Болгария мемлекеті
Болгарияның экономикалық және саяси дамуы. Бірінші дүниежүзілік соғыста Болгария үштік одақ мемлекеттері жағында соғысты. Болгария өз одақтастары сияқты бұл соғыстан жеңіліп шықты. Соғыс елдің экономикасын күйзеліске әкелді. Болгария соғыс жылдарында Германияны азық-түлікпен қамтамасыз етіп отырды. Соғыстың ауыртпалығы халықтың мойнына түсті. Өнеркәсіптің 70%-ы тоқтатылды. Ауыл шаруашылығы күйзеліске ұшырап, егіс көлемі 25-30% қысқарды. Елде қымбатшылық болып, азық-түлік жетіспеді. 1915-1918 жж. нанның бағасы 4 есе, ет – 5есе, қант – 3 есеге қымбаттады. Солдаттарға қару-жарақ, азық-түлік жетіспеді. Соғыстан қажыған солдаттар үйлеріне қайтуды талап етіп, соғыс майдандарында үкіметке қарсы қозғалыс кең етек ала бастады. 1918 жылы 26 қыркүйекте Владай селосындағы болгар солдаттары көтеріліске шығып, София қаласына бет алды. 29 қыркүйекте Владай көтерілісіжеңіліс тапты. 30 қыркүйекте Болгария соғыстан шықты. 3 қазан күні Болгария патшасы Фердинад тақтан түсіп, елдің билігін баласы Бориске берді. 1918 жылы 17 қазанда Болгарияда ұсақ буржуазиялық үкімет құрылды. Үкіметтің құрамына социалистер мен БЗНС (Болгарияның жер, халық одағы) партиясы кірді. Елде саяси дағдарыс шиеленісіп, революциялық ахуал күшейді. Жаңа үкімет кейбір жеңілдіктер жасауға мәжбүр болды. Біріншіден, елде кешірім (амнистия) жариялады, екіншіден, 8 сағаттық жұмыс күнін енгізді. Бірақ бұл шаралар елдегі саяси дағдарысты жоя алған жоқ. 1919 жылы наурыз айында Болгар социал-демократиялық (тесняктар) партиясының ХХІІ съезі болды, бұл съезд партияның атын өзгертіп, Болгар Коммунистік партиясы деп атады. Оған БКП басшылары Васил Коларов, Георгии Димитровтар сайланды. 1919 жылы жаз айларында революциялық қозғалыстар кең етек алды. БКП басшылық жасап, халықтың арасында беделі өсті. 1919 жылы тамыз айында халық жиналысына (парламент) сайлау өтті. Сайлауда БЗНС ұсақ буржуазия партиясы жеңіске жетсе, екінші орынды БКП жеңіп алды. Парламентте 47 депутаттық орынға ие болды. Сайлаудан кейін бір партиялық БЗНС үкіметі құрылды. Үкімет басшысы болып БЗНС партиясынан Стамболийский тағайындалды. Болгария монархиялық-буржуазиялық ел болды. Болгар патшасы Борис орнында қалды. Стамболийский үкіметінің ішкі және сыртқы жағдайы өте ауыр еді. 1919 жылы 27 қарашада Нейи-Сюрсенде Антанта елдері мен Болгария арасында келісімге қол қойылды. Нейи келісімі бойынша, Болгария Грецияға Фракияны қайтарды. Югославияға 2500 кв км жері, Кула, Цариброд, Струлищ қалалары берілді. Сонымен бірге, Румыния Добрудж жерін алды. Болгария 2250 млн франк төлем төлеуге келісті. Греция, югославия мен Румынияға 70 мың мал, 50 мың тонна көмір беруге тиісті болды. Нейи бітімі Болгария үшін өте ауыр соқты. Скачать |