Қоғамның саяси жүйесі


Қоғамның саяси жүйесі

 

Саяси жүйе қоғамның өмір сүруінде өте маңызды рөл атқарады. Оның міндеті қоғамдағы саяси қатынастар мен саяси процестерді реттеуге негізделген. Саяси жүйе дегеніміз – мемлекеттік және саяси мекемелер мен институттардың, саяси қатынастардың, саяси және құқықтық нормалардың жиынтығы. Саяси мекемелер мен ұйымдардың қызметі қоғамдағы таптар мен басқа да әлеуметтік топтардың саяси мүдделерін жүзеге асыруға бағытталған. Олардың саяси мүдделері қоғамдағы саяси қатынастардың көрінісі болып табылады және саяси билік мәселелерін шешуге негізделген: оған ие болу, жүзеге асыру мен қорғау, азаматтардың саяси құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру. Мұндай саяси мүдделер саяси жүйенің элементтері арқылы жүзеге асады. Саяси жүйенің негізгі элементтеріне жатады: мемлекет және оның органдары; армия, құқық-қорғау органдары (сот, прокуратура, полиция); мемлекеттік арбитраж; саяси партиялар мен қозғалыстар; қоғамдық ұйымдар. Бұл элементтердің бәрі бір-бірімен тығыз байланыста болады да біртұтас саяси жүйені құрайды.  Қоғамның саяси жүйесінің ең маңызды институттарына – саяси билік, құқық және идеология институттарын жатқызуға болады. Олар қоғамның тұрақты дамуын қамтамасыз ететін саяси құрылыстын аса маңыызды механизмдері. Бұған тиісті мемлекеттік органдардың  қызметі, сол секілді саяси партиялар мен қозғалыстардың, бұқаралық ақпарат құралдары қызметі арқылы жетеміз. Саяси жүйенің аталған әр бір жеке институты белгілі бір міндеттер атқарады. Олардың қызметі әр түрлі сипатта болатын саяси процестерді реттеуге бағытталған. Мұндай саяси институттардың жүйесі қоғамның бүкіл саяси өмірінің дұрыс қызмет етуін қамтамасыз етуге тиісті.  Саяси жүйенің негізгі элементі ретінде мемлекетті қарастырамыз. Мемлекет саяси жүйенің өзегі болып табылады. Бұл кездейсоқ емес. Өйткені саяси қатынастарда ең бастысы – билік туралы мәселе.  Билік арқылы мемлекеттің органдары саяси жүйенің басқа да буындарына ықпал тигізе алады. Мемлекет дегеніміз – қоғамды басқаруды жүзеге асыратын және де өзара байланыста болатын мекемелер мен ұйымдардың жиынтығы. Мемлекет қоғамдағы үстем әлеуметтік-таптық күштердің мүдесіне сай қызмет ететін саяси институт. Мемлекеттік билік арқылы мұндай күштер қоғамның экономикалық, әлеуметтік, саяси және рухани өмірінде өздерінің үстемдігін орнатады. Мемлекеттің келесі негізгі белгілерін атап көрсетуге болады: мемлекеттік билік функцияларын жүзеге асыратын органдар мен мекемелердің ерекше жүйесінің болуы; сол мемлекеттің заңқұзыреті тарайтын белгілі бір территорияның болуы; мемлекет тарапынан болған нормалар жүйесін бекітетін құқықтың болуы. Мемлекет саяси қызметтің басты субъектісі болып табылады.  Мемлекет биліктің қалыптасқан механизмі ретінде бір қатар міндеттер атқарады: қоғамдағы саяси жүйенің дұрыс қызмет етуін қамтамасыз ету; экономикалық және әлеуметтік қатынастарды реттеу; құқықтық реттеу; салық пен салымдар жинау; халықаралық қатынастарға араласу; елді қорғауды қамтамасыз ету; басқа мемлекеттермен дұрыс қатынастарды дамыту және т.б. Мемлекет – қоғамды басқарудың, оның экономикалық және әлеуметтік құрылымын қорғауды іс жүзінде асырушы қоғамның саяси жүйесінің негізгі институты.Мемлекет типі оның қай тапқа (таптарға) қызмет ететініне, демек түбінде белгілі бір қоғамның экономикалық негізіне қарай анықталады. Тарихтан мемлекеттің төмендегідей негізгі әлеуметтік-таптық типтері белгілі: құлиеленушілік, феодалдық, буржуазиялық және социалистік. Бір формациядан екіншісіне өту кезеңдерінде мемлекеттің тарихи өтпелі типтері өмір сүрген және өмір сүреді.

Тайпа – алғашқы қауымдық құрылысқа тән адамдар бірлігінің формасы. Тайпа рулық қатынастарға негізделді, яғни оның мүшелері қандас туыстардан тұрды, рулар мен атауларға бөлінді. Олардың бірегей ортақ тілдері (диалекті), көсемдері, ақсақалдары, жер-суы, экономикалық бірлестігі (қауымдасып аң аулау, бір-біріне көмектесу т.б) өңдірілген өнімнен үлес алуына, тайпаның қоғамдық өміріне қатысуына құқығы болмады. Тайпаның ыдырауына мүліктік оқшаулану мен ақсүйектердің жіктелуі, қолбасылар рөлінің артуы себеп болды. Рулық қатынастардың товарлық қатынастармен алмасуына байланысты тайпалар халыққа біріге бастады. Қазақстанда б.з.б. 1-мың жылдықта тайпалар одағы пайда болды. Тайпалардың одаққа бірігуі олардың барлығына ортақ мәдени формалардың қалыптасып, шаруашылықтың, тілдерінің жақындасуына жағдай жасады. Қазақстан жерінде сақ (сақтар), үйсін, дулу (дулат), қаңлы (кангюй) т.б. тайпалар одағының болғаны белгілі. Олардың көбі кейін (6 ғ.) ерте феод, мемл. – Батыс түрік қағанатының құрамына енді.

 


Скачать