Баға нарықтық шаруашылық категориясы ретінде
Баға нарықтық шаруашылық категориясы ретіндеМАЗМҰНЫ АҢДАТПА ДИДАКТИКАЛЫҚ ЖОСПАР 1.1 Бағақалыптастырудың теориялық негіздері 1.2 Баға функциясы 1.3 Бағаның жіктелуі 2.1 Баға құрамындағы өзіндік құн 2.2 Баға құрамындағы пайда 2.3 Баға құрамындағы салықтар 2.4 Бағадағы үстемелер мен шегерімдер 3.1 Бағаны есептеу схемасы 3.2 Баға саясатының мақсаты 3.3 Бағақалыптастыру стратегиясының түсінігі 3.4 Бағақалыптастыру стратегиясының түрлері ӨЗДІК ЖҰМЫСҚА ТАПСЫРМА ГЛОССАРИЙ ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ РЕФЕРАТ ТАҚЫРЫПТАРЫ ЕМТИХАНҒА АРНАЛҒАН СҰРАҚТАР
МАЗМҰНЫ АҢДАТПА КУРС: БАҒА ЖӘНЕ БАҒА ҚҰРУ Берілген ЮНИТАДА «Баға және баға құру» курсынан баға құрудың әдістері және стратегиясы, бағаның қарым- қатынасы, қаржы және құнсыздану, еңбек рыногында және капитал активінің процессіндегі баға құру, шетелдік және әлем бағасын айналдыру денгейі көрсетілген. Сондай-ақ «Баға және баға құру» курсы оқу пәндерінің арасында өте маңызды рөл ойнайды, Қазақстанның қаржы-несие жүйесінде жоғары білікті мамандарды құрады. Осы курс барысында қазіргі баға құру және оның негізгі әдістері көрсетілген, рынок экономикасында баға құрудың ролін анықтаған, негізгі экономикалық көрсеткіштерде баға құру қатынасы көрсетілген.С.Аманжолов атындағы ШҚМУ студенттеріне арналған ДИДАКТИКАЛЫҚ ЖОСПАР 1.1 Бағақалыптастырудың теориялық негіздері. Баға және баға қалыптастыру мәселелері. Баға теориясында негізгі екі бағыт: шығындық, нарықтық. 1.2 Баға функциясы. Баға өлшеу, есептік, реттеуші, ынталандырушы, үлестіру (қайта үлестіру) және де өндірісті ұтымды орналастыру критерииі функциялары. 1.3 Бағаның жіктелуі.Саудалық баға және көтерме баға. Коммерциялық баға. Тауарлық аукцион бағалары . Биржалық котировкалар. Сауда-саттық бағасы. Тұрақты баға.Маусымдық баға . Сатылы баға. 2.1 Баға құрамындағы өзіндік құн. Өзіндік құн. Өндіріс көлеміне байланысты кәсіпорынның (фирманың) шығындарының екі түрі– тұрақты және өзгермелі. Калькуляция. Калькуляциялану кезінде өнімнің өзіндік құнына ену әдісі бойынша шығындар — тура және жанама. 2.2 Баға құрамындағы пайда. Пайда. Рентабельділік деңгейі 2.3 Баға құрамындағы салықтар. Салықтар. Әлеуметтік салық. Қосымша құн салығы. Акциз ұғымдарына анықтама. 2.4 Бағадағы үстемелер мен шегерімдер. Өндіруші-кәсіпорынның үстемесі. Көтерме сауданың үстемесі (жабдықтаушы-өткізу үстемесі). Саудалық үстеме. Шегерімдер. Қолма-қол төлем үшін шегерімдер. Жылдам төлемдер үшін шегерімдер. Жеңілдетілген баға. Тауарды кешендік сатып алудағы шегерімдер. Сатып алынатын тауарлардың көлемі үшін шегерімдер (кумулятивті емес). Айналым үшін шегерімдер немесе бонустік шегерімдер (кумулятивті). Прогрессивті шегерімдер. Дилерлік шегерімдер. Арнайы шегерімдер. Сатуды ынталандыру үшін шегерімдер. Экспорттық шегерімдер .