Органикалық химияның мәні
Органикалық химияның мәніОрганикалық химияның өте маңызды танымдық және халықшаруашылық мәні бар. Табиғи органикалық заттар және олардың айналуы Тіршілік құбылысының негізінде жатыр. Сондықтан органикалық химия – биологиялық химия, молекулалық биология және молекулалық деңгейде болатын организмдердің ұлпаларында жүретін процестерді зерттейтін ғылымдардың химиялық фундаменті болып есептелінеді. Осы төңіректегі зерттеулер тірі табиғаттағы құбылыстар мәнін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Көптеген синтетикалық органикалық қосылыстар адам қызметінің әр түрлі салаларында қолдану үшін, өнеркәсіптермен өндіріледі. Бұл – мұнай өнімдері, әр түрлі қондырғылардың жанармайы, полимерлі материалдар (каучуктер, пластмассалар, талшықтар, пленкалар, лактар, желімдер және т.б.), беттік-активті заттар, бояғыштар, өсімдіктерді қорғайтын заттар, дәрілік препараттар, дәмдік және парфюмерлі заттар және т.б. Цивилизацияның бұл өнімдерін заманға сай адам органикалық химияның негізін білмей тиімді пайдалана алмайды. Органикалық қосылыстардың шикізаттық көздері болып: мұнай және табиғи газ, тас және қара көмір, жанғыш тақта тастар, шымтезек, орман және ауыл шаруашылық өнімдері саналады. Скачать |