Меншікке салынатын салықтар: жер салығы
Меншікке салынатын салықтар: жер салығыМеншікке салынатын салықтар: жер салығы
6.1. Жер салығына жалпы сипаттама және оның құрылу ерекшеліктері 6.2. ҚР-нда әртүрлі жер санаттары бойынша жер салығын есептеу ерекшеліктері
6.1. Жер салығына жалпы сипаттама және оның құрылу ерекшеліктері
ҚР-ның Жер кодексінің 9 бабына сәйкес Қазақстанда жерді иелену және жерді пайдалануға ақы төленеді; жер үшін ақы жер учаскесінің сапасына, орналасуына және сумен қамтамасыз етуіне байланысты анықталатын жер салығы нысанында алынады. Жер салығы– меншікке салынатын салықтардың ішіндегі ең негізгі, ауқымды, маңызы жағынан ерекшесі. Жер салығы жер иеленушілер мен жер пайдаланушылар төлейтін тікелей, оның ішінде нақты салықтардың қатарына жатады. Ол жергілікті бюджеттің бекітілген салықтарының бірі. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде жер салығы көбінесе дербес салық ретінде қарастырылмайды, тек жер құны (баланстық құны) мүлікке салынатын салықтың жалпы сомасына енеді. Жер салығы Қазақстанда 1992 жылы 1 қаңтарда енгізілді. Оның мақсаты – экономикалық әдістермен жерді ұтымды пайдалануды қамтамсыз ету және жерді сақтау, құнарлылығын арттыру, аумақтардың әлеуметтік-мәдени дамуы үшін қажетті шараларды жүзеге асыру үшін бюджетке түсетін табыстарды құрау. Жер салығы жер учаскесінің орналасқан жері бойынша төленеді, салық сомасы жергілікті өкімет органдарының құзырында қалады, яғни жер салығының сомасы толығымен жергілікті бюджетке түсіп, жергілікті өкімет органдарының салықты жинауға мүдделілігі арттырылады. Жер салығының негізгі базалық ставкаларын республика үкіметі, ал нақты төлем мөлшерін жергілікті мәслихат өз билігі шеңберінде белгілейді. Салық салу мақсатында Қазақстанның барлық жерлері, олардың арналған нысанасы мен тиесілілігіне қарай мынадай санаттарға: 1) ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге; 2) елді мекен жерлеріне; 3) өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге ауыл шаруашылығы емес мақсаттағы жерлерге; 4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлеріне сауықтыру, қалпына келтіру, тарихи-мәдени мақсаттағы жерлерге; 5) орман қорының жерлеріне; 6) су қорының жерлеріне; 7) запастағы жерлерге бөлінеді; Жердің мынадай сипаттары:
Жерге салық салу жердің бонитет балына байланысты. Бонитет балы - топырақтың табиғи құнарлылығы мен сапасын бағалау, ол жер учаскесінің орналасқан жеріне, сумен қамтамасыз етілуіне, кірме жолдарға қолайлығына байланысты. Жер салығын есептеуге негіз болып: 1) меншік құқығын, тұрақты жер пайдалану құқығын, өтеусіз уақытына жер пайдалану құқығын куәландыратын құжаттар; 2) жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті орган әр жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша берген жерлердің мемлекеттік сандық және сапалық есебінің деректері; 3) жер учаскесін иелену және пайдалану бойынша құқықты іс жүзінде жүзеге асырылуы табылады; Жеке меншік және тұрақты пайдалануында немесе бастапқы өтеусіз уақытша жер пайдалану құқығындағы салық салу обьектілері бар жеке және заңды тұлғалар жер салығын төлеушілер болып табылады. Жер салығын төлеушілер қатарына жатпайтындар: - бірыңғай жер салығын төлеушілер; - мемлекеттік бюдет есебінен ғана қамтылатын ұйымдар; - уәкілетті органның қылмыстық жазаларды атқару саласындағы түзеу мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындары; - тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жер учаскелері, үй маңындағы жер учаскелері, сол сияқты жеке үй (қосалқы) шаруашылығын, бағбандық және саяжай құрылысы, о.і. құрылысқа арналған жерлерді қоса, гараж алып жатқан жер учаскелері бойынша – Ұлы Отан соғысына қатысушылар және соларға теңестірілген адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала кезінен мүгедектің ата-анасының біреуі; - тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жер учаскелері, сол сияқты үй жанындағы жер учаскелері бойынша – “Ардақты ана” атағына ие болған, “Алтын алқа” алқасымен наградталған көп балалы аналар; - діни бірлестіктер; Жоғарыдағы аталған салық төлеушілер пайдалануға немесе жалға берілген жер учаскелері бойынша салық төлеуден босатылмайды. Жер салығының мөлшеріжер иеленушілер мен жер пайдаланушылардың шаруашылық қызметінің нәтижелеріне байланысты болмайды. Жер учаскесі салық салу обьектісі болып табылады. Жер салығы бойынша салық салу обьектісіне мыналар енбейді: - Елді мекендердің ортақ пайдалануындағы жер учаскелері; - Ортақ пайдаланудағы мемлекеттік автомобиль жолдары желісі алып жатқан жер учаскелері; - ҚР Үкіметінің шешімі бойынша консервацияланған обьектілер орналасқан жер учаскелері. Жер салығын анықтау үшін жер учаскесінің алаңы салық базасы болып табылады. 6.2. Қазақстанда әр түрлі жер санаттары бойынша жер салығын есептеу ерекшеліктері 6.2.1. Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге салынатын салық Ауыл шаруашылығы мұқтаждары үшін не осы мақсатқа арналған жер ауыл шаруашылық мақсатындағы жерге жатады. Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге салынатын жер салығының базалық ставкалары 1 гектарға есептеліп белгіленеді және топырақтың сапасы бойынша сараланады. Жер салығының базалық ставкасы бойынша сараланады. Жер салығының базалық ставкасы республикасының жерге орналастыру органдары анықтайтын бонитет балы өлшемімен топырақтың табиғи құнарлығына негізделеді және ҚР екі аймағы бойынша сараланады: 1.Жазық аумақтардағы далалық және қуаң далалық аймақтардың кәдімгі және оңтүстік қара топырақты, күңгірт қызыл, қоңыр және қызыл қоңыр топырақты, сондай-ақ тау бөктеріндегі күңгірт, қызыл қоңыр, сұр топырақты және тау бөктеріндегі қара топырақты жерлеріне бонитет балына бара-бар жер салығының базалық ставкалары белгіленеді.
Мысалы, жалпы көлемі 300 га ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер «Кеңгір-Агро» ӨК тиесілі. Топырақтың орташа бонитет балы – 10 бал. ӨК жері Талап ауылында орналасқан. Бұл жағдайда жер салығының сомасы 288 теңгені (300 га х 0,96 теңгега) құрайды. Мұндағы, 300 – жер учаскесінің алаңы, га; 0,96 – 10 бонитет балы кезінде аш мақсатындағы жерге жер салығының базалық ставкасы. 6.2.2. Елді мекен жерлеріне салынатын салық Қалалық жергілікті өкімет органдарының қарауындағы қала мен поселке шегі шеңберінде орналасқан бүкіл жер қалалар мен поселкелердің жеріне жатады. Селолық (ауылдық) елді мекендердің жеріне осы мекендерге арналып жерге орналастыру тәртібі бойынша белгіленген шегі шеңберіндегі барлық жерлер жатады. Елді мекеннің жерлері салық салу мақсаты үшін екі топқа бөлінген: 1. Тұрғын үй қоры, Скачать |