Кәсіпорын экономикасы және оның негізгі факторлары
Кәсіпорын экономикасы және оның негізгі факторларыКәсіпорын экономикасы және оның негізгі факторлары
Кәсіпорын - белгілі бір өнім өңдіретін немесе халыққа қызмет көрсететін заңды тұлға. Кәсіпорынның шаруашылық қызметтерінің нәти- желілігі - өнімді өткізу мен көрсетілген қызметтен түскен пайдадан ғана емес, сонымен қатар өндірістік қорлардың көлемінен (негізгі және өндірістік айналым қорлары), басқада тұтыну қорларының жиынтығынан (әлеуметтік сала- дағы), жиналған қаражаттардан және тағы басқалардан көрінеді. Кәсіпорын экономикасы - өндірістік жэне өндірістен тыс қатынастардың жиынтығы: айналыс қоры, дайын өнім, кәсіпорынның банктегі есеп-шоттары, ақша қаражаты, бағалы қағаздары, меншіктің материалдық емес қорлары (патенттер, лизенция т.б), өнімді өткізуден және әр түрлі көрсетілген қызметтерден түскен табыстар мен пайда. Олардың құндық бағасы - кэсіпорынның экономикалық даму деңгейі мен көлеміне байланысты болады. Соңғысының әр түрлі себептері бар, атап айтқанда -өндірісті қорлар мен қамтамасыз етуде ең оңтайлы үйлесімділікті табу; ; - өндірілген өнімнің саны мен сапасы; - өткізу көлемі; -өткізудентүскенкіріспенпайда.Осы факторлар негізінде қол жеткізілетін тиімділіктіңдеңгейі мен сипатын кәсіпорынды дамытуға ықпал ететін ішкі жэне сыртқы жағдайлар айқындайды. Ішкі жағдайлар үш топқа бөлінеді: 1. Өндірісті цорлармен цамтамасыз ету. Оған өндірістік факторлар: - ғимарат, құрылыс, - құрал-жабдық, аспаптар, - жер, - шикізат-материалдар, - отын, - жұмыс күші, - ақпарат және т.б. жатады. 2.Кәсіпорынның экономикалық және техникалық дамуының қажетті деңгейін қамтамасыз ету: - ғылыми-техникалық прогресс; - өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру; - кадрлардың біліктілігін жетілдіру; - инновация мен инвестиция. 3.Кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызмет- терінің коммерциялыц сапасын қалыптастыру фак- торлары: тиімді коммерциялық және жабдықтау қызмет- тері. Кәсіпорын қызметінің негізгі факторлары: 1. Жер. Бұл белгілі бір өлшемдегі пайдалану мүмкіндігі орасан зор табиғи байлық. Күнделікті пайдала- нылады. Табиғи байлықтар "орны толатын" және "орны толмайтын" болып бөлінеді. 2.Жұмыс күші - ой және дене еңбегі, еңбекке қаты- сушылардың тәжірибелік және интеллектуалды құрамы. 3.Еңбек заты және еңбек құралдары. Еңбек заты және еңбек құралдары арқылы өнім өндіріледі, тиісті қыз- мет керсетіледі. 4.Кәсіпкерлік-меншікке негізделген, несиеге алынған және басқа да мүліктерді пайдалану арқылы қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жүзеге асырылатын бастамалық, шаруашылықтық және басқа да қызмет. 5.Капитал-тұтыну заттарының көлеміне қарай шектелген ақша қаражаты. Кәсіпкер— жеке тұлға, ол: - өндірістік-шаруашылық; -көтерме сауда - инновация; - кеңестер беру; - коммерциялық делдалдар; - бағалы қағаз операциялары және тағы да басқа сияқты заңмен тыйым салынбаған кез келген қызмет түрлерімен айналысуына құқылы. Инновация - жаңа бұйымдар мен озық технологияларды жасауға, өндіруге, дамытуға жэне сапалық жағынан жетілдіруге бағытталған күрделі құбылыс. Ол үш кезеңді қамтиды: - зерттеуді бастаудан өндірісте алғаш рет игеруге дейін; - алғашқы игеруден бастап бұйымды тұтынушылардың қажетін қанағаттандыру мақсатында тиісті мөлшерде өндіруге дейін; - одан соң бұйымды тұтынушы пайдаланады, күтеді, кәдесіне жаратады. Кәсіпкерлік қызмет және оның түрлері
Кәсіпкерлік субектісі 1.Қазақстан Республикасыныңжәне басқа да елдердің азаматтары (қызметтері заң талабына сай болса ғана). 2.Заңды түрдегішетел азаматтары мен өкілеттілігі шектеулі тұлғалар. 3.Азаматтық бірлестіктер. Кәсіпкерлік қызмет төмендегідей екі нысанда жүзеге асады: 1. Меншік иесініц өзінің тәуекел етуі және мүліктік жауапкершілігі негізінде. 2.Кәсіпорынды меншік иесі атынан басқару. Меншіктің мұндай ережелері өзара міндеттерді анықтай отырып, келісім арқылы реттеледі. Бұл келісімде: - мүлікті пайдаланудың құқықтарын шектеу; - әр түрлі қызметті іске асыру; - материалдық жауапкершілік пен өзара қаржылық қарым-қатынас шарттары мен тәртіптері; - келісімді сақтаудың негіздері мен шарттары жасалад ы. Меншік иесінің келісім жасалған сәттен бастап кәсіпкердің іс-әрекетіне араласуға құқығы жоқ (алдын-ала келісімдер мен кәсіпорынның жарғысында және заңда көзделінген жағдайларды қоспағанда). Кәсіпкердің құқықтары
|