Қазақстан Республикасы, топырағы, өсімдіктері, жануарлары
Қазақстанда өзге елдерде кездесетiн топырақ түрлерiнiң түгелдей дерлiгi тараған. Мұнда тайга, тундра топырағына дейiн бар, тек ылғалды субтропик белдемiне тән топырақ қана жоқ. Солтүстік Қазақстандағы Батыс Сiбiр ойпатынан оңт-тегi Алатау өңiрлерiне дейiнгi аралық 1500 — 1600 км, Батыстағы Атырау алқабынан Алтай тауларына дейiнгi 3000 км-ге жуық өңiрлердi әр түрлi топырақтар жамылғысы басқан. Бұл топырақ жамылғысының әр аймақтарда түзiлiп, орналасуы геогр. белдемдiлiк заңына байланысты. Мыс., Қазақстанның 86% жерiн алып жатқан жазық алқаптарында климаттың, топырақтың солт-тен оңт-ке қарай өзгеруi көлденең белдемдiк заңына сәйкес өзгерсе, Қазақстанның 14% жерiн алып жатқан оңт., оңт.-шығыс таулы алқаптарында — тiк белдемдiк (биiктiк белдеулiк) заңына сәйкес болады. Жазық алқап топырағы. Ауд. 235 млн. га. Қазақстанның жазық аймақтарында солт-тен оңт-ке қарай мынадай топырақ белдемдерi кездеседi:
Жер бетi жазық, топырағы құнарлы, негiзiнен астық дақылдары егiлiп, еттi-сүттi мал өсiрiледi; оңтүстiктiк қара топырақты белдем аралығы — кәдiмгi қара топырақты белдем аралығының оңт-н бойлап батыстан шығысқа созылып жатыр, енi 50 — 125 км-дей, аум. 13,9 млн. га. Жер бетi жазық, топырағы құнарлы. Бұл негiзiнен ылғалы жеткiлiктi, дәндi дақылдар егуге қолайлы жерлер. Құрғақшылық әрбiр 7 — 9 жылда бiр-екi рет қайталанады. Скачать |