Ақша қаражаттарың сипаттамасы, есеп айырысу нысандары
Ақша қаражаттарың сипаттамасы, есеп айырысу нысандарыЖоспар: Кіріспе. I-бөлім. Ақша қаржаттары. 1.1. Ақша қаражаттарың сипаттамасы, есеп айырысу нысандары. 1.2. Жолдағы ақша және құнды қағаздар. 1.3. Валюталық шоттағы және банктердегі арнаулы шоттардағы ақша қаражаттары 1.4. Кассадағы ұлттық және шетелдік валютамен қолға берілетін ақшалар. 1.5. Есеп айырысу шотындағы ақшалар.
II-бөлім. Ақша қаражаттарының есебі. 2.1. Жолдағы аударымның және құнды қағаздардың есебі. 2.2. Валюталық шоттағы және банктердегі арнаулы шоттардағы ақша есебі. 2.3. Кассадағы қолға берілетін ақша есебі. 2.4. Есеп айырысу шотындағы ақша есебі. III-бөлім. Қорытынды.
Халық шауашылығы есептерің арасында бухгалтерлік есептің алатын орны ерекше. Барлық экономикалық ғылымдар ішінде бухгалтерлік есеп өз алдына дараланып тұратын бөлек ғылыми сала. Бұл ғылымды жан-жақты зерттейтін, экономикалық жағынан талдайтын, өз алдына ғылыми даму жолдарын анықтайтын әдістермен бірге бұл ғылымды оқытатын пән бар.Осы орайда қоғамдық өндіріс процестерін бухгалтерлік есеп ғылымының пәні деп айтуға болады немесе қоғамдық өндіріс процестерін бухгалтерлік есепке алынатын біртұтас тұлға деп қарауға болады. Өйткені бухгалтерлік есеп қоғамдық өндірістің дамуы жолында қажет. Бухгалтерлік есептің мәліметтері мен көрсеткіштері қоғамдық өндірістің дамуын экономикалық тұрғыдан зерттеуге бірден-бір негіз болып табылады. Сондықтан да бухгалтерлік есептің негізгі міндеті - халық шауашылығының барлық салаларында нақты тұжырымды мемлекеттік талапқа сай есептеу жұмысын жүргізу. Қоғамымыздың даму кезеңдерінің қай сатыларында болмасын дамудың объективті экономикалық заңдылықтарын анықтау және ол заңдылықтарды пайдалану шараларын дұрыс белгілеу үшін есеп жұмыстарын, әсіресе бухгалтерлік есеп жұмыстарын дұрыс ұйымдастырудың маңызы зор. Қоғамдық даму нәтижесінде бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуына қойылатын талаптардың өсіп,міндеттердің артып отырғандағы бухгалтерлік есептің тарихынан белгілі. Бухгалтерлік есеп көптеген жүз жылдықтар бұрын пайда болып, бүгінгі күнге дейін дамып, пайдаланып келеді. Тайпалардың арасындағы шаруашылық оперцияларына байланысты табылған жазулардан бухгалтерлік есеп біздің заманымызға дейінгі V ғасырда жүргізілді деген деректер бар. Ал біздің заманымызға дейінгі II ғасырда Грецияда салынған құрылысқа кеткен шығындар есептеліп, салынған үйдің қабырғасына жазылатын болған. Қазіргі нарықтық экономикаға түбегейлі көшу кезеңінде бухгалтерлік есепке жүктелетін міндеттер қай кездегіден болмасын күрделі, ауқымды болып отыр.Өйткені қазіргі қоғамдық дамудың жаңа кезеңінде өндіріс құрал-жабдықтарының мемлекеттік меншіктен ұжымдық және жеке меншіктерге ауысуы кең етек алуда. Осыған орай қазіргі кезде мемлекет, субъектіге және жеке тұлғалар арасындағы экономикалық және қоғамдық қарым-қатынастар саясаты жаңа сипат алып отыр. Еліміздің жағдайын жақсарту, экономиклық дағдарыстан шығу мемлекеттік тұрғыдан бақылауға алынған мәселелер бойынша күн тәртібінде бірінші кезекке қойылып отыр.