МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІН ӨНДІРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ


МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІН ӨНДІРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

 

Мазмұны

Кіріспе. 4 Негізгі бөлім. 6 Емтихан сұрақтарының тізімі 11 Ұсынылатын әдебиеттердің тізімі 14

 

Кіріспе

Магистрді дайындау бағытының жалпы мінездемесі

Магистрлерді дайындау «Қазақстан Республикасының бакалавриат және магистратура мамандықтарын жіктеуші» ҚР МҚ 08-2004 сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.

Магистратурада мамандарды даярлау екі бағыт бойынша жүргізіледі:

- кәсіптендіру

- ғылыми-педагогикалық

Түлектердің біліктілік смпаттамасы

6М080200 – МӨӨТ мамандығы бойынша магистратура бітірген түлекке ауыл шаруашылық ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесі беріледі.

Түлектердің біліктілігі мен лауазымдары Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 22.11.2002 ж. № 273 бұйрығымен бекітілген «Жетекшілердің, мамандардың және басқа да қызметкерлердің біліктілік анықтамалығына» сәйкес анықталады.

Кәсіби қызметтің объектілері

Кәсіптендіру бағыттағы магистрдің кәсіби қызметінің нысандары:

- мал және құс өсіруші шаруашылықтар; ауыл шаруашылық, жобалық, сараптаушы, әкімшілік мекемелер; мал шаруашылығы өнімдері мен шикізатын өңдеуші кәсіпорындар; зообақтар, элеверлер, ат жарысы алаңдары, қорықтар, табиғат мұражайлары; салалар бойынша зертханалар; бөлімшелер, секциялар, секторлар, департаменттер, жергілікті басқару құрылымдарының бөлімдері; бақылау-сараптау қызметінің мекемелері; стандарттау және сертификаттау орталықтары.

Ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистрдің кәсіби қызметінің нысандары:

- ЖОО, колледждер, гимназиялар, ғылыми-зерттеу институттары; ғылыми-өндірістік, ауыл шаруашылық, табиғатты қорғау, жобалау, сараптамалық, әкімшілік мекемелері; өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындары; селекциялық бекеттер; мал және құс өсіруші шаруашылықтар; салалар бойынша зертханалар; бөлімшелер, секциялар, секторлар, департаменттер, жергілікті басқару құрылымдарының бөлімдері; бақылау-сараптау қызметінің мекемелері; стандарттау және сертификаттау орталықтары.

Оқуға түсушілердің даярлық деңгейіне қойылатын талаптар

Алдындағы білімінің деңгейі:

- 050802 – Зоотехния, 5В080200 – МӨӨТ мамандығының бағыттары бойынша базалық жоғары білімі (бакалавриат).

- Мал шаруашылығындағы селекция және биотехнология, Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы бағыттары (мамандықтары) бойынша арнайы жоғары білімі.

Талапкердің жоғары білім деңгейіне сәйкес мемлекеттік үлгідегі құжаты болуы тиіс.

Оқу мерзімі

Магистратураның білім беру бағдарламасын меңгерудің мөлшерлі ұзақтығы ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша — 2, ал кәсіптендіру бағыты бойынша – 1 жылды құрайды.

Конкурстық іріктеудің талаптары

Магистратураға қабылдау Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарында магистратураға қабылдаудың типтік ережесіне сәйкес қабылдау емтихандарының қорытындысы бойынша жүзеге асырылады.

6М080200 мамандығы бойынша жиынтық емтихан төрт пәннен тапсырылады:

- Ірі қара мал шаруашылығы, сүт және ет өндіру технологиясы.

- Қой шаруашылығы, қой етін, жүнін және елтірі өндіру технологиясы.

- Жылқы шаруашылығы,  жылқы етін және сүтін өндіру технологиясы.

- Құс шаруашылығы, құс шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы.

Қабылдау емтихандарын қайта тапсыруға рұқсат берілмейді.

Негізгі бөлім

Пәннің мазмұны 

Ірі қарамал шаруашылығы, ет және сүт өндіру технологиясы

Малдың интерьері мен экстерьері, малдың дене бітімі.

Малдың экстерьері мен интерьерін, сүтті, аралас және етті бағыттағы малдардың конституциясын оқытудың ерекшеліктері мен әдістері.

Ірі қарамалдың өнімділігі.

Сүт өнімділігі. Сүт өнімінің физиологиялық негізі. Малды жайып- семірту және бордақылау. Сүттің құрамы мен сүт сауымына әсер ететін жағдайлар.

Ет өнімділігі. Малды жайып-семірту және бордақылау, ет өнімділігіне әсер ететін жағдайлар. Тірі және сойылған малдың етінің сапасы, етінің өнімін есептеу әдісі.

Ірі қарамалдың тұқымдары.

Өнімділігінің бағыты бойынша тұқымның жіктелуі: сүтті, етті және аралас.

         Табынды ұдайы өндіру.

Бұзаулау аралығындағы циклдер және олардың кезеңдері: буаз, сервис-кезеңі, лактация, суалу кезеңі, олардың арасындағы байланыс.Ұрықтандыруды жоспарлау, суалту және бұзаулату.

Төлді өсіруді жоспарлау. Мамандандырылған және фермерлік шаруашылықтарда төлді өсірудің технологиялық ерекшеліктері.

Сүт өндіру технологиясы.

Қысқы және жазғы кезеңдерде сиырларды ұстау тәсілдері және жүйесі, азықты дайындау және тарату, табиғи және жасанды жайылымды пайдалану, көк шөптің конвейері. Сауу техникасы мен тәсілдері.

