Египет


Осы уақытта Египет деп аталатын Араб Республикасы елінің жерінде бағзы заманда қазіргі кездегі барлық адамдардың назарын өзіне магнитше тартқан күшті және құпиялы өркениет пайда болған. Европа мен Америкада тас мен жабайы аңшылық ғасыры үстемдік еткен сол бір замандарда ежелгі египет инженерлері Ұлы Ніл бойында ирригациялық құрылыстар тұрғызып, ежелгі египет математиктері Ұлы Пирамиданың негізінің тік төртбұрышы мен қисаю бұрышын есеп шығарған, көне египет сәулетшілері маңыздылыңы мен мәнін уақыттың өзі өшіре алмаған керемет шаһарлар тұрғызған.  Бүгінгі Египет – Африканың солтүстік-шығысында орналасқан ірі араб елі. Оның аумағының бір бөлігі - Синай түбегі - Азияда жатыр.Екі континенттің арасындағы шекара Суэцк каналының бойымен өтеді.  Египеттің миллион текше километрден асатын аумағының 96% - бұл сирек кездесетін шұрайлы жерлерден тұратын шөлді дала, ал шөлді даланың аумақты бөлігі –құмды емес, таулы болып келеді. Қалған бөлігінде 70-миллиондық тұрғыны бар елдің 9 проценті әлі күнге дейін өмір сүріп жатқан Нільдің алқабы мен атырауы.  Тіпті ежелгі грек тарихшысы Геродот «Египет – Нілдің сыйы» деп айтқан болатын. Ұлы өзеннің арнасы мың жарым километрге созылып, оңтүстіктен, Суданмен жалғасып жатқан шекарасынан солтүстікке, Жерорта теңізінің жағалауына дейін, шығыс Аравия шөлейтін батыс Ливия шөлейтінен бөліп жатыр. Нілдің бойындағы «тіршілік жолағының» арнауы оңтүстігінде бір километрден Каир ауданына дейін 20-25 километрге дейін жетеді.  Шөлейт жерлерінің өзі: құм, құм төбелер, көшпенділердің тілдерінде ғана атауы түсінікті – сарыдан, қою сары секілді күлгін түске дейінгі небір түстердің түрлері аса бір әсерде қалдырады.  Египет – төтенше қонақжай ел. Қонақтарын қашанда ашық көңілмен қарсы алады.

Сіздің жанұяңыз, жұмысыңыз, Египеттен алған әсеріңіз туралы қызықтап сұрайды. Ең болмаса бір шыны шәй ішіп кетіңіз деп, ақ көңілімен қонаққа шақырады. Египетке миллиондаған саяхатшылар келген – олардың көптегені мұнда қайта-қайта келіп кеткен. Олардың ішіндегі ең танымалдары Нілдің бойындағы ғажайып елді сипаттаған жол жазбаларын қалдырған: математик Евклид, географ Страбон, жазушылар Гюстав Флобер и Агата Кристи, Лоренс Даррелл и Э.М. Форстер.

Тіпті жаугершілер де бұл елдің сұлулығына жәйбірақат қала алмаған. Ұлы Александр оған Александрияны сыйлаған; Наполеон, оның архелогтары Ежелгі Египетті ашқан, бір сапарында әскерлеріне қарап, толқи тұра: «Солдаттар, мына пирамидалардың биіктігінен сендерге қырық ғасыр қарап тұр!» деген сөздер айтқан.




Скачать