Бұған Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2030»атты стратегиялық бағдарламасында «Еліміздің экономикалық саясатының бірден-бір басымды бағыты – шағын және орта бизнесті дамыту» - деп атап көрсетуі дәлел бола алады. Сондықтан да кәсіперлікті еліміздің шаруашылық қызметін жандандырған күш деп білуі қажет. Шағын және орташа кәсіпкерлікті дамытуға мемлекеттік тұрғыдан көп көңіл бөлінуіне байланысты елімізде күннен-күнге бухгалтер және аудитор мамандарына деген сұраныс артуда. Әрине, олардың кәсіпкерлік шаруашылығын дамытуға қатысатын үлесі мен жасайтын қызметі елеулі де әрі тиімді. Сонымен қатар қазіргі кезде халықаралық стандартқа көшу барысында бухгалтерлік есеп және аудит жұмысына қойылатын талап өт күрделі. Ол шетел тәжірибесін тиімді қолдану, бухгалтерлік есепті жаңа талаптарға сай жеделдетіп бір жүйеге келтіру болып табылады. Нарық қатынастары жағдайында шаруашылық жүргізуші субъктілерде бухгалтерлік есептің маңызы өте зор. Шаруашылық субъектілерінде бухгалтерлік есеп жұмысы «Бухгалтерлік есеп турылы», «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жасалған бухгалтрлік есеп стандарты мен қаржы шаруашылық қызметі бухгалтерлік есебінің бас шоттар жоспарына сай бекітілген ортақ принциптер мен ережелері және Қазақстан Республикасының Қаржы және Кіріс министрліктерінің бухгалтерлік есеп жөнінде шығарған нұсқаулары мен режелері, сондай-ақұсыныстары негізінде ұйымдастырылады, қазіргі кезде елімізде қолданылып жүрген бухгалтерлік есеп жүйесі халықаралық бухгалтерлік есеп стандартына барынша жақындатылған. Бухгалтерлік есеп және есеп беру мәліметтері шаруашылық жүргізуші субъектілердің және олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жедел басқару үшін, экономикалық жоспарлар жасап, оның орындалуын бақылау үшін қолданылады. Экономиканың қай саласындағы болмасын шаруашылық субъектілермен еңбек ұжымдары шикізат пен материалдарды ұқыпты жұмсауға, өндіріс қалдықтарын азайтуға, ысырапты жоюға, өзінің өндіріп шығаратын өнімін халықаралық рыноктағы бәсекелестікке жарамды етіп шығаруға, өндірісін ұлғайтуға, өндіретін өнімінің өзіндік құнын төмендетуге және де қоршаған ортаны сақтауда оған зиян келтірмеуге мүдделі. Бұл орайда шаруашылық субъектінің материалдық құндылықтарын, ақша қаражаттарын, сондай-ақ басқа да ресурстарын тиімсіз жұмсауға қарсы күресте бухгалтерлік есептің маңызы мен мәні айрықша. Барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер өз ақша қаражаттарын банктердің тиісті мекемелеріндегі шоттарда сақтайды. Міндеттемелер жөніндегі басқа субъектілерге төлемдер, әдетте ақша аудару арқылы есеп айырысу тәртібімен банктердің осы мекемелері арқылы жүргізіледі. Нақты ақшасыз есеп айырысу Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген нормативтік құжаттар шегінен шығып кетпейтіндей етіп жүргізіледі. Ұлттық Банк ақша-несие жүйесіне орталықтандырылған жоспарлы басқаруды, бюджеттің кассалық жүйесінің орындалушы жүзеге асырады және жиынтық валюта жоспарын қалыптастыруға қатысады. Ол ақша эмиссиясын, ұйымдар мен мекемелердің несиемен қаржыландырылуын және есеп айырысу қызметін атқарады. Прогрессивті есеп саясатын жүзеге асыру, негізгі қызметті несиелендірудің бүкіл жүйесінің тиімділігін арттыру, күрделі қаржымен қа |