Израиль
Иисус Израиль елін римдектер басқарып отырға нкезде дүниеге келген. Біздің эрамыздың IV ғасырында Израиль елі көпшілік санасына Қасиетті Жер ретінде қалыптаса бастады. Елде көптеген шіркеулер мен монастырьлер салынды. Мұнда қасиетті тастар сақталады. Біздің эрамыздың 640 жылы Израиль елі Омар халиф әскерімен жауланды. Арабтардың жаулап алуы Израиль елінде мұсылман билігінің бастамасы болды.
Осы кезде мәдениет пен діннің алмасу үрдісі басталды. Мұсылман дәстүрі бойынша Иерусалим қаласы қасиетті болып есептеледі, себебі, Мұхаммед елші осы қаладан көкке кеткен. Егер басында мұсылман арабтары хрисандарға Иерусалим қаласына кіруге рұқсат берсе, XI ғасырдан бастап Иерусалимге христиандарға кіруге рұқсат бермеді. Осы кезде II Урбан Папасы Европа рыцарьларын жинап, мұсылман қоластынан қасиетті жерлерімізді аламыз деген ұранмен шабуылға шықты.
Осылайша 1099 жылы Иерусалим қаласын басып алды. 1187 жылы Египет пен Сирия әскері темпилерлерді талқандап, мамлюктердің билігін орнатты. Израиль елінің тарихында ерекше орын алатын Наполеонның Шығысқа Египеттік жорығы немесе Таяу Шығыс жорығы болды. Наполеонның қасиетті жерге келуі европалықтардың көзін қайта ашты. Олар енді аймақтың экономикалық және стратегиялық маңыздылығынқайта аңғара бастады. 1948 жылы тәуелсіз Израиль мемлекеті дүниеге келді. Израиль мемлекеті, континенттер мен теңіздердің, империялардың, халықтар мен мәдениеттердің қақтығысы салдарынан пайда болды. Ал бүгінгі күні, Израиль түрлі мәдениет пен дәстүрдің аралас мекені болып отыр. Скачать |