БІЛІКТІ БАЙЛАНЫСШЫ
БІЛІКТІ БАЙЛАНЫСШЫМаңғыстау облыстық телекоммуникациялар дирекциясының Бас директоры Ержан Әбенұлы Сәрсембаев жайында бір үзік әңгіме Алаш баласы азаттық алған, ақырып теңдік сұраған күн еді бұл. Елдігіміздің еңсесін әйгілеген 20 жылда Қазақ елін әлем таныды, ақындарша айтқанда «Сәлеміңді алмайтын елдер, саулығыңды сұрайтын» халге жетті. Азат ел болған Қазақ баласы тәуелсіздіктің арқасында тарихын түгендеп, рухани болмысын бүтіндеді. Елбасының салихалы саясаты арқасында ұлттық рухы берік, саяси жүйесі тұрақты экономикалық әлеуеті мықты, бәсекеге қабілетті, халықаралық беделі зор алпауыт мемлекет құрылды. Қазақстан Республикасының Президенті тәуелсіздік пен мем¬лекеттілікті одан әрі нығайтуға, Қазақстан халқының рухани-мәдени топтасуына, болашақ дамуды қамтамасыз етуге бағытталған «2011 жылды Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы жылы деп жариялау туралы» жарлыққа сәйкес, 2011 жыл Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің жылы деп жарияланды. Ол «Бейбітшілік пен жасампаздықтың 20 жылы» ұранымен өткізіледі әрі осы бастаманы жүзеге асыру үшін Тәуелсіздіктің 20 жылдығын мерекелеуді өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия да құрылды. Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауында биылғы жылы атқарылуы тиіс негізгі бағыттар мен міндеттердің ішінде Тәуел¬сіздіктің 20 жылдығын ел болып жоғары деңгейде атап өту мәселесіне ерекше мән берілді. Тәуелсіздік – Алла тағаланың біздің қазақ ұлтына берген үлкен бақыты және халқымыздың мәңгілік құндылығы. Жиырма жыл ішінде елдің экономикасын көтеріп, ұлттық мәдениетімізді жаңғырту ісінде Қазақстанның барлық аймағында көптеген жұмыстар жасалды. Тәуелсіздіктің жиырма жылдығын осындай толайым табыстармен қарсы алу баршамыз үшін үлкен қуаныш деп ойлаймыз. Өйткені, Тәуелсіздік тойы жалпыхалықтық сипатқа ие болып, қазақ халқының бүгінгі жас ұрпағына айрықша рух берері сөзсіз. Сондықтан да Тәуелсіздік тойына әрбір қазақстандық ауыл шаруашылығында не өндірісте болсын, БАҚ-та болсын, байланыс саласында болсын ел игілігін арттыру жолындағы сапалы еңбе¬гімен өз үлесін қосуы тиіс. Яғни, Тәуелсіз Қазақстан азаматтарының адал еңбегі мен елге деген шынайы құрметі тәуелсіздік тойына жасалған үлкен тарту болмақ. Осыған орай Қазақстандағы Байланыс саласының білікті басшыларының бірі «Қазақтелекомның» Маңғыстаудағы филиалының бас директоры Ержан Әбенұлы Сәрсембаев жайында бір үзік әңгіме тарқатуды жөн санадық. Тәуелсіз еліміздің өркениетті ел болып дамуы жолындағы бірден-бір маңызды салаларының бірі – бұл жаңаша дамыған, заманауи байланыс құралдарымен жабдықталған, жұртшылыққа жоғары сапалы қызмет көрсетіп отырған телекоммуникация жүйесі. Бүгінде Маңғыстау облысының жұрт¬шылығы, тіпті сонау шалғай елді-мекен¬деріндегі тұрғындардың өзі «Қазақтелекомның» Маңғыстау¬дағы филиалының қарапайым халыққа жасап отырған қызметін жете түсінеді, дәлірек айтқанда қолдарымен ұстап, көздерімен көріп, рахатына бөленіп отыр. Бүгінгі әңгімемізге арқау қылғалы отырған кейіп¬керіміз сол «Қазақтелекомның» Маңғыстаудағы филиалының бас директоры Ержан Әбенұлы Сәрсембаев Қарағанды қаласында орта мектепті бітіргесін, 1974 жылы қызмет жолын туған қаласында электромонтер болып бастады. 