Ауыл шаруашылық кешені және қайта өңдеу саласы бойынша
Ауыл шаруашылық кешені және қайта өңдеу саласы бойыншаОблыстың агроөнеркәсіп кешені соңғы жылдары көтеріліп келеді. Ауылға қазіргі заманғы ауыл шаруашылығы техникалары әкелініп, жаңа технологиялар енгізілуде. Облыстың аграрлық секторы республиканың Батыс өңіріндегі ауылшаруашылығы өнімдерінің ірі өндірушісіне айналды. Астық және етті қайта өңдеу көлемі айтарлықтай өсіп, бидай мен ұн экспорты жыл сайын артып келеді. Негізгі тағам өнімдері бағаларын тұрақтандыру қамтамасыз етілді. Ауылды қолдау, ауыл шаруашылығына инвестициялар тарту, техникалық және технологиялық қайта жарақтандыру жөніндегі Елбасымыздың стратегиялы сенімді саясаты нақты жемісін беруде. Шаруалар нарықтық экономика жағдайында жұмыс жасауға үйренді. Ең бастысы, халық Елбасына сенеді және әлемдік дағдарыс жағдайында еліміздің агроөнеркәсіп кешенін дамыту міндеттерін үлкен күш-жігермен қабылдады.Майлы дақылдар көлемі 43 мың гектарға, немесе 1,3 есеге өсуі тиіс. Мемлекеттік қолдау ауылшаруашылығы тауарын өндірушілеріне өндіріс көлемдерін арттыруға мүмкіндік береді. Картоп және көкөніс шаруашылығы басым бағытгардың қатарында болады. Ішкі нарықты толық қанағаттандыру үшін 115 мың тонна картоп және көкөніс-бақша өнімдерін өсіру қажет, ол үшін өндіріс көлемін 1,3 есеге арттыру керек. Бүл жүмыс ірі тауарлы өндірісті ұлғайту, көкөніс шаруашылықтары мен ерте пісетін көкөніс өнімдерін өндіретін жылыжай шаруашылығын ұйымдастыру есебінен жүргізілетін болады. Өсімдік шаруашылығының төмен дамыған саласы бау-бақша шаруашылығы болып отыр. Бақтарды қайта қалпына келтіру ішкі нарық қажеттілігін жеміс-жидек өнімдерімен қамтамасыз етуде стратегиялық маңызға ие. Біздің алдымызда 2015 жылға қарай 500 гектарға дейін жаңа бақтар отырғызу міндеті тұр. Мал шаруашылығында асыл тұқымды мал шаруашылығының дамуын қамтамасыз ету және мал өнімділігін еуропалық елдердің көрсеткіштерінің деңгейімен салыстырарлықтай деңгейге дейін көтеру қажет. Бұл арада жаңа асыл туқымды шаруашылықтарды ұйымдастырумен, мал шаруашылығы өнімдерін өлшейтін жоғары технологиялық мал шаруашылығы кешендерін салумен шұғылдануымыз керек. 2015 жылға қарай ет өндірісі көлемін сойыс салмағында 50 мың тоннаға дейін, немесе 1,5 есе, сүтті 1,2 есеге өсіруге тиістіміз. Құс етінің импортына тәуелділіктен шығу үшін бройлерлік бағыттағы ірі құс фабрикасының құрылысы жоспарлануда. Қазіргі таңда облыста жылдық қуаты 7,4 мың тонна май өндіретін күнбағысты қайта өңцеу және өсімдік майын шығару зауытының, 8,6 мың бас ірі қара малына арналған бордақылау кешенінің, 500 басқа арналған сүтті-тауарлы ферманың құрылысы жөніндегі ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда. Жақында облысымызда «ҚазАгро» холдингінің басқарма төрағасы Асылжан Мамытбеков болып, осы жобаларға оң баға беріп, қаржылай қолдайтынын мәлімдеді. Тәулігіне 150 тонна астықты қайта өңдейтін диірмен кешенінің, етті бастапқы қайта өңцеумен қоса, мал сою цехының құрылысы аяқталуда. Басқа да жобаларды жүзеге асыру жүріп жатыр Скачать |