Мерзімдік шегерімдер. Фирмадан бұрын сатып алынған тауарды қайтарғаны үшін шегерімдер. Бұрын қолданған құрал-жабдықтарды сатудағы шегерімдер. Жасырын шегерімдер. Сервистік шегерімдер. Клубтік шегерімдер. 3.1 Бағаны есептеу схемасы. Бағақалыптастыру мақсаттары мен міндеттерін анықтау. Сұранысты анықтау. Өндіріс шығындарын бағалау. Бәсекелестер тауар бағасы мен сапасын талдау. Бағақалыптастыру әдісін таңдау. Бастапқы бағаны есептеу. Қосымша факторларды есептеу. Соңғы бағаны бекіту. 3.2 Баға саясатының мақсаты. Фирманың әрі қарай өмір сүруі. Пайда максимизациясы. Өткізуді максималды түрде ұлғайту. Сападағы лидерлік. Жаңа нарықтарға шығу. Инвестициядан қажетті қайтарылымдыққа бағытталған бағаны бекіту. 3.3 Бағақалыптастыру стратегиясының түсінігі. Сараланған бағақалыптастыру стратегиясы. Бәсекелестік бағақалыптастыру стратегиясы. Ассортиментік бағақалыптастыру стратегиясы. 3.4 Бағақалыптастыру стратегиясының түрлері. Жоғарғы баға стратегиясы. Орта баға стратегиясы (бірқалыпты бағақалыптастыру). Төменгі баға стратегиясы (нарыққа ену стратегиясы). Кешендік сатуды ынталандыру стратегиясы (шығындық лидер). Қосымша тауарлар стратегиясы. «Лидер соңынан еру» стратегиясы. Мәртебелі баға стратегиясы. Шығындық көзқараспен байланысты тауарлар. Сұраныс көзқарасымен байланысты тауарлар бағасының стратегиясы. Баға бекітудегі қызметтерді үйлестіру стратегиясы. Бағалық дискриминация стратегиясы. Мақсаттық баға стратегиясы (мақсатты пайда). «Байланыстырылған бағақалыптастыру стратегиясы». «Өзгермейтін баға» стратегиясы. Нольмен аяқталмаған немесе психологиялық баға стратегиясы. Бағалық жолақ стратегиясы. 1.1 Бағақалыптастырудың теориялық негіздері Бағалар және бағақалыптастыру нарықтық экономиканың шешуші, маңызды элементтерінің бірі. Баға тауарлық-ақшалай қатынастардың барлығына қатысты болып табылады. Баға – сатып алушының тауарды сатып алуға, ал өндірушінің сатуға дайын ақшалай сомасы. Сатып алушы тауарды ақшалай бірлікте көрсетілген тауар құндылығы оның бағасынан жоғары болғанда сатып алады (1 Сурет.). 1 Сурет. Тауар бағасы мен құндылығының қатынасы. Сатушы үшін баға еңбек үшін, оның пайдасының шамасына, өмір сүру қабілеттілігіне әсер ететін сый-ақы болып табылады. Ол өндіріс құрылымына, нарықтағы фирма үлесіне әсерін тигізеді. Баға – айырбас үдерісіндегі тауардың (қызметтің) құндылығының (мәнінің) ақшалай көрінісі. Тауар (қызмет) құндылығы оған баға бекіту кезеңіндегі сұраныс және ұсыныс факторларымен анықталады. Баға және баға қалыптастыру мәселелері экономикалық теорияның ең қиын бөлімдеріне және экономиканы басқару тәжірибесінің ең маңызды компоненттеріне жатады. Нарықтық экономика жағдайында бағалар экономиканы реттегіш функцияларын атқару керек, онда бағаны қалыптастырушы факторлар кешені, экономиканың дамуының заңдылықтары мен тауар нарығының конъюнктурасы шоғырлануы керек |
Отправка СМС бесплатно |