Сыртқы әсерлер теориясы
Сыртқы әсерлер теориясыНарық механизмдері дербес қабылданған шешімдерді бір-бірімен келістіре отырып шектелген экономикалық ресурстарды тиімді қолдануға жағдай жасайды. Соған қарамастан нарық механизмдерінің көмегімен шеше алмайтын проблемалар да кездеседі. Кейбір тауарлар мен қызметтер ұтымды мөлшерден артық өндірілсе, кейбіреулері кем өндіріледі. Оны нарықтың кемшілігі деп те атайды. Тақырыпта сыртқы әсерлер теориясының мәнін аша отырып, жағымды және жағымсыз әсерлерді реттеу механизмдерін және олардың тиімділігін талдаймыз. Тақырыпта қарастырылатын сыртқы әсерлер теориясының практикалық маңызы зор. Жағымды және жағымсыз әсерлерді реттеу қоршаған ортаны қорғау және қоғамдық игіліктерді тұтыну деңгейін көтеру мәселелерін шешуге көмектеседі. Нарық тиімді қызмет істеу үшін тауарлар мен қызметтердің бағалары, олардың альтернативті құнын көрсетулері керек. Баға арқылы өндірілген өнімнің ең болмағанда альтернативті құны қайтарылмаса, өндірушінің тауарды өндіруге ынтасы болмайды. Көп жағдайларда тауарлар мен қызметтерді өндіру немесе тұтыну барысында пайда болатын шығындар мен пайдалылықтар нарықтағы бағада есептелінбей қалады. Нарықтағы бағада есептелінбеген шығындар мен пайдалылықтары сыртқы әсерлер дейді. Бағада есептелінбеген шығындар мен пайдалылықтарды тауарлар мен қызметтерді өндіру мен тұтынуға ешқандай қатысы жоқ үшінші адамдар көтереді (шығын) немесе тегін алады (пайдалылық). Сыртқы әсерлер жағымсыз және жағымды әсерлер болып екіге бөлінеді. Жағымсыз сыртқы әсерлер (экстерналии) – бұл өнімнің бағасында есептелінбеген өндірісте қолданылған ресустардың құны. Жағымсыз сыртқы әсерлердің зардабын өндірілген өнімге ешқандай қатысы жоқ адамдар шегеді. Жағымсыз сыртқы әсерлердің мысалы ретінде қоршаған ортаны ластауды келтіруге болады. Мысалы, кәсіпорын өндіріс қалдықтарын көлге тастайды. Көлді қолданудың альтернативті құны өндірілген өнімнің шекті шығынының құрамында есептелінбейді. Яғни, көлді қолданудың шекті шығыны өнімнің бағасынан тыс қалады. Көлге өндіріс қалдықтарын тастаудан, одан балық аулап күн көретін, көл жағасында демалып, суға шомылатын адамдар зардап шегеді. Жағымсыз сыртқы әсердің көптеген мысалдарын келтіруге болады. Қалада жүретін машиналар, қала ішінде немесе оның маңында орналасқан кәсіпорындар ауаны ластайды, одан қала тұрғындары әр түрлі зардаптар шегеді. Өндіріс қалдықтарын қоршаған ортаға тастау фирмаларға арзанға түседі немесе мүлдем тегін болады. Егер фирма қалдықтарды жоятын технология қолданса, ол оған қымбатқа түсер еді. Қоршаған ортаны ластайтын қалдықтар көбейген сайын оларды жоюдың шекті шығыны төмендейді. Ол қалдықтарды жоятын қымбат технологияны қолдануға аса ынта туғызбайды. Кейбір экономистер қоршаған ортаны ластаудың оптимальды мөлшерін анықтау туралы ұсыныс жасайды. Қазіргі кезеңде қоршаған ортаны мүлдем ластамау мүмкін емес болғандықтан, қалдықтарды қоршаған ортаға тастаудың оптимальды мөлшерін анықтау қажет деген ой айтылады. Оның мәнін 13.1.1 суретіндегі графиктен көреміз. Графикте қоршаған ортаны ластаудың шекті әлеуметтік шығыны мен қалдықты қоршаған ортаға тастаудың шекті құны көрсетілген.
