Қазақстан Республикасының 1995 жылы қабылданған Конституциясының 18-бабының 3-пункті бойынша азаматтар мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктерден, сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдарынан еркін ақпарат алуға құқықты. Осы салаға қатысты басқа да қалыптық-құқықтық актілерде сөз бостандығы және ақпараттану құқықтары туралы айтылған. Азаматтар өздерінің ой-пікірлерін еркін баяндауға да құқықты. Бүгінгі демократиялық қоғамдардың негізгі шарттарының бірі еркін БАҚ-тың болуында. БАҚ-тың еркіндіктерімен қатар мемлекеттің әлеуметтік, саяси және экономикалық өмірін дамытудағы жауапкершіліктері де демократиялық елдерде алдынғы қатардағы маңызды мәселенің бірі болып табылады. Бізде демократиялық мемлекеттерде «төртінші күш» деп аталатын бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) төңірегіндегі дау басылар емес. Әлемнің ең демократиялы, ең еркін саналатын елдерінің өзінде БАҚ сөз бостандығының жетіспейтіні және журналистердің проблемалары туралы ақпараттарды таратып жатады. Мұның негізінде жалаң кәсіби себептерден гөрі БАҚ-ты билейтін саяси, қаржы және экономикалық күштердің өз мақсаттарын толықтай орындай алмауы тұрса керек. Өйткені, қылмыскерлердің кесірінен тек журналистер ғана емес, көптеген қарапайым азаматтар да жапа шегуде. Ал, олардың қолында газет яки телевидение болмағандықтан, шулатып қоғамдық пікір тудыра алмайды. Сол себепті, БАҚ уәкілдеріне жасалған қылмыстық әрекеттерді, егер саяси астары немесе журналистің кәсіби функциясына қатысы болмаса, әдеттегі қылмыстармен бірдей қараған жөн. Сірә, мемлекет азаматтарын кәсіби ерекшеліктері бойынша емес, азамат болғандықтары үшін қорғайды. Елімізде сөз бостандығы және БАҚ саласында кейбір өзекті проблемалардың бар екені рас. Бірақ, бұл заңдарымыздың шикілігінен яки еркіндікті шектеуінен емес, көбінесе журналистер уә атқарушы билік уәкілдерінің заң нормалары мен кәсіби ережелерді жөнді орындамауынан, өз құқықтары мен бостандықтарын жете білмеуінен туындауда. АҚШ, Германия (ГФР), Швеция, Швейцария, Түркия және Қазақстан елдерінің «БАҚ», «Бұқараны мәліметтендіру», «Ақпарат еркіндігі», «Баспасөз еркіндігі туралы Акт», «Баспасөз Заңы» сияқты заңдарын салыстырғанда 1999 жылы қабылданған «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы ҚР Заңының» халықараық талаптарға сәйкес екені аңғарылады. Қайта, аталмыш елдердің заңдарында бізден өзгеше шектеулер мен жазалау шараларының (қаржылай санкциялар мен бас бостандығынан айыру) бар екенін байқауға болады... Швеция Корольдігінің парламенті «Риксдаг» 1974 жылы қабылдаған «Баспасөз еркіндігі туралы Актінің» көптеген баптарында «қоғамдық тыныштықты сақтау мақсатымен қабылданған заңдарға қайшы» ақпараттарды таратуға тыйым салынған. Аталмыш заң рухани мәдениет мүдделеріне қайшы және жеке тұлғалардың құқықтарын бұзатын ақпараттарды таратуға да тыйым салады. Бұл елде алкогольді ішімдіктер мен темекі өнімдерін жарнамалауға шек қойылғаны сондықтан. Осы заңның 2-тарауы бойынша ресми құжаттарды пайдалануға мына себептер бойынша тыйым салынады: 1) Мемлекеттің қауіпсіздігін яки оның басқа мемлекетпен немесе халықаралық ұйыммен қарым-қатынастарының қауіпсіздігін сақтау. 2) Мемлекеттің орталықтандырылған қаржы, ақша немесе басқа валюталық саясатын қорғау. 3) Жалпы экономикалық мүдделерлі сақтау т.т. 11.09.2001 жылғы террор шабуылдарынан кейін АҚШ әкімшілігі бұқаралық ақпарат құралдарының көптеген мәліметтерді жариялауына тыйым салған еді. Осының барлығы да мемлекет пен қоғамның мүддесін қорғау және тергеу, іздестіру жұмыстарына нұқсан тидірмеу үшін жасалған заңды шаралар болып табылған. Ал, өз кезегінде бұл елдің БАҚ-тары халықты үрейлендіретін, мемлекетке деген сенімін шайқалтатын хабарларды таратудан, суреттерді көрсетуден бас тартқан-ды. Соңғы кездері БАҚ-тың іс-әрекеттеріне байланысты барлық проблемаларды заң жүзінде атқарушы биліктің құзыретінен алып, арнайы қоғамдық ұйымға беру туралы ұсыныстар айтылуда. Бұл әлемдік озық тәжірибеде кездеспейтін және еліміздің ішкі тұрақтылығына нұқсан тигізуі мүмкін жаңалық. Атқарушы биліктің міндеті қабылданған заңдар шеңберінде мемлекет жұмыстарын орындау, заңды және жеке тұлғалардың арақатынасын реттеу, тиісті инфрақұрылымды дайындау болып табылады. БАҚ-ты атқарушы биліктің қарамағынан шығарып, «қоғамдық» ұйымға бағындыру практикада мүмкін емес. Ал, Қазақстан сияқты күрделі трансформациялық процестер қарқынды жүріп жатқан алуан этникалық топтар уә мәдениеттерді, тілдер уә діндерді қамтитын, әлемдік деңгейдегі қақтығыс аймақтарының кіндігінде орналасқан мемлекетте бұл қадамның қауіпті нәтижелер беруі әбден мүмкін. Осындай ахуалда БАҚ-тың қоғамдық пікірге әсерін ескеруге міндеттіміз. Алайда, бұқаралық ақпарат құралдарының басын
Скачать |