Нарықтың даму тарихы және теориясы
Нарықтың даму тарихы және теориясыНарықты зерттеу және сегменттеу - ертеден келе жатқан шаруашылықты жүргізу құралы, оның дамуының өзіндік бай тарихы бар. Нарықтың қалыптасуы айырбас пен қоғамдық еңбек бөлінісінің дамуымен байланысты. Нарық қатынастарының дамуын мынадай негізгі кезеңдерге бөлуге болады: а) нарық элементтерінің пайда болуы, б) натуралдық айырбас кезеңі нарығы, в) тауар баламасы кезеңінің нарығы, г) тауар емес балама кезеңінің нарығы. Бірінші кезеңде айырбас операциялары тұрақсыз, кездейсоқ болады, олар өндірістің шарттары болып табылмайды. Құндық қатынастар, әрбір жеке сауда – саттық көріністерге кездейсоқ болды. Екінші кезеңдегі тауар қозғалысын мына формула бойынша Т1 - Т2 көрсетуге болады. Балама айырбас көбіне – көп өндірістің шарты бола бастайды. Осының нәтижесінде қоғамдық қажетті шығындар категориясы калыптасады. Құнның субстанциясы әлі де болса тауардың бір түрімен біртұтас болып бірігіп кеткен жоқ, сондықтан “таза” құнның иеленушісі болып бірнеше тауарлар көрінуі мүмкін. Үшінші кезеңдегі тауар тепе – теңдігі мына айырбас формуласы бойынша Т1 - Т2,, балама Т2. Әрбір жергілікті нарыққа балама тауардың бір түріне тән. Ол ерекше тұтыну қасиетіне байланысты әрдайым тауарлардың ортасынан ығысып шығып қалып отырады. Бұл кезеңде “таза” құн өзінің иеленушісінің белгілі бір заттық формасымен біртұтас болып бірігіп кетеді, оған тауар қабығынсыз өмір сүре алмайтын “шығындық емес” деп бөлінетін құрамалары байланады. Дүниежүзілік нарықтың қалыптасуымен құнның жеке дара иеленушісі қызметін алтын атқара бастайды. Төртінші кезеңдегі тауар қозғалысының формуласы Т1 тауар емес балама Т2. Алтынға тікелей айырбастың тоқталуымен, құнның “таза” иеленушілері – несие ақшалар өзінің “тауарлық” мәнін жоғалтады. Былайша айтқанда, құнның өзінің заттық иеленушісінің оқшалануы қазіргі замандағы нарықты сипаттайтын құбылыс болып табылады. Сонымен бірге нарықты стихиялы түрде дамушы немесе нарық, монополия нарық, реттемелі нарық деп бөледі. Стихиялы нарық капитализмнің алғашқы кезеңінде болды, оған еркін тауар өндірушілер мен сатып алушылар, еркін бәсеке мен еркін бағалар тән болды. Стихиялы нарықтың идеологы, әлемдік зерттеу және сегменттеу теорияның негізін қалаушы Адам Смит (1723 – 1790 ж.ж.) өзінің “Халықтар байлығының табиғаты мен себептері туралы зерттеу” деген басты еңбегінде – жеке меншік иелерінің байлықты көбейтудегі мүддесі өндірісті дамытудың және оны қоғамдық қажеттіліктерге лайықтаудың қозғаушы күші болып табылады деп жазған болатын. Сонымен бірге А.Смит, екі кәсіпкер немесе саудагердің арасындағы әңгіме әрқашанда бағаны өсіру ниеттігіндегі даумен аяқталады деп кқрсетті. Оның пікірінше, мемлекет мұндай даулы мәселелерді шешуге араласпауы керек, ол тек қана жалпы тәртіпті қамтамасыз ететін “түнгі күзетшінің” рөлін атқаруы қажет. Монополиялық нарық XIX ғасырдың алғашқы кезеңінде өмір сүрді. Нарықтың бұл түрінде еркін бәсеке шектеледі, ал ол зерттеу және сегменттеудағы сапалық және сандық өзгерістердің динамикасына кері әсер етеді. Өндірістегі монополиялық үстемдік ғылыми – техникалық прогрестің баялауына бағаның өсуіне, тауар тапшылығына, ал түптеп келгенде, қоғамның барлық қайшылықтарының шиеленесуіне әкеліп соқтырады. Қазіргі заманғы өркениетті елдерге реттемелі нарық тән болып отыр. Оны тек қана еркін өндірушілер мен тұтынушылар, еркін бәсеке мен бағалар ғана емес, сонымен бірге - өнім өндіруге мемлекеттік баға белгілеу, нарық конъюнктурасын зерттейтін маркетингтік қызметті еңгізу, өндірістің көлемін тікелей шарт жасау негізінде реттеп отыру, әртүрлі кәсіпорын ассоцияларын, жарнама – ақпараттық жүйелерді құру арқылы реттеуде мемлекеттің шешуші рөлін атап көрсету керек. Нарық қатынастарының пайда болуының ең басты шарты - өндіріс құрал – жабдықтарына жекеменшік. Ал Қазақстандағы өндірістік қатынастардың негізі жерге феодалдық меншік болды ірі- ірі мал иелері жердің де аса ірі меншіктенушілері болды. Көшпелі мал шаруашылығы жағдайында жер өндірістің шарты ғана емес, сонымен бірге негізгі құралы да болды. Тереңдей түссек меншіктік бөлінісу Қазақстанда тауарлы ақша қатынастардың белгілі бір дәрежеде өріс алуына, өркендеуіне жағдай жасады. Шындығында айырбас, сауда қатынастары қазақ даласында ерте кезде пайда болды. Айырбас ісінде негізгі бұйым мал болды. Академик С. Бәйішевтің мәліметтері бойынша Қазақстанда малмен сауда жасау, әсіресе XVI ғасырдан бастап мықтап өріс алған, оның едәуір бөлігі айырбас шетке шығарып өткізу үшін өңдіріліп отырған. Нарықты қатынастардың қалыптасуына белгілі бір дәрежеде дамыған қолөнер кәсібі де, өнеркәсіп те әсер етті. Қазақтар үй бастырды, жүннен мата тоқыды, теріден былғары иледі, металдан ыдыс – аяқтар жасай білді, киім тікті, киіз басып кілем тоқыды. Бұл салалардың бұйымдары айырбас үшін, тауар ретінде де шығарылатын болды. Қазір тәуелсіз Қазақстан Республикасының алдында тарихи әділетсіздікті жою міндеті. Негізгі стратегиялық мақсат – демократияны дамыту, меншікті қатынастарды реформалау, нарықты зерттеу және сегменттеуны өндіру болып табылады. Әдибиеттер: 1. Блинов А.О. Малое предпринимательство. Организационные и правовые основы деятельности. М. Ось-89. 1998г. 2. Мамыров Н.К. Смагулов Н.Т. Яновская О.А. и др. Основы предпринимательства. Учебное пособие - Алматы 1997г-72с. 3. Зерттеу және сегменттеу предприятия. О.И. Волков. М. Инфра – М 1998г 4. Камаев В.Д. и др. Основы экономики .-М.: 1992. Скачать |