1981 жылы Ташкент электротехникалық байланыс институтын бітіргесін, Алматы электротехникалық байланыс техникумында дәріс беріп, осы оқу ордасының Қарағандыдағы бөлімшесінің меңгерушісі болды. 1988 жылы Қарағандыдағы №2 одақтық магистральді байланыс пен телевидения техникалық торабының инженері. 1989-1998 жылдары «Гарант» құрал-жабдықтар жөндеу зауыты» акционерлік қоғамының директоры лауазымын мінсіз атқарып, кейіннен кәсіпкерлікпен айналысқан ол өзінің сүйікті саласына қайта оралады. Бәрін басынан бастауына тура келді. Қызметін қалалық байланыс желісінде қатардағы электромеханиктен бастап, он жыл ішінде Қарағанды облыстық телекоммуникациялар дирекциясы Бас директорының орынбасары аралығындағы лауазымдық баспалдақтарды басып өтті. Ержанның қолтаңбасы Қаражал, Қарағанды, Балқаш, Жезқазған қалаларында қалды. 2008 жылдың наурызында Маңғыстау облыстық телекоммуникациялар дирекциясының Бас директоры болып тағайындалды. Білікті басшы келе сала, сегіз айдың ішінде 50 миллион шығынмен көштің соңында қалған филиалды табыстылығы және даму бағыты жөнінен республикада екінші орынға шығарды. Бүгінгі таңда ақпараттық және коммуникациялық технологиялар қоғам қалыптасуына әсер ететін экономика дамуының маңызды көтерме¬леушісі, әлеуметтік даму мәселелерін барынша тиімді шешуге мүмкіндік беретін маңызды факторлардың бірі екені белгілі. Е.Сәрсембаевтың пайымдауынша, негізгі мін¬дет¬тердің бірі – ауыл тұрғындарына лайықты өмір сүруге жағдай туғызу, атап айтқанда, көз көрген телефон байланысынан бөлек, Интернетке кең жол ашу. Бұдан әрі оларға заманауи ақпараттық-коммуникациялық қызмет түрлерінің кең түрін ұсыну қажет. Көреген басшының ойы Маңғыстау облысының әкімі Қ.Көшербаевтың облыс тұрғындарын 100 пайыз телефон байланысымен қамтамасыз етуді мақсат еткен бағдарламасымен дөп келді. Бұл шаруа тікелей өзі басқаратын мекемеге келіп тірелетін болғандықтан, осы бағытта қыруар жұмыс атқарылды. Соның қарымы болар, бүгінгі таңда облыста тұрғындарының санына қарамастан, түгелге дерлік елді мекендер телефон байланысымен қамтамасыз етілді. Тұрғындар саны 500 адамнан асатын әр елді мекенде автоматты телефон стансалары құрылды. Қалған ауылдар «ДАМА» спутниктік стансасы мен радио-жалғамалар және ортақ қолданыстағы таксофон арқылы қамтылған. Қоғамдық телефон-таксофондар арқылы байланыс қызметін кеңейту әлеуметтік бағдарламасын жүзеге асыру бағытында елу шақты ғана тұрғыны бар қиырдағы 9 елді мекенге де таксофондар орнатты. 2008 ауылдық АТС-ларын сандық жүйемен алмастыру жұмыстары аяқталды. Яғни, байланыс қондырғылары 100 пайыз сандық жүйеге көшірілді. 2009 жылы бұл шаруа көлік саласында да 100 пайызға орындалды. Ауылдық елді мекендердегі қалыптасып отырған және болжамдалған телекоммуникация қызметіне деген сұранысты қанағаттандыру мақсатында Е.