed=0 болса, оны абсолютті икемсіз. Егер Ed=∞ болса, оны абсолютті икемді. Сатудан түскен ақша көмегімен Ed бағалауға болады: Бақылау сұрақтары:
Әдебиеттер тізімі
Скачать |