Салықтар және салық жүйесін ұйымдастыру


Салықтар және салық жүйесін ұйымдастыру

 

Жоспар 1. Салықтардың түсінігі және экономикалық мәні 2. Салықтардың қызметтері 3. ҚР салық жүйесі Лекцияның мақсаты: салықтардың экономикалық мәнімен қызметтерімен және олардың қаржылық ресурстарды қалыптастырудағы атқаратын ролімен танысу. ҚР салық жүйесінің артықшылықтары мен кемшіліктерімен танысу

Лекцияның мазмұны

1.    Салықтардың түсінігі және экономикалық мәні Салықтар– бұл мемлекеттің заңды негізде жүзеге асыратын, заңды және жеке тұлғалардан алынатын қайтарусыз сипаттағы міндетті төлемдері мен алымдары. Олар заңды және жеке тұлғаларды мемлекеттің қаржылық ресурстарын қалыптастыру барысына қатынасуын міндеттейді. Салықтық түсімдер арқылы мемлекеттің қаржы ресурстары қалыптасып, бюджет  пен бюджеттік қорларда шоғырланады. Осыған сәйкес салықтарды экономикалық мәні бір жағынан шаруашылық субъектілер мен азаматтардың, екінші жағынан мемлекеттік қаржыларды қалыптастыру бойынша мемлекеттің  өзара қатынастарын көрсетеді. Сонымен қатар салықтық төлемдердің көздері ұлттық табыстың бір бөлігін құрайды. Ұлттық жиынтық табыс қоғамдық өндірістің негізгі қатысушыларының бастапқы ақшалай қаражаттарын құрайды. Жиынтық өнімнің құндылықты бөлістірілу үрдісі бастапқы ақшалай қорлардың қалыптасуымен шектелмейді; қоғамдық өндірістің негізгі қатысушыларының ақшалай қаражаттарын мемлекет пайдасы үшін жұмысшылардан – табыс салығы, зейнетақы мен сақтандыру қорларына аударымдарды (егер бұл қорлар мемлекеттік болса), ал шаруашылық субъектлерден –пайдаға салынатын салық пен басқа да төлемдер түрінде бөлістіреді. Кәсіпорындардың ақшалай жинақтары материалдық өндіріс үрдісіндегі қоғамның таза табысын сипаттайды. Олар мемлекеттік бюджеттің кірістерінің негізгі көзі болып табылады. Бюджетпен қаржылық есеп –айырысудан қалғаннан кейінгі қалған ақшалай қаражаттар кәсіпорынның меншікті қаражатында қалады. Осыған сәйкес кәсіпорындар барлық салықтарды пайдасынан төлесе, жеке тұлғалар — өздерінің табысынан төлейді.    Салық төлеушілердің барлық саны- салық органдарында тіркелген заңды тұлғалардың; жеке азаматтардың, кәсіпкерлердің жиынтық санымен анықталады. Салықтар нақты және жеке салықтарға бөлінеді. Нақты салықтар – Бұл мүлікке салынатын салықтар. Бұл салықтар мүліктен немесе кірістен алынады. Оның негізгі ерекшелігі салық салуда салық төлеушінің қаржылық жағдайы есепке алынбайды. Жеке салықтарға  халықтың кірістерінен алынып, салық төлеушінің төлемқабілетттілігін ескереді. Салықтың ұйымдастырушылық нысанына: салық объектісі – бұл салықтың алыну көзі болып табылады(табыс және мүлік және т.б.); салықтың төлену көзі – салық төленетін қор  немесе қаражат (ағымдық кіріс, несие және т.б.);  салық базасы  -  салықсалду объектісі мен салық салуға байланысты объектінің құндық, заттай  немесе өзге де сипаттамалары; салық мөлшерлемесі– салық базасының өлшембірлігіне салық есептеулерінің шамасын білдіреді;  салық салу субъектісі – салықты және басқа да төлемді төлеуші тұлға. Әрбір салықтың келесідей құрамдас бөліктері (элементтері) бар: Салық субъектісі немесе салық төлеуші – салықты және басқа да төлемді төлеуге міндетті заңды және жеке тұлғалар. Салық объектісі – бұл салықтың алыну көзі(табыс, өнім және мүлік т.б.).  Салықтың саны мен аталуы объектіге байланысты қалыптасады. Мысалы, мүлік, табыс салықтары Салық көзі – субъектінің салық төлейтін кірісі (еңбек ақы, пайыз, рента). Салық өлшемі -  есептеу үшін белгіленген салық объектісін өлшеу бірлігі (тенге, табыс, айналым, т.б., жержің 1 гектары, тауарды өлшеу бірлігі және басқалары). Салық мөлшерлемесі  салық базасының өлшем бірлігіне салық есептеулерінің  шамасын білдіреді. Салық салу тәжірибесінде салық мөлшерлемесінің тұрақты, үйлесімді,  прогрессивті және регрессивті   түрлері жиі қолданады. Тұрақты (берік) салық мөлшерлемесі. Олар табыс көзіне қарамастан  салық салу бірлігіне абсолютті сомада белгіленеді.  Мысалы, мұнай тоннасына тұрақты мөлшерлеменің екітілуі. Үйлесімді салық мөлшерлемесі. Олар салық объектісіне бірдей пайыздық қатынаста іс -әрекет етеді. Прогрессивті салық мөлшерлемесі   Салық мөлшерлемесі табыстың өсуіне сәйкес артып отырады. Регрессивті салық мөлшерлемесі. Салық мөлшерлемесінің бұл түрі табыстың өсуіне қарай төмендейді.    Төленуі бойынша  салықтар тікелей  және жанама салықтарға бөлінеді. Тікелей салықтар субъектінің кірісі мен мүлкінен тікелей төленетін салықтар (табыс салығы, мүліке салынатын салық, қосымша құнға салық). Жанама салықтар –  бағаға немесе тарифке үстеме түрінде белгіленген  салық төлеушінің кірістеріне тікелей байланысты емес салықтар (акциздер). Пайдалану тәртібіне қарай салықтар  жалпы және арнаулы салықтарға бөлінеді.  Жалпы салықтар тиісті деңгейлердің ағымдық және капиталдық шығындарын қаржыландыру үшін пайдаланылады және тиісті бюджеттерде шоғырландырады. Арнаулы (мақсатты) салықтардың нысаналы  бағыты болады. Мысалы, зейнетақы төлемдерін қалыптасытру үшін пайдаланылатын әлеуметтік салық. Салық механизмі (тетіктері) бұл салық салу әдістерінің, тәсілдерінің, заңды актлермен нұсқамалық-әдістемелік құжаттардың жиынтығы Салық механизмінің құрамдас бөліктерін (элементтерін) екі топқа бөлістіруге болады: 1. Салық механизмінің негізгі элементтері 2. Қосалық элементтері, олар нақты салық механизміне артықшылықтарын айқындап, орындалуын сипаттайды. Негізгі топқа жататындар: •         салық салудың құқықтық негіздері •         салық салу субъектілері •         салық салу объектілері •         салық салу нормалары •         салық салу тәртіптері жатады.

