Ибица


Рельеф. Ибицада екі таулы жота бар. Олардың ең биік нүктесі теңіз деңгейінен 475 метр болады. Ибица аралының пейзажын миндаль, апельсин, фига, оливка тоғайларымен араласа өскен қарағайлы ормандар толықтырады. Аралдың оңтүстігінде ежелден бері тұз өндіруге арналған алқап бар. Аралдың бұл ауданы ЮНЕСКО-ның қоластында. ЮНЕСКО эгидасы теңіз флорасы мен фаунасына жауап береді. Арал жағалауларының ұзындығы 210 шықырым/ Ибица 69 км/ Форментерада құмды бухталар мен көркем жағажайлардың ұзындығы 18 км болдаы. Климат. Аралдар Жерорта теңізінің климаттық зонасына жақын болғандықтан, яғни, Африка жағалауларынан 200 км, ал материкті Испаниядан 87 км болғандықтан ауа-райы мұнда тұрақты. Аралда қыс мезгілі жұмсақ болады. Жазда ауа-райы құрғақ болғанмен, желдің үнемі соғуына байнанысты аса ыстық болмайды. Жылдық орташа температура – 17,5 градус Цельсия; бұл көрсеткіш тамыз айында 25,4 градус Цельсияға жетсе, қаңтар айында 11,6 градус Цельсияға жетеді. Жалпы алғанда, ауа-райының құбылып тұруы арал климатына тән, яғни, күн/түн немесе жыл мезгілдеріне байланысты. Бір жыл ішіндегі жауын-шашын мөлшері 350 м болса, шілде мен тамыз айларында 4 мм ғана түседі.

Астанасы. Ибица аралының астанасы - өзіне аттас Ибица қаласы. Ибица аралындағы тұрғындар саны 86000 адам (Форментерада 6000 адам), ал былтырғы жылдың өзінде аралға демалуға келген туристтер саны – 5 000 000- ға жетті. Балеар автономиясында ұзақ өмір сүрушілер өте көп кездеседі.

Тарихы. Ибица мен көрші кішкентай Форментераның тарихы біздің эармызға дейінгі 1600 жылдан басталған. Біздің эрамызға дейінгі VIII ғасырда финикиялық колонизациядан кейін аралда Карфагеннен шыққан адамдар басып алды (654 жыл б.э.д.). Олар Европадағы ең алғаш қалалардың бірі – Ибицаны басып алды. Олар қаланың, кейіннен аралдың атын көне эгипет құдайы Бесаның атымен қойды (Ол құдай сәбилердің қорғаушысы және қасырет пен қайғы-мұңды болдырмайды). Кейіннен, Гректер аралдарды қарағаймен жабылған немес Pitiusas деп атады. Б.э.д. 123 жылы аралдарды Римдіктер басып алды. Бірақ арал Рим Империясының бөлігі болған жоқ және конфедерация ретінде өз тәуелсіздігін сақтап қалды. 426 жылы аралға Вандалдар келді, ал 534 жылы оларды византиялықтар алмастырды. IX ғасырда аралды арабтар басып алды. 1235 жылы 8 тамызда аралды каталондықтар жаулап алды. Каталондықтар неше ғасыр бойы аралға жасалған шабуылдар мен пираттардың тонауларына мән бермеді.




Скачать