АРОМАТТЫ КӨМІРСУТЕКТЕРІМЕН УЛАНУ
АРОМАТТЫ КӨМІРСУТЕКТЕРІМЕН УЛАНУАроматты көмірсутектеріне бензол және оның гамологтары жатады. Ол басым гемопоэзді зақымдайтын уларға жатады. Ароматты көмірсутектеріне бензол жатады. Бензол – бұл арнайы хош иісі бар сұйықтық. РЕК (ПДК) – 5 мг/м3. Спиртте, майда, эфирде жақсы ериді, ал суда мүлде ерімейді. өндірісте бояғыштарды, лактарды ерітуде жиі қолданылады, сонымен қатар әртүрлі қосындыларды алуда (хлорбензол, стирол). Ену жолдары. - өкпе арқылы - зақымданбаған тері арқылы Бензол жедел және созылмалы улануларды тудыруы мүмкін. Патогенезі: Бензол политропты у болып табылады, көбінесе ОНЖ мен сүйек миының басым зақымдануымен жүреді. Қан түзілуінің патогенезі бензолдың сүйек миындағы бағаналы клеткаларға токсикалық әсерімен байланысты – эритро және тромбоцитопоэз. Гемопоэздің зақымдануына, Витамин В6, В12 және витамин С балансатарының бұзылуына әкеледі. Жүйке жүйесінің зақымдану патогенезі толық зерттелмеген. Ол ОНЖ тұрақты түрде әсер етіп, нейродистрофикалық симптомокомплекстің дамуын тудырады. Клиникасы: бензолмен жедел уланулар аз уақыттың ішінде бензол буының үлкен концентрациясымен тыныс алу нітижесінде пай»да болады және ОНЖ зақымдануы наркотикалық улармен уланған кездегідей жалпы ми бұзылыстарының құбылысымен жүреді. Жеңіл дәрежесі – «жеңіл эйфория» — әлсіздік, бас айналу, құлағында шу, басының ауыруы, жүрегінің айнуы, құсу, жүрісінің бұзылуы. Бірнеше сағаттан кейін қайта қалпына келеді. Орташа ауырлық дәрежесі – басының ауыруы күшейе түседі, тері жабындыларының бозаруы, гипотермия, тынысының жиілеуі, ЖТЖ бұзылыстары-тахикардия, гипотония. Бұлшық еттердің тартылуы – тоникалық және клоникалық, қарашықтың ұлғаюы. Естен тану және коматозды жағдай болуы мүмкін. Жазылуы мүмкін, не жүйке жүйесінің функционалдық бұзылыстары – астеновегетативтік синдром. Ауыр дәрежесі – токсикалық кома, тыныс орталықтарының салдануы. Қандағы өзгерістер – қөанның орталық реттелуінің бұзылуына байланысты шамалы лейкоцитоз. Созылмалы улану ұзақ уақыт бойы аз мөлшердегі бензол буымен тыныс алған кезде немесе оның жүйелі түрде тері жабындыларына түскенде дамиды. Сүйек миында қанның түзілуіндегі зақымдануларға тән: 1 деңгейде — әлсіздік, шаршағыштық, бас ауыру, тәбетінің, ұйқысының болмауы. Қанда лейкопения 4,0*109/л, нейтропения, ретикулоцитоз. Орташа деңгейінде – астеновегетативтік синдром, қызыл иектің қанауы, мұрыннан қан кету, етеккірдің көп мөлшерде келуі, тері жабындыларының бозаруы + жгут симптомы, токсикалық гепатит құбылыстары. Қанда -лейкопения 2,0*109/л, нейтропения, шамалы лимфоцитоз, гипрехромды анемия, ЭТЖ-70 мм/сағ, екіншілік инфекцияның қосылуы. Атипті түрлері бар: - эритропоэздің басым зақымдануымен жүретін – гипопластикалық анемия - тромбоцитопоэздің басым зақымдануы – тромбоцитопениягеморрагиялық синдромдармен - бензолды лейкоз (жедел және созылмалы) Салыстырмалы диагностикасы:
- дәрілік заттарды қабылдаумен байланысты - ЖҚЖ - Фелти синдромы - Сүйек миындағы қатерлі ісіктердің метостазы
Емі: Жедел улану:
Созылмалы улану
Еңбек ету қабілетінің сараптамасы Жедел улану – емі 3-15 күн аралығында, қайтадан жұмыс орнына қайып келеді. Созылмалы улануларда.
Алдын алу: Бензолмен жұмыс істеудің қарсы көрсеткіштері: - Нв 130 г/л ерлерде Нв 120 г/л әйелдерде - вегетативтік дистония - қатерсіз ісіктер - алкоголизм, наркомания - психоз - бауыр және өт жолдарының аурулары - бензол өндірістері бойынша әйелдер жұмысқа алынбайды Кезеңді түрдегі медициналық қараулар: 12 айда бір рет терапевт, невропатологта қаралу (ҚЖА тромбоцитопениямен, ретикулоциттермен).
Білімдерін тексеруге арналған тест сұрақтары: 1. Бензолмен сүлелі улану кезінде сүйек миының аплазиялық көріністеріне бәрі тән, тек:
2. 35 жастағы маляр, 10 жыл жұмыс стажы бар, еріткіш ретінде бензолды қолданады. Жалпы әлсіздікке, иектің қанағыштығына шағымданады, жылына екі рет жатырдан қан кету болды. Ұрттарының шырышты қабықтарында нүктелі қанталау, пульс 70 соғ/мин, АҚ 100/60 ммртст. Эмоционалды, лабилді, ашуланшақ, жылауық, сіңірдің рефлекстері жоғаылаған, жалпы гипергидроз, тұрақты қызыл дермографизм, саусақтарының треморы. Қанның анализінде: Нв — 66 г/л, Эр-3,7, ТК-0,75, Л-5,6, ЭТЖ-5, тромбоциттері-110000. Сіздің диагнозыңыз және жұмыс қабілетінің эксперттік шешімі? 1.жеңіл дәрежелі бензолмен соз.улану, еңбекке жарамсыздық парағы беріледі 2.орташа ауырлықта бензолмен соз.улану, стационарлы ем, кәсіптік аурумен еңбекке жарамсыздық парағы беріледі З. ауыр дәрежелі. бензолмен соз улану, стационарлы ем, ДЕСК (ВТЭК) жіберу 4. Верльгоф ауруы, амбулаторлы ем, жалпы аурумен еңбекке жарамсыздық парағы беріледі 5.геморрагиялы васкулит, жалпы аурумен еңбекке жарамсыздық парағы беріледі, амбулаторлы ем
3. Бензолмен жедел уланудың ауыр дәрежесіне тән:
4. Скачать |