Қосалқы құрамдас  бөліктерге (элементтерге): Ø     салық салу бойынша жеңілдіктер Ø     объектіні есептеу ерекшеліктері Ø     салықтық төлемдер түсетін бюджет немесе қорлар Бүгінгі уақытта Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін міндетті төлемдер туралы» Кодексіне  (1995ж. 15. 04.2005ж.) сәйкес салықтардың келесідей түрлері бар:

1. Жалпы мемлекеттік салықтар •    Корпоративті табыс салығы •    Жеке түлғалардың табыс салығы •    Қосымша құнаға салық •    Акциздік салықтар •    Әлеуметтік салық •    Жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы салығы

2.    Жергілікті салықтар v    Жер салығы v    Заңды және жеке тұлғалардың мүлік салығы v    Көлік құралдарына салынатын салық

Салық қаражаттарын бюджетке шоғырландыруға қатынасатын арнайы органдарға келесілер жатады: 1.    ҚР  қаржы министрлігінің салық қызметі 2.    ҚР  қаржы министрлігінің салық қызметі бойынша салық полициясы 3.    ҚР  қаржы министрлігінің валюто-қаржылық бақылау Комитеті 4.    Құқық қорғау органдары 5.    ҚР кеден комитеті 6.    ҚР Ұлттық банкі 7.    Сот органдары 3.    Салықтардың функциялары Салық функциялары  – бұл оардың әрекетке келуі мен қасеттерінің жүзеге асырылу ерекшеліктері. Салық жүйесінің даму тарихында олар үш негізгі функцияны атқарады – фискалдық, реттеуші және қайта бөлу функциялары. Салық жүйесінің белсенділігі оның екі негізгі  фискалық және реттеушілік қызметтерін атқаруда  айқын көрінеді. Фискалдық функция мемлекеттердің шығындарын жабуға қажетті қаражаттармен  үшін барлық деңгейдегі бюджеттерді қамтамасыз етеді. Салықтың бұл қызметі салық төлеушілерді  мемлекет алдындағы міндеттейді. Салықтардың реттеуші функциясы мемлекетте экономиканы ынталандыруына пайдаланып, ұлттық табысты қайта бөлу үшін пайдаланады. Басқа сөзбен айтқанда реттеуші (ынталандырушы) қызмет  мемлекеттің ұлғаймалы өндіріс үрдісіне директивті ықпал ету түрінде емес, инвестиция ағынын экономиканың басқа да, салаларында басқару сипатында және халықтың төлем қабілетті сұранысын арттыру мен кеміту барысында көрінеді.  Жоғарыда келтірілгендерді талдай келе, салық жүйесі бұл, мемлекет пен шаруашылық субъектлердің, азаматтардың арасындағы салықтар, алымдар және салықтық сипаттағы төлемдер; салық салу әдістері мен тәсілдері; салық заңдылығы бойынша заң актлерін жүргізу сонымен қатар салық қызметін жүзеге асыру аясындағы барлық қаржылық қатынастарының жиынтығы.

3. Қазақстан Республикасының салық қызметі Салық жүйесі бұл мемлекет пен шаруашылық субъектлері және жеке тұлғалар  арасындағы қаржылық қатынастардың; салықтар, алымдар және салықтық сипаттағы алымдар мен басқа да төлемдердің; салық заңдылығының әдістері мен нысандарының,  сонымен қатар қаржылық қатынастарды басқаруды жүзеге асыратын салық қызметі мен басқару органдарының жиынтығы. Қазақстаннның салық жүйесі тәуелсіздік алған уақыттан бері қалыптасып,  әлі күнге дейін толықтыру мен жетілдіруді қажет етеді. Елімізде бұрын-соңды салықтық қатынастардың дамымауы, еліміздегі салық жүйесінің &laq 



Скачать