Көтерме сауда


Көтерме сауда

 

 

Сауда тауарлар оралымының маңызды түрлерінің бірі ретінде тауар өндірушілер мен тұтынушылар арасында, тауарлық ұсыныстар мен сатып алушылар сұраныстарының арасындағы делдалдық қызмет көрсетеді және ішкі базардағы халық тұтынатын тауралар оралымының барлық сатыларын қамтиды. Сауда жүйесін ұйымдастыру түрлеріне сәйкес халық тұтынатын тауарлар саудасы:көтерме сауда және бөлшек сауда  болып бөлінеді. Олар тұтыну заттарының тауарлық оралым жүйесінің бірлігімен өзара байланысты. Бірақ айта кету керек, көтерме және бөлшек сауда тауарлық оралым жүйесін тауралардың өндіріс саласынан тұтыну саласына қозғалу жүйесінің әртүрлі сатысында жүргізгендіктен, олардың көрсететін қызметтері, нақты мақсаттары мен міндеттері және тауар қозғалысын ұйымдастырудағы рөлі әр түрлі.

Көтерме сауда тауарларды ірі партиялармен өндірістік тұтынуға, өңдеуге немесе келешекте халыққа сату үшін үзіліссіз жеткізіп отыруды қамтамасыз етеді. Көтерме сауданың объективті қажеттілігі көп жағдайда өндірістік кәсіпорындарының  тұтыну орындарынан алыс орналасуы, тауар өндірудің бір бағыттылығы мен мерзімділігінен туындайды, сондай-ақ еліміздің жекелеген аудандарының табиғи- климаттық және көліктік жағдайларына байланысты тауарлар өндіріс орындарынан тікелей тұтыну саласына түсуі мүмкін емес. Сондықтан  көтерме сауда өндірілген халық тұтынатын тауарларды өндіріс орындарынан тұтыну аудандарына жеткізетін барлық күрделі жүйені ұйымдастыруға арналған.

Барлық кәсіпорындар бөлшек саудамен қалай шұғылданса, көтерме саудамен де солай шұғылдана алады және өздерінің сауда-қаржылық қызметтерін отандық тауар өндірушілерді қолдауға бағыттауға міндетті.

Жоғарыды айтылғандай, тауар оралымы сауда жүйесін ұйымдастыру түріне сәкес көтерме сауда оралымы және бөлшек сауда болып бөлінеді.

Көтерме сауда оралымы деп тұтыну бұйымдарының келешекте бөлшектеп сату үшін  көбінесе бөлшек сауда кәсіпорындарында, сондай-ақ  өндірістік тұтыну немесе қайта өндіру үшін басқа мекемелерге ірі партиялармен сатылған көлемін айтады. Тауар қозғалысының қалыптасқан түрі бойынша көтерме тауар оралымы екі түрде болады: қоймалық және транзиттік.

Қоймалық сауда оралымы деп тауарларды сауда және басқа кәсіпорындарға көтерме сауда кәсіпорындарының қоймалары арқылы сатуды айтады. Көтерме сауда кәсіпорындарының қоймаларынан көбінесе маусымды сұраныстағы тауарлар, мерзімінен бұрын жеткізілетін және бөлшек сауда кәсіпорындарына жеткілікті кең түр — түрін түсіру үшін алдын-ала сұрыптау және іріктеп жинақтауды қажет ететін күрделі түр – түрлі тауарлар сатылады.

Транзиттік сауда оралымы деп тауарларды (көбінесе жай ассортимент: қант, ұн т.б.) жабдықтаушылардан (жеткізушілерден) көтерме сауда кәсіпорындарына соқпай  тікелей сатып алушы мекемелер мен кәсіпорындарға жеткізуді айтады. Ол екі түрлі тауар оралымына бөлінеді:жабдықтаушылар (өндірушілер) мен сатып алушылар (тұтынушылар) арасындағы есеп айырысуға көтерме сауда кәсіпорындарының қатысуымен (төленген транзит) және есеп айырысуға көтерме сауда кәсіпорындарының қатыспауымен (төленбеген транзит немесе ұйымдастырылған транзиттік оралым). Бірінші жағдайда, көтерме сауда кәсіпорындары тауарлар үшінжабдықтаушылармен және сатып алушылармен де өздері есеп айырысады. Транзиттік сатудың екінші түрінде  тауарлар үшін сатып алушылар тікелей жабдықтаушылармен (өндірушілермен) көтерме  сауда кәсіпорындарының қатысуынсыз есеп айырысады. Көтерме сауда кәсіпорындары тек транзиттік жеткізіп тұруды ұйымдастырады, олардың орындалуын бақылайды және делдал ретінде тауарлардың жеткізілуін ұйымдастырғаны үшін сыйақы алады.

Тауар қорлары тұрған жері бойынша мынадай түрлерге бөлшектенеді: тауар өндіруші кәсіпорындардың қоймасындағы тауар қорлары, көтерме сауданың қоймаларындағы тауар қорлары, бөлшек сауданың  қоймаларындағы тауар қорлары.

Тауар өндіруші кәсіпорындардың қоймасындағы тауар қорлары — өнеркәсіп  кәсіпорындарының дайын өнімдері тауар қорлар жиынтығының бөлігі ретінде олардың қоймаларында сату үшін шоғырланады.

Көтерме сауда қоймаларындағы тауар қорлары – бұл келешекте бөлшек сауда мекемелеріне (кәсіпорындарына) және басқа тұтынушыларға сату үшін көтерме сауда кәсіпорындарынан (базарлардан) сатып алып, өздерінің қоймаларында сақталған тауарлар.

Көтерме сауда кәсіпорындары сатып алушыларға тауарларды босату, жөнелту және сатуды олармен жасалған жеткізу келісім шарттарына, олардың тапсырыстары мен нарядтарына сәйкес жүргізіледі. Барлық жасалған келісім – шарттарға, тапсырыстар мен нарядтарына көтерме сауда кәсіпорынның бас бухгалтері  қол қоюға тиіс. Сонымен бірге, сатып алушының төлем қабілетіне ерекше көңіл бөлінуі тиіс және босатылған тауарлар үшін есеп айырысудың қандай үлгісі мерзімді уақытында төлеуді қамтамасыз ететінін анықтау қажет.

1.2 «Көтерме және бөлшек тауар оралымынң мәні мен мазмұны» тармағында айтылғандай, тауарларды көтерме сату екі түрде жүргізіледі: қоймадан сату және транзиттік сату. Көтерме сауда кәсіпорындарының тауарларды сатып алушыларына мынадай мекемелер мен кәсіпорындар жатады: бөлшек сауда және қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары, өнеркәсіп кәсіпорындары, емдеу және балалар мекемелері, фермерлік және шаруа қожалықтары, сондай-ақ түрлі меншіктегі басқа да сатып алушылар.

Көтерме сауда кәсіпорындарын 



Скачать