Органикалық химиядағы тотығу-тотықсыздану реакциялары
Органикалық химиядағы тотығу-тотықсыздану реакцияларыДәріс мақсаты: Органикалық химиядағы тотығу-тотықсыздану реакциялары.Олардың маңызын, жүру жағдайларын көрсету 1 Органикалық химиядағы тотығу-тотықсыздану реакциялары. 2 Олардың маңызын, жүру жағдайларын көрсету 3 Органикалық химиядағы тотығу-тотықсыздану реакциялары, әсер етуші факторлар Тотығу – тотықсыздану реакциялары – молекулаға кіретін атомдардың тотығу дәрежесін өзгерте жүретін реакциялар. Бұндай типтегі органикалық реакциялар үшін бейорганикалық реакцияларға қолданылатын заңдылықтар да қолданылады. Тек айырмашылығы органикалық химияда тотығу-тотықсыздану процесстері сол затқа қатысты қарастырылады және молекуланың реакциялық орталығы болатын көміртегінің тотығу дәрежесінің өзгеруіне байланысты қарастырылады. Бұндай реакциялар қосылу, орынбасу, алмасу және т.б. реакциялардың типтері бойынша жүруі мүмкін. Егер органикалық молекуладағы көміртегі атомы тотықса (электртерістілігі жоғарырақ атомға өз электрондарын береді), онда бұл процессті тотығу-тотықсыздану реакциясына жатады, өйткені тотықтырғыштың тотықсыздану өнімі (әдетте бейорганикалық зат) берілген реакцияның соңғы мақсаты болмайды. Керісінше, тотықсыздану реакциясы деп органикалық заттағы көміртегі атомының тотықсыздану процессін айтамыз. Жиі органикалық химияда тотығу және тотықсыздану реакцияларын сутегі және оттегі атомдарын жоғалту немесе қосып алуға байланысты реакцияларды қарастырумен шектеледі. Егер зат Н атомын жоғалтып, және (немесе) О атомын тапса, онда ол тотығады. Құрамында оттегісі бар тотықтырғыштарды мына беліемен [O] белгілеуге болады: Егер Н атомын қосып алып немесе О атомын жоғалтқан болса, онда зат тотықсызданады. Тотықсыздандырғыш мына белгімен белгіленеді [H] Өзінің қосылыстарында көміртегінің тотығу дәрежесі -4 бастап (мысалы, метанда CH4) +4 дейін диапозон аралығында өзгереді (CO2). Органикалық қосылыстарда бір молекуладағы көміртегі атомы әртүрлі тотығу дәрежесін көрсете алады: -3CH3--1CH2-OH Бұл белгі бойынша барлық реакцияларды диссоциативті (мономолекулалық) және ассоциативті (бимолекулалық, тримолекулалық). Мономолекулалық реакциялар – бір молекула ғана (бөлшек) қатысатын реакция: Бұл типке ыдырау және изомеризация реакциялары жатады. Электролиттік диссоциация процесстері де осы типке сәйкес келеді, мысалы Бимолекулалық реакциялар – мына типтес реакциялар А + В С + . . . , Оларда екі молекуланың (бөлшек) қақтығысуы болады. Бұл элементарлық реакциялардың ішіндегі ең жиі таралған түрлерінің бірі. Тримолекулалық реакциялар - 2А + В С + . . . , Үш молекула қақтығысатын реакция түрі. Тримолекулалық реакциялар сирек кездеседі. Бір уақытта көптеген бөлшектердің қақтығысуы мүмкін емес. Молекула құрамында корбонил немесе оксо топшасы бар көмірсутек туындыларын альдегидтер және кетондар деп атайды. Оларды корбонилді немесе оксоқосылыстар деп те атайды. Өзін-өзі бақылау сұрақтары: 1 Органикалық химиядағы тотығу-тотықсыздану реакциялары. 2 Олардың маңызын, жүру жағдайларын көрсету 3 Органикалық химиядағы тотығу-тотықсыздану реакциялары, әсер етуші факторлар Скачать |