Е нүктесінде қалдықты қоршаған ортаға шашудың шекті құны ластаудың шекті әлеуметтік шығынына тең. Демек, осы теңдікпен ластаудың оптимальды мөлшері анықталынады. Егер ластау мөлшері оптимальды мөлшерден асып кетсе, қоршаған ортаны өосымша ластаудың шығыны оның пайдасынан көп. Яғни, Е нүктесінің оң жағында ластауды төмендету қажет және оған бағытталған қаржы орынды деп есептелінеді. Ал егер ластау мөлшері оптималды мөлшерден кем болса, қоршаған ортаға тастаған қалдықтың шекті құны әлеуметтік шығыннан көп. Сондықтан Е нүктесінің сол жағында ластауды төмендету қажет емес және оған бағытталған қаржы тиімсіз болады деген ойлар айтылады. Қоршаған ортаны ластаудың оптимальды мөлшерін анықтау туралы ұсыныстың қаншалықты дұрыс немесе дұрыс емес екенін 13.2 параграфта қарастырылатын материалдарды қолдана отырып айта аламыз. Енді жетілген бәсекелі нарықтағы жағымсыз және жағымды сыртқы әсерлердің салдарын талдаймыз. өнімді өндіруге және тұтынуға байланысты барлық шығындарды (өндірушінің, тұтынушының және үшінші адамдардың) әлеуметтік (қоғамдық) шығындар дейміз (TSC). Ол жалпы жеке шығын (TPC) мен жиынтық сыртқы шығынның (ТЕС) қосындысы:
TSC=TPC+TEC.
Қоршаған ортаны ластайтын өнім көлемі өскен сайын жиынтық сыртқы шығын (TEC) шекті сыртқы шығынның (MEC) мөлшеріне өседі. Демек өнім көлемі өскен сайын қоршаған ортаның ластануы да өседі. Әрбір қосымша өндірілген өнімнің шекті сыртқы шығыны (MEC) өндіруші емес, өндіруге және тұтынуға қатысы жоқ үшінші адам көтереді. Шекті сыртқы шығынның мөлшерін анықтау үшін жиынтық сыртқы шығынның өзгерісін өнім көлемінің өзгерісіне бөлеміз: MEC=∆TEC/∆Q
Шекті сыртқы шығын мөлшері өссе, шекті әлеуметтік шығын да (MSC) өседі: MSC=∆TSC/∆Q Өндірушінің шекті жеке шығыны:
MPC=∆TPC/∆Q
Яғни, шекті әлеуметтік шығын өндірушінің шекті жеке шығыны мен шекті сыртқы шығынының қосындысы:
MSC=MPC+MEC
Шекті сыртқы шығын өнім көлемі өскен сайын бір деңгейге өседі деп жорамал жасай отырып, 13.1.2 суретіндегі графиктің көмегімен жағымсыз сыртқы әсердің салдарын көруге болады. өнімге сұраныс тұтынушыларға әкелетін шекті қоғамдық пайдалылықты (MSB) көрсетеді. Өнім ұсынысының қисығы жеке өндірушінің шекті шығынын көрсетеді (MPC). 13/1.2 суретінде жағымсыз сыртқы әсер туғызатын өнімге сұраныс пен ұсыныс көрсетілген. Z¹ нүктесінде шекті шығын мен шекті қоғамдық пайдалылық тең: MSB=MPC. Q¹ мың дана өнім өндіріледі және нарықтағы бір дана өнімнің тепе-тең бағасы 100 теңге. 13.1.2 суретінде көрсетілгендей, жағымсыз сыртқы әсер туғызатын өнімдердің шекті қоғамдық шығыны (MSC) шекті жеке шығыннан (MPC) көп. Себебі өндірушінің шекті жеке шығынының құрамында шекті сыртқы шығын (MEC) есептелінбейді. Әрбір өнімнің шекті сыртқы шығыны 10 теңге болса, Qˡ мың дана өнімнің жиынтық сыртқы шығыны (жағымсыз сыртқы әсер немесе зиян) ABZˡC төртбұрышының ауданына тең болады. Нарықтағы тепе-тең жағдайда шекті қоғамдық шығын (MSC) шекті қоғамдық пайдалылықтан (MSB) көп. Олардың теңдігі Z² нүктесінде Q² өнім көлемін өндіргенде қамтамасыз етіледі. Демек, өндірілген өнім көлемі тиімді өнім көлемінен артық. 13.1.2 суретінде көрсетілген Q¹ мың дана өнім көлемі өндірілгендегі зиян ZˡZ²B үшбұрышының ауданына тең. Егер өнім көлемін тиімді деңгейге дейін қысқартсақ, Z¹Z²B үшбұрышының ауданына таза ұтыс болар еді. Егер жағымсыз сыртқы әсер туғызатын фирма оның қызметін зардап шегетіндерге әрбір өнім үшін 10 теңге төлейтін болса, фирманың әрбір өніміне 10 теңге салық (T) салынса, оның шекті шығыны өседі: MSC=MPC+MEC=MPC+10 теңге.
