Ауыл шаруашылығының жағдайы шынында да мәз емес
Ауыл шаруашылығының жағдайы шынында да мәз емесҚазіргі ауыл шаруашылығының жағдайы шынында да мәз емес. Бірінші бөлімде, мен агроөнеркәсіп экономикасына жалпы шолу жасап өттім. Сонымен қатар агроөнеркәсіп өнімдер нарығын талдадым. Ол жерде ауыл шаруашылығы өнімдерінің нарығын құру үшін мемлекеттік тапсырыстың міндеттілігін жою , оның орнына экономикалық жағынан дербес тауар өндірушілер құрамын жасақтау , нарықтық инфроқұрылымын қалыптастыру, тауар өндірушілерлің дайындаушы ,ұқсатушы және басқа ұйымдармен еріктілік пен өзара тиімді негіздегі шарттық қатынастарына көшу мәселелерін қозғадым. Екінші бөлімде, мен өзекті мәселелердің басын қайырдым. Онда несие беру механизмін жаңартуды, жетілдіруді, тіпті түбегейлі өзгертуді қажет екенін айтып кеттім. Ауыл шаруашылығы банкінің керек екендігін және басқа несие беру қызметтеріне («Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» АҚ және «Қазагроқаржы» АҚ) қарағанда, банктің мүмкіндіктері мен артықшылықтары әлдеқайда басым. Бұл бөлімдегі тағы да бір мәселе ол лизингтік қаржыландыру болып табылады. Қазіргі таңда ауыл шаруашылығының шағын субъектілеріне техниканы иемдену басты проблема, ал лизинг болса осы тығырықтан шығудың бірден-бір мүмкіндігі. Сондықтан қазірдің өзінде мемлекет тарапынан лизингтік қаржыландыруға үлкен мән берілуде. Мемлекет тарапынан лизинг берушілерге көптеген жағдайлардың жасалып отырғандығын айта кеткен едім. Мысалы, пайыздық мөлшерлемені төмендету, Қазақстанға әкелінген техниканы баж салығынан босату және сол сияқты. Ал үшінші бөлімде қарастырылған мәселелердің бірі – бұл мемлекетіміздің ДСҰ-ға кіру карсаңында ауыл шаруашылығын барынша әлемдік стандарттаға сәйкестендіру. Сонымен қатар , ол ұйымға кірудегі оң және теріс жақтарын айтып кеттім. Бұл бөлімде курстық жұмыстың басты мәселесі – ауыл шаруашылығы проблемаларының шешу жолдарын айта кеттім. Биологиялық ресурстарымыз ауылда, минералды ресурстарымыз ауылда, моральдық ресурстарымыз ауылда. Бәрi ауылда. Тек капитал ауылда емес, билiк ауылда емес, элита ауылда емес. Соңғы үшеуінің ауылға келген жағдайда ғана – ауыл гүлденеді, көркейеді, өркендейді………. Скачать |