Қаныққан көмірсутектердегі нуклеофильді орын басу реакциясы SN1 және SN2. механизмі. Еріткіштердің табиғаты


Қаныққан көмірсутектердегі нуклеофильді орын басу реакциясы SN1 және SN2. механизмі. Еріткіштердің табиғаты

 

Дәріс мақсаты: Алкиндардың электрондық құрылысы, номенклатурасы мен изомериясы, алыну жолдары, физикалық және химиялық қасиеттері, қолданылуы

1. Алкиндер. Алкадиенднр.  Алкиндердің электрондық құрылысы

2. Номенклатурасы мен изомериясы

  1. Алыну жолдары
  2. Физикалық және химиялық қасиеттері
  3. Қолданылуы

             Органикалық қосылыстар өзінің әртүрлілігімен және көпшілігімен ерекшеленеді. Сондықтан олардың систематизациясы қажет. Органикалық қосылыстар екі негізгі құрылымдық ерекшеліктерін ескере отырып классификацияланады:  көміртегілік тізбек құрылысы (көміртегілік қаңқа); — функционалдық топтпрының болуы және құрылысы. Көміртегілік қаңқа (көміртегілік тізбек) – бір бірімен химиялық байланысқан көміртегі атомдарының реттілігі.   Функционалдық топ — қосылыстың белгілі бір топқа жатуын және оның химиялық қасиеттеріне жауапкершілігін анықтайтын атом немесе атомдар тобы.  Көміртегілік тізбегіне байланысты органикалық қосылыстарды ациклдік және циклдік деп екіге бөледі.Ациклдік қосылыстар ашық (тұйықталмаған) көміртегілік тізбегі бар қосылыстар. Бұндай қосылыстар сондай-ақ  алифатикалық деп те аталады.

Ациклдік қосылыстардың ішінде қаныққан, қаңқасында тек бір байланыстары бар C-C және қанықпаған, олардың жұп байланыстары болады C=C және CC. Ациклдік қосылыстар сондай-ақ тармақталмаған және тармақталған тізбегі бар қосылыстарға жіктеледі. Бұл жағдайда көміртегі атомының басқа көміртегі атомдарымен байланыстарының саны ескеріледі.Циклдік қосылыстар тұйықталған көміртегілік тізбегі бар қосылыстар. Циклді құрайтын атомдардың табиғатына байланысты, карбоциклдік және гетероциклдік қосылыстар болып бөлінеді. Карбоциклдік қосылыстар циклде тек көміртегі атомдарын ғана құрамына кіргізеді. Олар бір бірінен химиялық қасиеттері бойынша ерекшеленетін екі топқа бөлінеді: алифатикалық циклдік — қысқаша алициклдік – және  ароматикалық қосылыстар.

Гетероциклдік қосылыстардың циклінің құрамына  көміртегі атомынан басқа, бір немесе бірнеше басқа элементтердің атомдарын кіргізеді — гетероатомдар (грекшеден heteros — басқа, бөлек) — оттегі, азот, күкірт және т.б.Құрамына тек қана көміртегі мен сутегі кіретін қосылыстарды, көмірсутектер деп атаймыз. Басқа, көмірсутектерге функционалдық топтарды енгізгенде пайда болған,  құрамында басқа элементтері бар, аса көбірек, органикалық қосылыстарды көмірсутектердің туындылары деп қарастыруға болады. Функционалдық топтардың табиғатына байланысты органикалық қосылыстарды класстарға бөледі. Кейбір функционалдық топтар және оларға тән қосылыстардың класстары кестеде көрсетілген:

Органикалық қосылыстардың молекулалардың құрамына екі немесе одан да көп бірдей немесе әртүрлі функционалдық топтар кіре алады.  Органикалық қосылыстардың барлық класстары бір бірімен тығыз байланыста. Қосылыстардың бір классынан екінші классына ауысу көбінде көміртегі қаңқасын өзгертпей функционалдық топтың ауысуы арқылы жүзеге асады. Әр класстың қосылысы гомологтық қатар құрады. Көмірсутектер де молекуларындағы көміртек атомы қосылуға үш валенттіліктерін жұмсайтын көміртек атомдары бар көмірсутек қосылыстарын айтады, яғни көміртек атомдарының орбиталарының sp- гибридтенуінен құралған үш байланыстары бар көмірсутектермен сутектердің қосылыстарын айтады.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Алкиндер. Алкиндердің электрондық құрылысы

2. Номенклатурасы мен изомериясы

  1. Алыну жолдары
  2. Физикалық және химиялық қасиеттері
  3. Қолданылуы
 


Скачать