Жұмыспен қамту, жұмыссыздық нысандары және түрлері


Жұмыспен қамту, жұмыссыздық нысандары және түрлері

 

Экономика жағдайын және экономикалық саясат тиімділігін жалпы бағалауға экономика теориясы тәжірибесінде «кедейлік индексі» жиі пайдаланылады, ол макроэкономикалық тұрақсыздықтың екі негізгі көрсеткіштері ретінде жұмыссыздық пен инфляция деңгейі көлемін көрсетеді.

Жұмыссыздықтың негізгі нысандары фрикциондық, кұрылымдық және циклдік техникалық, конъюнктуралық, ерікті болып табылады. Олар үш түрде болады:

•    тұйық;

•    қазіргі;

•    жасырын.

Фрикциондық жұмыссыздық жұмыс іздеу және күтумен байланысты. Ол біліктілігіне байланысты жұмыс күтумен айқындалады және белгілі уақытты қажет етеді. Ол мамандықтың түрғылықты мекен-жайдың өзгеруімен байланысты т.с.с. Сондықтан фрикциондық жұмыссыздық ерікті және қысқа мерзімді болады.

Құрылымдық жұмыссыздық ҒТП салдарынан «ескірген» мамандықтарға сұраныстың өзгеруінен, өндірістегі техникалық ығысулармен байланысты. Мұндай жұмыссыздық көбіне мәжбүрлеу және ұзақ мерзімді сипатта болады.

Фрикциондық және құрылымдық жұмыссыздық жұмыссыздықтың табиғи деңгейін құрайды.

Циклдік жұмыссыздық дегеніміз — жұмыссыздық деңгейінің табиғи ауытқуы. Циклдік құлдырау кезеңінде фрикционалдық және құрылымдық жұмыссыздықты толықтырады,ал өрлеу кезеңінде ол болмайды.

Егер жұмыссыздықтың нақты деңгейі өткен жылға қатысты өзгермесе, онда нақты ЖҮӨ-нің өсу қарқыны жылына 3% құрайды. Бұл қарқын халық өсімімен, қаржының қорлануымен және ҒТП-мен қамтамасыз етіледі. Жұмыссыздық деңгейінің әрбір 1%-ға ұлғаюында (өткен жыл көрсеткішіне қатысты) нақты ЖҮӨ-нің өсу қарқыны 2,5% төмендейді.

Жұмыссыздық, осылайша, қоғамның бүкіл экономикалық өміріне қолайсыз әсер етеді. Ол ең алдымен экономикалық шығындарға әкеледі, ұлттық өнімнің нақты деңгейін төмендетеді.

Жұмыссыздық адамдардың табыстан толық немесе жарым-жартылай айырылуына, тұрмыс деңгейінің төмендеуіне әкеледі. Ол қылмыстың өсуін, психикалық аурулар санының көбеюін туғызады. Бұл әлеуметтік проблеманы жеңілдету үшін мемлекет ішінара жұмыспен қамтуға немесе толық емес жұмыс аптасына қаражат береді. «Артық» халықты қысқарту ретінде әдетте «жұмыс орындарын бөлу» әдісін пайдаланады, бір жұмыс орнын екі жұмысшыға жалақысын төмендетіп ұсынады. Осының нәтижесінде компанияларға салық жеңілдіктері туады.

Жұмыссыздықты азайту үшін жұмыс орындарын қайта құру кезінде «мерзімнен бұрын» зейнеткерлікке шығу және тұтынушыларға ұсынылатын қызметті әмбебаптандыру (универсализация) есебінен жұмыспен қамтуды кеңейту тәжірибесі қолданылады. Мұндай әдіс, сөзсіз түрде сағаттық еңбек өнімділігі көрсеткішінің өсуіне әкеледі, бұл жұмысшы табысымен салыстырғанда қосылған құнның өсім қарқынының неғұрлым жоғары екендігін көрсетеді.

Халықтың артық қоныстануын жоюдың маңызды әдісі, жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру және олардың кәсіптік даярлық деңгейлерін арттыру болып табылады. Мәселен, Англияда мынадай бағдарламалар жұмыс істейді:

•    ұзақ уақыт жұмыссыз жүргендерге байланысты:

•    жұмыс күшіндегі жастар үлесінің ұлғаюы;

•    жұмыс күшіндегі әйелдер үлесінің ұлғаюы;

•     экономикадағы    кұрылымдық    ығыстырулардың тым жиілігі.

 


Скачать