Жалпы ішкі өнім және өзара байланысқан көрсеткіштер жүйесі
Жалпы ішкі өнім және өзара байланысқан көрсеткіштер жүйесі
Ұлттық өндіріс көлемін өлшеу үшін жалпы ішкі өнім көрсеткіші қолданылады. Ол барлық жылдық өнім құнының сомасын құрайды, сондай — ақ Қазақстандағы шет ел және өзінің өндіріс факторларын қолдану арқылы құралады. Оны жалпы ұлттық өнімнен (ЖҰӨ) ажырата білген жөн. Жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) жалпы ішкі өнімнен (ЖІӨ) осы елдегі қолданылған ресурстар табысы сомасының шет елдегіден (пайыз, дивиденд, жалақы және т.б.) артық болады. ЖІӨ=ЖҰӨ- сыртқы экономика операция бойынша сальдо. ЖІӨ өзіне тікелей сол елде өндірген өнім мен қызмет көрсетуді және бұл елдегі өндіріс факторын қолданғанда ғана енгізеді. Егер жапондықтарға жататын өндіріс факторын АҚШ-та қолданса, онда олардың құны ЖІӨ — ге енгізілмейді. Бұл жағдай мұндай кезде де ескеріледі: американдық өндіріс факторы басқа елде қолданылса, олардың құны да ЖІӨ- ге енбейді (енгізілмейді). Елдегі барлық фирмалардың қосарланған құн сомасы ЖІӨ-ді құрайды. Жалпы ішкі өнім мемлекеттің барлық аумағында өндірілетін болғандықтан, сондай — ақ ол өзіне тұтыну мен инвестицияны енгізеді. Қазақстан Республикасында ЖІӨ-нің ағымдағы бағасы 1995 жылы 992,5 млрд. теңге мөлшерінде бағаланды немесе бір тұрғынға 60,2 мың теңгеден тиді. Өзінің экономикасының ауқымы бойынша Қазақстанның ЖІӨ 1990-шы жылы 53-ші орынды алды және ол Греция, Норвегия, Венгрия, Сирия, Марокконың ЖІӨ-мен пара- пар келді. ЖІӨ-ді өндіруде Қазақстан жан басына шаққанда 1990-шы жылы Польша, Аргентина, Колумбия, Тайланд деңгейінде болды, ал АҚШ деңгейімен салыстырғанда -18,7%, бұрынғы Одақпен салыстырғанда-69,3% деңгейіді құрады. Ұлттық есеп — шот жүргізу жүйесінің келесі ең маңызды көрсеткіші жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) болып табылады. Ол экономикадағы бір жылғы тауар мен қызмет көрсетудің түпкі өндіріс көлемінің жиынтық нарықтық құнынан тұрады. ЖҰӨ-ге тек қана сондай өнім енеді, кейде өндіріс процесін мәңгі тастап кетіп, жеке және қоғамдық тұтынысқа түседі (енеді) немесе өндіріс саласына инвестициялық тауарлар (машина, ірі жабдықтар және т.б.) ретінде қайтады. Жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) есеп-шотын есептеудің мақсаты мынада: а) қоғам экономикасының жай-күйін бақылау; ә) экономикалық циклдың ағымдық фазасын анықтау; б) мемлекеттік саясатты қалыптастыру. Жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) БҰҰ-ның методологиясы бойынша статистикалық органдар есептейді және халықаралық салыстырулар үшін қолданылады. ЖҰӨ өзіне мыналарды: негізгі өндірістік және өндірістік емес қорлардың(с1) амортизациясын (тозуын), материалдық өндіріс саласының таза өнімін (v+m)және сыртқы экономикалық қызмет бойынша табысты (m)- енгізеді: ЖҰӨ= c1+ (v+ m)+ m ЖҰӨ- нің көмегімен еліміздің экономикалық даму деңгейі мен пропорциясын шет елдермен тікелей салыстыруға мүмкіндік туды. ТМД елдері мен Қазақстанда ЖҰӨ-ні экономикалық есептеу тәжірибесі 1988-ші жылы енгізбейді., сөйтіп ол қосымша жинақталған көрсеткіштерге (жиынтық қоғамдық өнім, ұлттық табыс және т.б.) қосылды. Жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) жиынтық қоғамдық өнімнен (ЖҚӨ) айырмашылығы сол, ол еңбек заты мен жартылай фабрикаттар құнының қайталанған есеп-шотын ендірмейді. Қайталанған есеп-шоттың енбеуін қосарланған құн көрсеткіші қамтамасыз етеді. Ол дегеніміз кәсіпорынның жалпы табысы және оның шикізат пен материалға кеткен шығындары арасындағы айырмасын көрсетеді. 9.3 кесте Скачать |