Испания
Жағрапиялық мекен-жайы. Испания Еуропаның оңтүстік- батысында орналасқан және шамамен Пиреней түбегі аймағының 85% алып жатыр, әрі Жерорта теңізінде Балеар және Питиуз аралдарын, Атланта мұхитында- Канар аралын алып жатыр. Елдің жалпы ауданы –504.788 кв.км. Ол Франциямен, Португалиямен, Андоррамен және англияның колониясы Гибралтармен құрлық шекарасы бар. Испанияның басқаруында Сеута және Мелилья қалалары (Марокко аймағында) және Велес де ла Гомера, Алусенас и Чафаранас аралдары жатыр. Елдің шығысындағы және оңтүстігіндегі аймақ Жерорта теңізімен, ал батысында- Атланта мұхитымен шайылып жатыр. Испания Еуропаны Африкамен және Америка континентімен байланыстыратын маңызды теңіз және әуе жолдарының қиылысында жатыр. Елдің үлкен бөлігін айналасында жазықтықтар және ойпаттар орналасқан жазық таулар және тау жоталары алып жатыр. Ормандар Испания территориясының тек 10 % алып жатыр. Климаты Климаттық аймақтардың әртүрлілігіне қарамастан жерортатеңіздік түрдегі, қысы жұмсақ қысқа және жазы құрғақ ыстық субтропикалық климат басым болып табылады. Халқы Халқының саны шамамен 40 000 000 адамды құрайды. Испания әртүрлі тарихи облыстардың және этникалық топтардың негізінде құрылған біртұтас ұлт болып танылған, олардың негізгілері болып мыналар табылады:каталондықтар (15,6%), андалусийлықтар (15,6%), кастильдіктер (11,1%), валенсийлықтар (9,7%), галисийлықтар (7,4%) және баскалар (5,6%). Тілі Елдің мемлекеттік тілі- испан(кастиль нұсқасы). Бірақта жеке аймақтарда кастиль тілімен қатар ресми тілдер ретінде және қарым қатынаста каталон, баск(эускера), галисий және валенсий тілдері қолданылады. Скачать |