Отынды энергетикалық комплекс
Отынды энергетикалық комплекс1.Энергетикалық ресурстарға барлық механикалық, химиялық және физикалық энергия көздері жатады. Энергетикалық ресурстар олардың табиғатына, алу жолдарына және басқа да нышанына байланысты топтастырылады. Қатты органикалық отын және уран ресурстарының көп мөлшері өнеркәсібі дамыған елдердің жерінде болса, мұндай ресурстары мен гидроэнергия негізінде дамып келе жатқан Азия, Африка және Латын Америка елдерінде. Жер қойнауындағы отын қоры болып көмір, мұнай, газ және уран рудалары саналады. Көмірдің дүниежүзілік қоры 9-11 трлн тонна, оның ішінде 50 пайызы ТМД елдеріның жерлерінде шоғырланған. Жылына орта есеппен пайдалануға жерден алынатын мөлшер 4,2 млрд.тонна. Дүние жүзілік мұнай қоры 840 млрд. Дүниежүзілік табиғи газдың қоры 300-500 трлн м3. Табиғи газдардың үлкен қорлары Иракта, Сауд Аравиясында, Алжирде, Ливияда, Нигерияда, Венесуэллада, Мексикада, АҚШ-та, Канадада, Австралияда, Ұлыбританияда, Норвегияда, Голландияда, Ресейде, Қазақстанда. Жыл сайын Ресей 800-850 млрд. м3 табиғи газ өндірсе, Қазақстанда 5-7 млрд м шамасында өндіріледі Күн- өте үлкен қуатты энергия көзі. Оның 22 күн ішінде жерге берген энергия қуаты бүкіл Жер әлеміндегі органикалық отынның қуатына тең. Күн қуатын өнеркәсіп пен тұрмыс жағдайында қалай қолдануға болатыны бұл да шешілмеген проблеманың бірі. Жел энергиясынан электр тоғын алу процестеріне экологиялық тұрғыдан қарасақ, мұны таза технологияға жатқызуға болады. Шу және телидидар жүйесінде кездесетін тағы да басқа бөгеуілдердің мәселесі шешілетін проблемалар деуге жатады. Жалпы геотермальдық энергия қоры 200 гВт шамасында, негізінде ол Тынық мұхиттың төңірегінде шоғырланған. Тағы бір энергия көзі – биомасса. Оның құрамындағы күкірттің мөлшері 0,1%, ал күлділігі-3-5%-тен аспайды. Биомассадан алынған газды оын ретінде пайдаланып, турбогенераторлардың көмегімен электр тоғын ал жолы басқа белгілі әдістермен бәсекелеске алады. Пайдасы мен бірге мұнай өндірісінің қоршаған ортаға тигізетін зиянды әсері де аз емес. Қоршаған ортаға тигізетін зиянды әсері де аз емес. Қоршаған ортаның ластануы іздеу барлау және мұнай, газ өндіретін ұңғымалар құрлысынан басталады. Бұл кездегі ластаушы көздерге бұрғылау қондырғыларында орнатылған дизельдерден шығатын түтіндер, азот пен көміртек оксидтері, шаң, бұрғылау ертінділері және т.б. бұрғы мұнарасынан 800 м алшақтыққа дейін топырақ және өсімдіктер бұрғылау сұйығымен ластанып, зардап шегетіні ғылыми түрде дәлелденген. Мұнайды алғанда табиғатқа тиетін зардаптар мынадай: - Апатты жағдайлардың болуын азайту мақсатында көптеген шаралар қолдануға тиіс. Мысалы, коррозиямен күресідің нәтижелі жолдарын іздестіру және тасымалдау құбырларын жиі тексеру, жөндеу жұмыстарын уақытылы ұйымдастыру. - мұнайды жер бетіне шығару үшін біраз жер ресурстарының әртүрлі құрлыс обьектілерін салуға айналымнан шеттелуі, жер сұрқының бұзылуы, ластануы. -ластаушы заттар бөлініп, атмосфераның, жер бетіндегі және жер астындағы сулардың, топырақтың олармен ластануы -мұнаймен қоса жер бетіне жоғары минералды судың шығуы -бұрғылауда шыққан қалдықтарды көму -мұнайдың төгілуі. Негізінде негативті әсерді мұнай шығаратын кәсіпорындар атмосфералық ауаға тигізеді. Осы өндірістен шығатын ластаушы компоненттерге көмірсутектері, көміртек оксиді, қатты заттар жатады. Осы салада мұнаймен бірге қосыла шығатын газ әлі толығымен қолдануын таппағанына байланысты, жыл сайын оның көлемінің 20 пайызы пайдасыз алуда жағылады, сондықтан қоршаған ортаны ластаумен қатар табиғи ресурс ысыраптанылады. Очыған байланысты бұл газдарды кәдеге асыру жодарын іздестіру қажет. Бұрғылайтын қондырғылар мен магистральды газ-мұнай тасымаодайтын құбырлар кездейсоқ апатты жағдайға ұшыратуы мүмкін, осы кезде қоршаған ортаның, әсіресе жер бетіндегі сулардың ластануы орын алады. Апаттық жағдайдың тууының негізгі себебі тасымалдау құбырларының коррозия процесіне ұшырап, жарылуы, сонымен қатар құрлыс техникасының осы құбырларды басып езіп кетуіне немесе технологиялық және құрлыстық ақаудың болуына да байланысты келеді. Мұнай шығаратын өндірістер басқалармен салыстырғанда суды көп жұмсайтын болғандықтан, олардың суаттарға жіберетін латанған ақаба суларының көлемі де жеткілікті. Қазақсанда мұнай өңдейтін кәсіпорындар 1945 жылдан бастап жұмыс істей бастады. Бірінші іске қосылған Атырау мұнай өңдеу зауыты, ол 1959 жылға дейін тек сырттан әкелінген шикізатты өңдеді, яғни Түркменістан мен Әзірбайджанның мұнайын. Қазіргі кезде республикада жұмыс істейтін тағы да екі мұнай өңдейті зауыт бар- Павлодар мен Шымкент мұнай өңдеу зауыттары. Ақтау қаласында мұнайдың ілеспе газынан алынатын этан фракциясын өңдеп этилен, тил бензол, стирол және полистирол шығаратын біріктірген ірі тоннажды өндіріс пен пластмасса зауты жұмыс істейді. Бұл зауытта бояу өңбейтін алуан түрлі пластмассалар алынады. Мұнай өңдейтін зауыттар ауа мен су бассейндерін ластайтын көздің бірі. Ластаушы заттар шығаратын негізгі көздерге- мұнайды күкірттен тазарту мен катализаторларды регенерациялау процестері, қыздырғыштар және қазандықтар жатады. Сонымен қатар мұнайдан, одан алынған өнімдерді сақтайтын ыдыстардан, су мен мұнай сепараторларынан әртүрлі заттар бөлініп, қоршаған ортаны ластап отырады. Мұнай өңдейтін өндірістің кәсіпорындары атмосфераны көмірсутектермен, күкірттіоксидпен, көміртек оксидімен, азот оксидімен ластайды. Бұл кәсіпорындар көп мөлшерде суды қажет кткді, ал олардан шыққан ақаба суларда көп мөдшерде мұнай өнімдері, сульфат, хлорид, азот қосылыстары, фенол, ауыр металдардың тұздары болғандықтан, суаттар осы заттармен ластанып отырады. Топырақты да ластайтын осы қосылыстар. Скачать |