Бұл жағдайда фирма өнім көлемін тиімді деңгейге деін қысқартады, өнімнің бағасы 100 теңгеден 106 теңгеге өседі. Қоршаған ортаны ластау DZ²FG төртбұрышының ауданына тең мөлшерге қысқарады, бірақ толығымен жойылмайды. Нарықтағы баға 106 теңгеге көтерілгенде, фирма үшін өнім көлемін қысқарта отырып, әрбір өнімге 10 теңге салық төлеу пайдалы болады. Сонымен, тиімді өнім көлемін шекті қоғамдық шығын мен шекті қоғамдық пайдалылықтың теңдігімен анықтауымыз керек: MSB=MSC. Ол Z² нүктесіне сәйкес келеді, оптимальды өнім көлемі Q² мың дана өнімнің нарықтағы бағасы 106 теңге болуы керек. Жағымсыз сыртқы әсер болған жағдайда тиімділікке қол жеткізудің алғышарты:
MPC+MEC=MSC=MSB Жетілген бәсекелі нарықта жағымсыз сыртқы әсердің болуы шекті жеке шығынның құрамында шекті сыртқы шығынды есептемеуге әкеледі. Осы себептен өнім көлемі тиімді мөлшерден көп өндіріледі және оның бағасы төмен болады. Жағымсыз сыртқы әсердің болуы шектелген экономикалық ресурстардың тиімсіз қолданылатынын көрсетеді. Игіліктердің бағасында есептелінбейтін пайдалылықты жағымды сыртқы әсер дейді. Игіліктерді өндіруге немесе тұтынуға қатысы жоқ үшінші адам ешқандай шығын шығармай-ақ пайдалылық (полезность) 13.1.3 суретіндегі графикті талдау арқылы көрсетеміз.
Нарықтағы тепе-теңдік Z¹ нүктесіне сәйкес келеді. Жағымды сыртқы әсер туғызатын өнім көлемі Q¹, ал тепе-тең баға 250 теңге. Жағымды сыртқы әсердің мөлшері ABZ¹C төртбұрышының ауданына тең. Жағымды сыртқы әсер туғызатын өнімнің ұсынысы шекті қоғамдық шығын (MSB) мен шекті жеке пайдалылықпен анықталады (MPB). Шекті жеке пайдалылық (MPB) шекті қоғамдық пайдалылықтан (MSB) аз. Шекті сыртқы пайдалылық үшінші адамдардың тегін алатын пайдалылығы нарықтағы бағада есептелінбейді. Сондықтан нарықта ұсынылатын өнім көлемі тиімді өнім көлемімен төмен: Q¹ < Q² . Демек, жағымды сыртқы әсер туғызатын өнім қоғамдағы шектелген ресурстардың тиімсіз қолдануына әкеледі. Тиімді өнім көлемі Z² Скачать |