Агроөнеркәсіп экономикасының ерекшеліктері
Агроөнеркәсіп экономикасының ерекшеліктеріАдамзаттың техникада және өндірісте қолы жеткен прогресі қандай айбынды болғанымен , оның барлық өмірі табиғатқа байланысты екенін ұмытпауымыз керек. Ол адамдарға өте үлкен және алуан түрлі ресурстарды пайдалануға береді. Алдымен керегі бұл адамдардың тамағы. Ол болса табиғаттың негізгі ресурсы- жер арқылы өндіріледі, алынады. Шындығында жерсіз адам сүре де алмайды. Экономика ерекшілігінің бірі барлық ауыл шаруашылығы өндірісі осы жерде орналасқан. Біріншіден , ол табиғаттың , ауа-райының жағдайына толық байланысты , бір жыл екінші жылға ұқсамауы мүмкін. Екіншіден, шаруашылықты жүргізу маусымды және бір келкі емес, ал тұтыну болса жыл бойы жүреді. Үшіншіден, оның басқалардың өніміне қарағанда бір жермен бір орында емес, шашыранды , оларды бір жерге жинау мүмкін емес , тиімді болмайды. Төртіншіден, ауыл шаруашылық өндірісі, онда жұмыс істейтін жұмыскерлердің өмір сүріп, жұмыс істеуіне өз белгісін қалдырып отырады. Жұмыскердің жұмыс уақытымен санаспай істеуін талап етеді. Бесіншіден , бұл сала экономиканың басқа салаларымен салыстырғанда сұраным оралымдылығы мен икемділігі төмен, ол экономикаға екі жақты зардап алып келуі мүмкін: бірінші ауыл шаруашылығы өнімдеріне бағаның өсуі , оның оның тұтынуын азайтпай, керісінше көбейтіп, сонымен бірге шығындардағы инерцияның күшеюіне , ал , өнеркәсіп өнімдері, алдымен ауыл шаруашылығы өзі пайдаланып отырған өрімдердің қымбаттауына (трактор , машина, комбайн, жанар-жағар май, қосалқыбөлшектер т.б. ) әкеліп соқтырады: екіншіден , бағаны төмендету, өнімдерді өткізу көлемін және фермерлердің табысын молайту да өз әсерін тигізе алмайды, себебі, табыстан артылып қалған қаржыны фермер өнеркәсіп орындарының өнімдерін сатып алуға жұмсайды. Міне, осының барлығы агроөнеркәсіп шаруашылығының жалпы экономикалық прогресте арнайы орын алатынын, әлеуметтік шиеленушіліктің пайда болатынын көрсетеді. Дүние жүзілік тәжірибе көрсеткендей техниканың қандай болғанымен агроөнеркәсіп шаруашылығында өнімді көбейту- бұл жанұялық шаруа қожалығы болып отыр. Шаруа қожалығы дегеніміз бір жағынан , ауыл шаруашылық өндірісінің жаңа түрі, екінші жағынан , бұл кеңшар мен ұжымшарлардан ескі формалардың бірі болып саналады. Агроөнеркәсіп шаруашылық экономикасында шаруа қожалықтары, кооперативтер т.б.формалары арға ғасырдан екле жатыр. 1917 жылғы Қазан төңкерісінен “Ұлы сталиндік өзгеріске ” дейін жұмыс атқарып халыққа өз өнімін беріп келген. Орыстың ұлы ғалымы , ауыл шаруашылық экономисі Александр Васильевич Чаянов атағандай кеңшар мердігерлік әдістер, соның ішінде жеке және отбасылық мердігерлік, кооперативті, шаруа қожалығы т.б. түрлері өмір сүріп , халыққа қызмет көрсете алады. Ғалымның бұл пікірінің дұрыстығын, қазіргі кезде әлемдік ауыл шаруашылық тәжірибесі дәлелдеп отыр. Мысалы, ҚХР-дағы тұрғындардың 80 пайызына дейін ауылдарда тұрады. Бір ерекшілігі –ауыл шаруашылық мекемелерінде емес, ауыл шаруашылығына жатпайтын ұйымдарында (ұжымшарлар мен кеңшарлар емес) барлық айдалатын жердің 90 пайызы отбасылық , жалгерлік, кооперативтік әдіспен жұмыс істейді екен. Жерді 50 жылға дейін жалға келісім шартпен алып жұмыс істеп, әр алуан өнімдер өндіреді. Осы өндірген өнімнен жалгерлер мемлекетке жылдық