Өмір сүру философиясы
Өмір сүру философиясыЖАҢА САПАЛЫҚ ДЕҢГЕЙГЕ КӨТЕРІЛДІ Әдебиетші емеспін, бірақ метафоралық ұғымның арғы астарын жақсы түсінемін. Бәлкім, оны көпшілігіміз айта беретіндей, көңілдің көк дөненіне теңестіргендігіміз жөн болар. Иә, қалай дегенде де, туған еліңнің бұрын-соңды бастан кешпеген даму үрдісіне күн сайын куәгер болып келе жатқан соң арғы жағынан түйдектеліп келіп қалған ой ағыстарын іркіп қалу да оңайға соқпайды екен. Оңайға түспейді дегенде айтпағым, бұл әлдебір қиялдан туған немесе қолдан иіп әкелген жанама түсінік емес. Және табан астынан адам естімеген жаңалық та қайдан табыла берсін. Қарапайым мысалға жүгінейін, жақында Президентіміздің бастамасымен дүниеге келген «Болашақ» бағдарламасы бойынша шет елдің алдыңғы қатарлы оқу орнын бітіріп келген жас жігітпен әңгімелестім. Оның аты-жөнін атамай-ақ қояйын, алғашында жүрдім-бардым тақырыптар төңірегінде біршама пікір алысармыз дегем-ді. Оның үстіне мынадай аласапыран заманда бос уақыт қайда. Жоқ, бастапқыдай емес, бара-бара сұхбатымыздың тақырыбы тереңдей түсті. Жас замандасымның біз бастан кешіп отырған қоғам туралы түсінігі, зиялы қауымға ғана емес, қарапайым адамдар үшін де мұнан былайғы жерде өмір сүрудің оңай болмайтындығы, жер шарының түкпір-түкпірінде болып жатқан толқулар мен апатты жағдайлардың тым жиілеп кеткендігі, шет жұртта білім алып жатқан жастарымыздың өзгелермен салыстырғандағы интеллектуалдық пайымы, білім төңірегіндегі іштей бәсекелестік… қойшы әйтеуір, немкеттілеу басталған әңгіменің аяғы өз-өзінен тереңге тартып бара жатты. Бұл кездейсоқ кездесу мені де біраз желпіндірді. Желпіндіргенде жас адамның осынша озық дүниетанымы еріксіз таңғалдырды. Алдыңғы буын күнделікті алас-қапас шаруамен сүрлігіп жүріп, кейінгілермен түсіністік жағдайда шешіліп сырласа бермейміз-ау дейтін өкініштің де қылаң бергендігін жасырып қайтейін. Ол сол екінің бірінің қолы еркін жете бермейтін «Болашақ» бағдарламасының тегеурінді бір өкілі ретінде менің көкейімдегіні де дөп басқандай, біраз жайдан хабардар етті. Және нақты деректермен тұздықтап сөйледі. 2005-2010 жылдар аралығында аталмыш бағдарлама бойынша 2204 жас маман бітіріп шығыпты. Бір қуанарлығы, осылардың 1764-і мемлекеттік органдарға, ұлттық компаниялар мен бірлескен кәсіпорындарға, халықаралық ұйымдарға сан түрлі қызметтерге орналасып үлгерген. 400 жас маманның тағдыры таяу күндері түпкілікті шешілмек. Халықаралық құқық, инжиниринг, теңіз техникасы, атом өнеркәсібі, информатика, нано және биотехнология деген мамандықтарды бұрындары аракідік естігеніміз болмаса, олардың немен айналысатындығын біле бермеуші едік қой. Сол мамандықтар «Болашақтың» арқасында өмірімізге батыл, тың бастамаларымен араласа бастады. Ішім жылып қалды. – Дұрыс-ақ, құлаққа кіретіндей тұжырым, ал мемлекеттің қаражатымен білім алып, толысып-жетіліп, жеме-жемге келгенде Қазақстанға қайтпай қалатын құрдастарың туралы не айтамыз? – дегем-ді бір оңтайлы тұста. Ол сәл іркіліп барып, көптің түсінбестікпен айтатын және ескірген ұғымға толыққанды жауап бергісі келгендей, бір сілкініп алды да мынадай тоқтамға келді: – Иә, ондайлар болған, бірақ бірді-екілі