Меншіктің көп түрлілігінің объективті қажеттілігі
Меншіктің көп түрлілігінің объективті қажеттілігіХІХ ғасыр үшін жеке меншікке негізделген, жұмыс күнінің 14-18 сағатқа созылуы тән болды. Мұндай жағдайларда тек коммунисттер ғана емес, сонымен қатар, социал-демократтар, түрлі партиялар мен қозғалыстар теңсіздік пен жеке меншіктің орнына қоғамдық меншікті құру үшін күресті. Қоғамдық меншік негізінде адамзат қоғамын ұйымдастыру логикасы меншіктің жалпы халықтық және мемлекеттік формасында құрылуы шарт. Оның формаларының көп түрлілігі болуы мүмкін. Қоғамдық меншік бірігіп иеленуді, билеу, пайдалануды болжайды. Егер қоғамдық меншік — ортақ, бірігіп иелену болса, онда ол өндіріс құралдарына қатысты адамдардың барлығын теңестіреді. Бұл қоғам мүшелерінің теңдігі, адамды адам қанау сияқты капитализмнің басты кемшілігін кері ысырып тастайды. Сондай-ақ, оңай табылатын табыстарды пайдалануды жояды. Барлық қоғам мүшелері тіршілік ететін қаражаттардың жалғыз қайнар көзі жалпы және міндетті сипатқа ие жеке еңбек болуға тиіс. Осыдан бөлудің социалистік принциптері шығады: «кім жұмыс істемесе, сол тамақ ішпейді». Бұл, социалистік өндіріс құралдары қоғамдық меншікке негізделген. Мұнда жаман ештеме жоқ. Алайда, өндіріс құралдарына қоғамдық меншіке алғашқы қалыптасуынан-ақ оған шешілмейтін қайшылықтар жүктелген болатын: иеленуге мүліктік құқықтың болмауы (2.2. кесте). Қоғамдық меншікті іске асыру. Қоғамның барлық мүшелері меншік иелері. Алайда солардың біреуі өндіріс қаражатын, құралдарын билеп, басқарып немесе өндіріс пропорцияларын анықтау керек. Ешкім жеке өзі, дербес, мұны істей алмады. Сонда теңдік негізінде құрылған қоғам «басқару аппаратын» құрды. Ол халықтың атынан — өндіріс қаражаттарының меншік иесінің атынан иелену, пайдалану және меншікті билеуді жүзеге асырады. Бірақ қоғамның экономикалық қайшылықтары, бара-бара шешілмейтін мәселе бола бастайды. Мемлекеттік билік ауқымды шаруашылықты басқару мүмкіндігін жоғалтты, саяси және экономикалық биліктің өзі өтімді бола бастады. Меншік құқығы басқару аппаратының тікелей араласуынсыз іске асырылады. Қоғам үшін қиын жағдай биліктің партиялық мемлекеттік, шаруашылық, заңдық, атқарушылық формаларының объективті ұлғаюы болады. Биліктің бұл аппараты тек халықтың атынан ғана емес, сонымен қатар халықтың өзін өндіріс қаражаттарын, экономикалық, әлеуметтік және идеологиялық тұрғыдан басқаратын корпоративті күшке айналады. Тағы бір әлеуметтік және экономикалық тосқауыл, нарық қызметтерін реттейтін, ынталандыратын маңызды экономикалық категориялар біртіндеп ыдырай бастады. Жай түсінікте нарық болған жоқ, оның «көрінбейтін қолы», тәуекелі, ынтасы, ізденушілігі, тұтынушылық жұмысы жоғалып кетті. Осының барлығын ештеңемен ауыстыруға болмады, ал нарық қатаң бәсекелестік жағдайында әрекет ететін табысты, ынталы, есепке бейім өндірушілерді таңдады және таңдайды. Қоғамдық меншік — нарықтың реттейтін, ынталандыратын рөлдерін жоспармен ауыстырды. Тәуекел, ынта, ізденушілік — осының барлығы жоспарда қарастырылуы керек болды. Егер жоспар ғылыми негізделсе, ол оның орындалмаушылығы мен асыра орындалуын болдырмады. Халық шаруашылығы – теңгерілген. Өндіріс монополиясы дамып, бәсекелестік, тәуекелдік жойылады. Социалистік экономика өзін өзі реттейтін жүйе ретінде нарықтан айырылып, еңбектің қоғамдық қажетті шығындарын (ЕҚҚШ) есептеуге қызығушылығын жоғалтты. Ішкі салалық және салалық бәсекедегі нарық осы ЕҚҚШ-ты анықтау нәтижесінде, өз дербес шығындары мен жеке кәсіпкер капиталын салыстыратын есептеу ақпаратын береді. Осылайша, қоғамдық меншікке негізделген ішкі қайшылықтар социализмді капитализммен экономикалық жарысқа түсуге әкелді. Капитализмдегі материалдық қызығушылық кәсіпкерді іздеуге, жаңа технологияларды енгізуге, білімді жұмысшы күшін тартуға, маркетингті оқуға мәжбүр етеді. Социализм осының барлығынан айрылды, ол экономикалық шешімдерді шығындық сипаты негізінде қабылдады. Осының барлығы социалистік меншіктің ауысуына әкелді. Скачать |