Ақшаның қызметтері
Ақшаның қызметтеріАқша бірнеше қызметтер атқарады. Классикалық саяси экономияда — ақшаның құн мөлшері, айналыс құралы, төлем құралы, қазына жинау құралы, дүниежүзілік ақша сияқты бес қызметтері зерттелген. Қазіргі кездегі экономикалық ғылым өз зерттеулерін ақшаның құн мөлшері және айналыс құралы сияқты ең басты түбегейлі қызметтеріне арнайды. Ақшаның құн мөлшері қызметі деп оның өзінен басқа тауарлардың құнын анықтау қабілетін айтады. Қазіргі кезде ақшаның бұл қызметін адамдардың ойлау қабілеттерінің нәтижелерінен қалыптасқан ақшалар атқаруда. Бастапқы кезде ақшаның бұл қызметін өзінің құны болатын заттар ғана, яғни алтын атқарды. Алтынның құнымен белгіленген тауардың құны, оның бағасы деп аталады. Тауардың құны жоғары болса, онда ол алтынның көп мөлшеріне теңестірілетін болды. Демек, тауардың бағасы тауардың құнына тәуелді. Бірақ та тауардың бағасы тек қана тауардың кұнына емес, ол алтынның құнына да тікелей байланысты болады: егер де алтынның бағасы қымбаттаса, тауардың бағасы арзандайды; егер де алтынның бағасы арзандаса, онда тауардың бағасы қымбаттайды. Жоғарыда талданған категориялардағы құнның еңбек теориясының басты ерекшеліктері осындай. Скачать |