кемшілік бүкіл болмысымызға көлеңке түсірмесе керек қой. Сізге ағымнан жарылып, шынымды айтайын. Сол аузымен құс тістеген Лондоныңызда төрт-бес жылым өтті. Мұнан былайғы жерде шетелдерде тұрып қызмет істеу дегеніңіз түк те қызық болмай қалды. Сол сырттағы жағдай біздің туған елімізде бар, инфрақұрылым да, супер талғам, супер мәдениет, супер спорттық жарыстар, тіпті көңіл көтеретін түнгі клубтарға дейін бәрі-бәрі біздің Қазақстанда жетіп артылады. Керісінше, жас адамның жан-жақты жетілуіне, ешбір кедергілерге ұрынбастан ой-өрісін дамытуға, кәсіби біліктілігін шыңдауға, бәсекелесуге, керек болса емен-жарқын пікірталастыруға да Қазақстанда мүмкіндік мол. Қайран қалатыным, біз осы неге жалпақ түсініктің шеңберінен шығып, әлемде болып жатқан күрделі құбылыстарға ойлы көзбен қарауды үйренбейміз. Аға, сіз білесіз бе, қазіргі таңда өмір сүрудің күллі философиясы бүтіндей өзгерді ғой. Және Қазақстанда өмір сүрудің философиясы жаңа сатыға көтерілді. Оны қайталай беретін несі бар, өзіңіз де ол жағын жақсы білесіз… Міне, ойды ой қозғайды. Қазақстандағы өмір сүру философиясының жаңа сатыға көтерілгендігіне тағы бір дәлел келтірейін. Біз барша халық болып жуырда мерзімінен бұрын Президент сайлауын өткіздік. Иә, сайлауға таң қалатындай не бар. Бұрындары да талай сайлауларды өткізген жоқпыз ба, бұрындары да «советтік форматтың» тар қамытынан шыға алмастан сайлауға қатысқанбыз. Ал әлемдік масштаб тұрғысынан бағамдағанда қай елде президент сайлауы өтпей жатыр. Көрші елдерде де, мұхиттың арғы жағындағы мемлекеттерде де. Сайлау туралы қалыптасқан түсінікті балталап сындыруың қиын. Осы елдің қарапайым бір азаматы ретінде де, депутат ретінде де байқағаным, «бұл ән өзге әннен өзгеше» дегендей, бұл сайлау өзге сайлаулардан әлдеқайда мәнді, әлдеқайда мағыналы түрде өтті. Сол сайлау күнгі адамдардың сығылысып кезекте тұрғанын көрсеңіз. Бұрын-соңды мұндай кезекті көріп пе едіңіз, көрмек түгілі ойға келмейтін. Демек, қазақстандықтар сайлау жөніндегі жаңа үдерістерді бағындырған, сайлауға деген бұрын-соңды болмаған құлшыныс оянған. Ол ненің құлшынысы? Елбасын сайлау кім үшін, біреу үшін бе? Бұл жердегі басты мақсат – ең алдымен адамдардың өздеріне құрмет жасауы, өздерін қадірлеуі. Алдымен өздерін сыйлауы. Сосын елдің болашағына жүрдім-бардым қарамауы. Біз реті келсін, келмесін патриоттық сезім дегенді көп айтамыз, көбірек қайталаймыз. Ал түсіне білгенге осы төңіректе де патриоттық сезім тұнып тұрған жоқ па?! Тек ендігі жерде осы құбылыстың сиырқұйымшақтанып сұйылып кетпегендігін тілейік! Бірақ олай жасамау да өзімізге байланысты. Үлкенімізге де, кішімізге де үлкен серпіліс тудырған бұл сайлауда халық ең басты таңдауын жасады. Болашаққа кіммен бірге барғысы келетіндігін және мемлекетіміздің тағдырын кімге сеніп тапсыру керектігін дұрыс таңдады. Мұны Тәуелсіздігіміздің басты жеңістерінің бірі, бәлкім, бастысы деп бағалағандығымыз абзал. Қазақстандағы өмір сүру философиясының жаңа сатыға көтерілгендігін сірә, бекерден-бекер қадап айтпаған болармын. Яғни, біздің замандастарымыздың өмір сүруге деген талғамы өскен. Міне, сол секілді президенттіктен үміткер төрт бірдей азаматтың