Сүтті алғашқы өңдеу және өткізу. Табынды төлі есебінен ұдайы өндіру және сүт өндірудің ағымдық-цехтық технологиясы: сиырлардың цехтарда болатын мерзімдерінің ұзақтығы, мал орнының санын есептеу.

Ет өндіру технологиясы.

Малды жайып-семірту және бордақылау. Малды бордақылау, жетілдіру, өсіру туралы түсінік. Мамандандырылған ет бағытындағы мал шаруашылығының «Сиыр-бұзау» технологиясы. Малды союға дайындау, сою пункті мен малды тасымалдау. Малдың қоңдылығын бағалау және анықтау.

Асылдандыру ісі.

Асылдандыру және тауарлы табындағы малды өсіру әдістері. Етті  және сүтті малды бонитировкадан өткізу.

Селекциялық-асылдандыру ісі. Әр түрлі санатты шаруашылықтарда жүргізілетін асылдандыру ісінің ерекшеліктері. Асылдандыру есебін жүргізу.

 

Қой шаруашылығы, қой етін, жүнін және елтірі өндіру технологиясы

Қойдың экстерьері мен дене бітімі, биологиялық ерекшеліктері, шығу тегі.

Қойдың өсімін, дамуын, дене бітімін, экстерьерін оқыту және бақылау әдістері.

Қой шаруашылығының өнімдері.

Жүн туралы түсінік. Қойдың жүн өнімділігіне азықтандыру, күтіп-бағу, генотипі және басқа да жағдайлардың тигізетін әсері.

Қой еті. Қойдың ет өнімділігі туралы түсінік. Ұшаның морфологиялық құрамы. Қой етінің химиялық құрамы.

Елтірілер. Қаракөл елтірісінің айрықша ерекшеліктері. Елтірінің негізгі құрамы, оларды бағалау әдістері.

Қой сүті. Азықтық құндылығы, қой сүтінің құрамы мен қасиеті, қатты ірімшік жасау үшін қой сүтінің пайдаланылуы, қой сүтін бағалау.

          Қой шаруашылығы өнімдерін өңдеу негізі.

Жүн. Жүнді стандарттау және жіктеу. Жүн стандарттарын дайындау. ҚЖӨ фабрикаларында жүннің сапасын анықтау. Қойдың қоңдылығын анықтау. Сою техникасы.

Қозыны сою, майсыздандыру және елтіріні алу тәсілдері. Консервілеу тәсілдері.

Қойдың тондық өнімдері. Шаруашылықтағы алғашқы өңдеу: тонды алу, сақтау және консервілеу.

Жұмыршақ. Қаракөл қозысын сою кезінде жұмыршақты алу тәртібі. Сақтау, консервілеу, жұмыршақты сорттау және жіберу.

         Қойдың тұқымдық топтары және тұқымдары.

Қойдың тұқымдық топтары және тұқым туралы түсінік. Қой тұқымының зоологиялық және өндірістік жіктелуі. Биязы жүнді, жартылай биязы жүнді, жартылай қылшық жүнді, қылшық жүнді қойлар. Зауыттық типтері және қойдың қаракөл тұқымы. Ешкі тұқымдары.

          Генетикалық негізі, қойларды іріктеу және жұптау әдістері.

Өсіру әдістері. Жұп таңдау және сұрыптау.

Қой шаруашылығындағы асылдандыру ісін жоспарлау және ұйымдастыру әдістері.

Жартылай биязы жүнді, жартылай қылшық жүнді, қылшық жүнді, биязы жүнді қойларды бонитировкалау.Тұқымның стандарттары. Асылдандыру ісі. Қойды таңбалау.

          Қой шаруашылығы  өнімдерін өндіру технологиясы.

Табынды өз төлі есебінен ұдайы өндіру. Шағылыстыру түрлері. Жасанды ұрықтандыру. Қоздатуды ұйымдастыру. Қозыны өсіру. Қошқарды пішу (кастрация).

Қойды күтіп-бағу және азықтандыру. Жынысына байланысты қойларды азықтандыру ерекшеліктері, өнімділігі, физиологиялық жағдайы. Азықтандыруға азықты дайындаудың тиімді тәсілдері.

Қойды жайып-семірту және бордақылау. Бордақылаудың түрлері. Ет комбинатына қойды тапсыру тәртібі.

Қойды қырқу. Қазақстанның әр түрлі аймақтарында қойларды қырқу уақыты. Қой қырқуды қабылдау және оның тәсілдері.

 

Жылқы шаруашылығы, жылқы етін және сүтін өндіру технологиясы.

Жылқының шығу тегі, қолға үйретілуі және өзгеруі.

Эквидтер және олардың биологиялық ерекшеліктері. Жылқы шаруашылығының тарихи кезеңдері мен жылқының қолға үйретілуі.

Жылқының дене бітімі, интерьері және экстерьері.

Жылқының дене бітімі мен экстерьерін оқу. Жылқының әр түрлі типтері мен тұқымдарының интерьері.

Жылқы тұқымдары.

Жылқы тұқымдарының жіктелуі. Аудандық тұқымдар.

Жылқыны өсіру технологиясы мен өз төлінің есебінен ұдайы өсіру.

Шағылыстыру науқанын жүргізу және ұйымдастыру. Жылқының көбею ерекшеліктері. Биені шағылыстыру тәсілдер 



Скачать