Бейсик және Паскаль тiлдерiнде программа құру ерекшелiктерi


 

 

         Жоғарғы деңгейлі программалау тілдерінің  ішінде дүние жүзіне кең тараған тілдердің бірі – Бейсик. BASIC (Beginner's All purpose Symbolic Instuctions Code ) – “Жаңадан үйренушілер үшін символдық нұсқаулар түріндегі көп мақсатты тіл ”сөйлемінің қысқарған сөз ретінде алынған түрі. Бейсиктің алғашқы жеңіл варианты 60 – жылдардың ортасында Америкада жарыққа шыққан болатын.Кейіннен әр елдің ғалымдары түрлі салалық информацияны өңдеуге мүмкіндік туғызатын тілдің 30 –дан аса дамытылған вариантарын жасап шықты.

        Паскаль бағдарламалау тілі, XVII ғасырда өмір сүрген француз ғалымы – философы  Блез Паскальдың құрметіне аталып отыр.Осы тілді құрастырушы Швейцариядағы жоғары политехникалық мектептің информатикалық институтының профессоры Никлаус Вирт  болып табылады.Паскаль тілі жжөніндегі алғашқы дерек 1971 жылы пайда болып, содан бері тілдің дүниеге келген жылы болып табылады.

       Qbasic және Pascal  программалау тілінде тілдердің алфавитінен бастап,алгоритмдердің түрлері (сызықтық,тармақталу,қайталану), көмекші алгоритмдер, массивтер,жолдық шамалар,берілгендер файлы мен жазу,графикалық режим тақырыптары бойынша іріктелген.Сонымен бірге программа құрылымы,олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары,берілгендерді енгізу мен шығаруды ұйымдастыру,сызықтық және тармақталушы құрылым бойынша программалау,цикл құрылымы бойынша программалау,пайдаланушының функциясы,көмекші программа (процедура), массивтер,жолдық шамалар Бейсик және Паскаль тілдерінде программалау тәсілдері қарастырылған.




Скачать