ішінен кімді таңдау керектігі де әркімнің өзіне, өзінің азаматтық жауаптылығына байланысты еді. Бұл жауаптылық әрі-беріден соң Отан алдындағы жауаптылықты былай қойғанда, отбасы алдындағы жауаптылық еді ғой. Сайлауға бара жатқан тұста менің ойыма Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мына бір жүрекжарды сөзі оп-оңай орала кетті: «Өзім үшін емес, елім үшін толғанамын: бір басыма керекті қай күнде де табармын. Халқыма керекті қалай табам, қайдан табам деп қам жеп жүру тек қана менің емес, әр азаматтың ісі мен жадында болуы қажет!» Тәуелсіздік тәтті сөз. Тәуелсіздікке қол жеткізгенімізге биыл жиырма жыл. Тарихтың аумалы-төкпелі доңғалағымен салыстыра безбендесек, бұл тұп-тура көзді ашып-жұмғанша зыр етіп өте шығатын уақыт. Біз, бәріміз осы уақыттың кейіпкеріміз, осы шапшаң уақыт біздің көз алдымызда өтті. Осы мерзім ішінде біз бағындырған биіктер де, асқаралы асулар да, ара-тұра аяқтан тартып қалатын кемшіліктер де бәріміздің көз алдымызда. Біздің бәріміз де осы заманның кейіпкерлеріміз дейтініміз содан. Жиырма жыл. Біздің көз алдымызда болған түбірлі өзгерістерді тіпті тілмен жеткізе айту қиын-ақ. Қиынның қиыны. Міне, осы тәуелсіздік туындысының ешбір жан таласа қоймайтын алғашқы авторы да Назарбаев еді. Тарих халық үшін жасалған игілікті істердің ешбірін ұмытпайды, жадынан да шығармайды. Есім ханның ескі жолы да, Қасым ханның қасқа жолы да, Әз Тәукенің Жеті жарғысы да ел үшін қажет болды. Қалай дегенде де о заманның салмағы да, бет-бейнесі де, тұтас өрлеу дәуірі де бөлек, тым бөлекше еді ғой. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы біз бастан кешкен қиындықтарды кім ұмыта алар. Әрине, бұл дәуір бірден орнай қалған жоқ, жан қинамастан сопаң етіп аспаннан түсе қалған жоқ. Ал оңай келген бақыттың да берер қызығы мен қызуы көп болмайды. Тәуелсіздіктің іргетасын берік қалау үшін түн ұйқысын төрт бөлген, бар қиындықты белі қайыспай елмен бірге көтеріскен атпал азаматтарымыз жетерлік-ті. Бұл жерде әрине, «бас-басына би болған өңкей қиқымдардың» да табылмай қалмағандығын жасыруға болмайды. Басқасын айтпағанда, осы тәуелсіздігімізге күмәнмен қараған, ілгері жылжыған көшіміздің бір жерде ауып қалмай діттіген жеріне аман-есен баратындығына да толық сенімді болмаған мысық тілеулілердің де арамызда жүргендігін елемей кетуге болар ма. Міне, қирандыдан жаңа мемлекеттің қабырғасын қалау, қалап қана қоймай әлемдік өркениеттен ойып тұрып өз орнын иемдену деген ұлы миссия, жасыратыны жоқ, бәрімізден бұрын Назарбаевтың мойнына түсіп еді ғой. Дүкен сөрелерінің бос қалғандығын да біздің тұрғыластарымыз ұмытпаған шығар. Содан тікейдік, содан етек-жеңімізді жинадық, Орта Азиядағы туысқан мемлекеттер арасынан алға шығып, әлемдік қауымдастықта өз орны, өз бет-бейнесі, даму үрдісі бар ауыз толтырып айтарлықтай биіктерді бағындырған Қазақстан деген алып елге айналдық. Тек ендігі жерде осыған құдай оң көзімен қарасын деп тілейік. Қазақстанның аумағы 2 миллион 717 мың шаршы шақырым. Территориясы жағынан әлемдегі тоғызыншы мемлекет. Ақ найзаның ұшы, ақ білектің күшімен осыншама жер көлемін ұрпағына қалдырған ата-баба аманатына адал болу үші Скачать |