Салыстырмалы статика және сұранысты талдау


Салыстырмалы статика және сұранысты талдау

 

Дәрістің мақсаты: пәнді оқыту мақсаты салыстырмалы статика мәні мен құрылымын, сұранысты талдау әдістерін  меңгеру. 

Тақырыпқа сұрақтар:

  1. Табыс әсері және ауыстыру тиімділігі
  2. «Табыс-тұтыну» сызығы және Энгель қисықтары
  3. «Баға-тұтыну» сызығы. Жеке және нарықтық сұраныс қисықтарын тұрғызу

Тақырыпқа қысқаша мазмұндама (тезистер):

Шынайы өмірде «сұраныс ұсыныс» моделінде есепке алу мүмкін емес көптеген ситуациялар кездеседі. Әртүрлі рыноктарда бағаны мемлкет реттеуге қатысуы мүмкін. Оны бағаны мемлекеттік реттеу саясаты деп атайды. Формалары: товар салығын енгізу; товарға дотация белгілеу; қатаң анықталған баға белгілеу. Соңғысы экономиканы тікелей реттеу тәсілі, қалғандары жанам әдістер деп аталады.

Товарға салық белгілеу процент түрінде товар бағасына есептеледі, мысалы: салық 15% болса, товар бірлігі 100 теңге болғанда төленетін салық сомасы 15 теңге. Салықты тұтынушы төлейді, сатушы кірісі 100 теңге, мемлекет бюджетіне түсетін сома 15 теңге.

Мемлекеттік бюджет халық пен ұйымдардың төлеген салықтарынан тұратын ақша қаражаттары. Бұл қаражаттар мемлекетпен оның азаматтарының өмір сүруін қамтамасыз етеді.

Товар салығы абсолютті өлшемде де болуы мүмкін. Мысалы: товар бағасы 3 000 теңге, салық ставкасы 1 000 теңге болса, салық салынғаннан кейінгі товар бағасы 4 000 теңге.

Мемлекттің тоавар салығын енгізуі тепе — теңдік сауда көлемін қысқартады, бағаны қымбаттатады, сатушы алатын баға төмендейді.

Дотация және субсидия деген мемлекет әлеуметтік және стратегиялық маңызды товарлар мен қызметтер өндірушілерді қолдау үшін бөлетін ақша. Товарға дотация енгізу рыноктағы тепе теңдік сауда көлемін өсіреді, баға қымбаттайды, сатушы төлейтін баға төмендейді.

Қатаң анықталған баға тепе теңдік бағадан төмен немесе жоғары белгіленуі мүмкін. Сатушы өзге бағаны қолдана алмайды. Егер баға теңдік бағадан жоғары болса, товар артықшылығы пайда болады. Бұндай саясаттың салдары тағы да тұтынушының мойнына түседі. Мемлекет белгілеген баға теңдік бағадан төмен болса, товар тапшылығы пайда болады.

Егер товарға деген сұраныс икемділігі товар ұсынысы икемділігінен төмен болса, салық ауыртпашылығы тұтынушыға көбірек түседі.

Егер товарға деген сұраныс икемділігі товар ұсынысы икемділігінен жоғары болса, салық ауыртпашылығы товарды өндірушіге көбірек түседі.

Бақылау сұрақтары

  1. Мына түсініктерге анықтама беру: тауардың шекті пайдалылығы, қалыпты тауарлар, сапасыз тауарлар, Гиффен тауары.
  2. «табыс-тұтыну» қисығы, «баға-тұтыну » қисығы нені көрсетеді.
  3. Тұтынушының пайдалылық функциясы.

Әдебиеттер тізімі:

  1. Мамыров Н.К., Кулекеев Ж.А., Султанбекова Г.К. Микроэкономика. — Алматы: Экономика. КазГАУ, 1997
  2. Микроэкономика. Практикум. Задачи, тесты, ситуации. — СПб.: Литера плюс, 1994
  3. Мухамедиев Б.М. Микроэкономика. — Алматы.: Казак университетi, 2001
  4. Нереев P.M. Курс микроэкономики. — М.: Норма, 2001
  5. Пиндайк Р., Рубенфельд Д. Микроэкономика. — М.: Дело, 2001
  6. Есенғалиева Қ.С. Микроэкономика – Алматы: 2007
  7. Құдайбергенова К.С. Микроэкономика
  8. Фишер С., Дорнбуш Р., Шмалензи Р., Экономика. — М.: Дело, 2001
 


Скачать