Сәрсембаев 2010 жылдың аяғына таман Маңғыстау облысының 3300 абонентін телефон желісіне қосуға мүмкіндік беретін «Маңғыстау облысындағы WLL (CDMA 450) технологиясы бойынша сымсыз жетімділік жүйесінің құрылысы» жобасы бойынша көптеген жұмыстардың атқарылуына мұрындық болды. Елді мекендердегі үйлердің шашыраңқы орналасуына байланысты, оларға желі тарту қымбат¬қа түсетіні белгілі. Сол себепті, облыстың төрт ауданында байланыстың заманауи түрі – сымсыз телефон жүйесін енгізді. Ержан Әбенұлы сөзі мен ісіне мығым, уәдесін жұтқан жері жоқ. Соның бір дәлелі – Маңғыстау облысының Өтес селосында тұрғындармен бетпе-бет сөйлесіп, олар көтерген байланыспен қамту мәселесін өз есебінен шешті. Облыс елді мекендерін байланыспен қамту мақсатында биіктігі 538 метр Отпан тауының басына байланыс мұнарасын орнатуы – бұл енді, бейбіт күннің ерлігі десе боларлық. Бұл турасында білікті байланысшының өзі былай деп айтқан болатын: «Бұл жоба мен келместен екі жыл бұрын қолға алынған еді. Келген жылы атқара алмадым. Орталық аппаратта жоба туралы «бөлінген қаржыны игере алмауларыңа байланысты кері қайтарып, бас¬қа жобаларға жұмсаймыз» деген мәселе көтерілді. Бірақ жобаның тиімділігін олар да жақсы түсінді. Жауапкершілікті өз мойныма алып, тәуекел деп бас¬тап, сәтті аяқтадық. Егер, сол жылы аяқтай алмаған¬да, «ДАМА» ғарыштық стансасының қызметін пайдаланып отырған Ақшымырау, Қызан, Шебір ауылдары әлі 3 жылдай сапасыз байланыспен отырар еді. Бұрын бір жерге қоңырау шалу үшін 10-15 м謬нут отыратын ауыл тұрғындары, қазір қалааралық байланыспен қаланың ішіндегідей самбырлап сөйлесіп отыр. Оларға интернет те бере аламыз», –деп еді сонда Е. Сәрсембаев. Маңғыстаудың ең биік нүктесіне мұнара қою оңай болған жоқ, әрине. Жолы жоқ, биік қия. Маңғыстаудың азынаған желімен жағаласып, жолын салып, тасын жарып, 2 метр іргетасын құйып, биіктігі 50 метр мұнара орнату – жұмысшылардың ерен еңбегінің нәтижесі. Мұнараға акционерлік қоғамның серіктесі – Kcell ұялы байланыс қызметінің қондырғыларын да бекітіп, жақын маңдағы ауылдардың ұялы телефон байланысын да қамтамасыз еткені тағы бар. Енді, төбесінде ұран оты жағылып, ежелден хабар тарату қызметін атқарған Отпантау – бүгінгі таңда да сол міндетін жалғастыруда. Осынау еңбектің арқасында таудың айналасындағы шаруада отырған тұрғындар бір-бірімен ұялы телефон арқылы аман-саулық сұрасып, мал-жандарын түгендесіп жатқаны біреулерге асыра айт¬қандық болар, бәлкім. Алайда, істің ақиқаты осы. Белді бекем буған жерде алынбайтын асу болмаса керек. Е.Сәрсембаев қолда бардың одан әрі дамуы үшін қосалқы күш жасақтауға, қосылу уақытын төмендетуге, жүйенің беріктігін арттыруға мүмкіндік берген Ақтау қаласындағы АМТС жұмысын жаңалау жұмыстарын да қолға алды. Телекоммуникация саласындағы білікті маман ретінде жаңа технологиялар енгізуге көп көңіл бөледі. «Телекоммуникация желісін жаңа технологиялар енгізу арқылы сандық жүйеге көшіру жұмысын қолға алғандағы мақсатым – телекоммуникациялық қызмет көрсетуде қала мен ауыл арасындағы теңсіздікті жойып, ауыл тұрғындарына Интернетке жол ашып, одан әрі сандық телевизияның қызметін ұсынсам деймін», – деп ой бөлісті бізбен әңгімесінде Ержан Әбенұлы. Е.Сәрсембаевтың басшылығымен дирекция облыс мектептерінің 97,4 пайызын телефон байланысымен қамтамасыз еткен еді. Соның ішінде 69 ауылдық мектептің 66-сы бар екендігін ерекше атап өткен жөн. Маңызды жобалардың бірегейі ретінде Келешек ұрпақ (NGN) жүйесін құруды атап өткен жөн. Бұл жүйе қазірдің өзінде Ақтау қаласының тұрғындарына телекоммуникация қызметінің кеңейтілген пакетін: телеф Скачать |