ақы есебіне 3 пайыз, кооператив ұйымдарына 7 пайыз беріп , қалған 40 пайызын мемлекетке жоғары бағамен сатып отырады. Енді қалған өнімнің 50 пайызы жалгерлік ұйым мүшелері өздері бөледі ,не мемлекетке , немесе басқаларға нарықты еркін бағамен сатады. Ал, АҚШ ауыл шаруашылығында істейтін фермерлік шаруашылықтар барлық штаттар бойынша өндірілген өнімнің 60 % береді. Әрі жеке меншікті жанұялы фермерлер 1 мың доллардан 20 мың долларға дейін өнім өндіріп, сатады. Бұған қосымша ауыл шаруашылық өнімдерін тағы да 16 % бірігіп жұмыс атқаратын туысқан адамдардан құралған серіктестік фермалар береді екен. Дүние жүзі мемлекеттерінің тәжірибелері көрсеткендей экономикалық мүддесінен қол үзгені, жерінен айырылған шаруа елді тойдыра алмайды және ауыл шаруашылығына жұмсалған қаржы қандай көлемде болса да, құмға сінген су сияқты еш жердем тигізе алмайды және саланы ілгері дамыта алмайды. Нарықты қатынастарға көшкен мемлекеттерде агроөнеркәсіпті шаруашылығы саласында фермерлер , шаруа қожалықтары, кооперативтер , жалгерлер, акционерлік қоғамдар т.б. жұмыс істейді. Осылардың әрқайсына қысқаша түсінік берелік . Шаруа қожалықтары- бұл фермерлерге ұқсас сияқты. Фермер ауыл шаруашылығының еркін тауар өндірушісі есебінде көрінсе, шаруа қожалығы бұрыннан-ақ бізде болған , өнім өндіріп келген кішігірім құрылымдар. Сонымен, шаруа қожалығы- өз еңбегімен жұмыс атқарып ,өнім өндіріп, өзін-өзі қаржыландыратын ,заңды, дербес шаруашылық. Шаруа қожалықтардың ерекшеліктері: • Өз қызметін жанұя, оның мүшелері арқылы жүргізеді; • Жер мемлекеттік актімен бекітіліп берілгеннен кейін ,оның заңды иесі бола алады және жұмыс істейді; • Барлық жағынан заңды түрде мәртебе алып, өзінің атынан жергілікті органдарда өз шешімдерімен бекітіп, шарт жасасып отырады, өзінің мөрі , банкде шоты, кіріс, шығыс баланстары болады. Шаруа қожалығы басқа да ұйымдармен қарым-қатынас жасайтын өндіріс орны да болып табылады; • Өндірген өніміне және құрал жабдықтарына, тапқан табысына заңды түрде ие болып қожалық жасайды, сөйтіп алған дүние мүлкі аткімен бекітіледі; Өз жағдайларына , мамандандырылынғанына қарай не өндіретіндерін, қалай өндіретіндерін, қандай технологияны пайдаланатынын, алған өнімдерін қайда, кімге сататынын өздері дербес шешеді. Ол өз кірісін ,табысын өзі біліп , өзі билейді, өзі бөледі. Әкімшілік түрде ол еш кімге бағынышты емес. Сондықтан оның ішкі жұмысына ешкім араласа алмайды. Олар мемлекеттік , кооперативтік , өздері сияқты шаруа қожалығымен қолма-қол ақшалай, ақша немесе аудару арқылы қарым-қатынас жасайды; Өз өндіріс орнында дербес жұмыс істегендіктен кеңшар, ұжымшылардың істеріне араласпайды; Өндірілгген өнімнің 70-80 пайыз тауарлығы, яғни сатылатындығы болғандықтан, аның тауарлығының жоғары екендігін көрсетеді; Шаруа қожалығының негізгі мақсаты – шаруалардың жанұя мүшелерін азық -түлкпен қамтамасыз ету , сонымен бірге , өндірген өнімдерді сату арқылы пайда табу. 1998 жылғы наурыздың 31-де “ Шаруа қожалығы туралы ” Қазақстан Республикасының заңы өмірге келді. Бұл заң Қазақстан Республикасында шаруа қожалықтарын құрудың және олардың жұмыс істеуінің құқықтық, ұйымдық және экономикалық негіздерін белгілейді. Енді ауыл шаруашылығы өнімдерінің нарығын айтпай кетуге болмайды және оны келесідей қарастыратын боламыз. Скачать |