Канар аралдары


Жалпы ақпарат Қанар аралдары Испанияның 17 автономдық облыстарының бірі. Олар Европалық экономикалық қоғамдастыққа елдің бір бөлігі ретінде біріктірілген. Дегенмен, бұл мүшеліктің аралдардың ара-қашықтығына, экономикалық және тарихи-дәстүрлік ерекшеліктеріне байланысты өзіндік өзгешеліктері де бар. Канара астанасы Санта-Крус-де-Тенерифе және Лас-Пальмас аралдарының ірі қаларының қақ ортасында орналасқан. Автономиялық үкіметтің Президенті әр астанада 4 жыл сайын сайланады. Құрамында 60 депутаты бар Парламент Санта-Круста – қала орталығында орналасқан. Әр аралдың Сabildo insular – мәңгілік көктем аралдары деп аталатын өзіндік жергілікті үкіметі бар. Канара архепилагын құрайтын жеті арал Переней жартылай аралынан оңтүстікте шамамен 1000км-дей және африкалық жағалаудың ең жақын нүктесінен 115км қашықтықта орналасқан. Олардың сарқырамалық тегі және Атлант мұхитындағы ерекше жағдайы европалық, сонымен қатар африкалық аралдарға қарағанда геологиялық, өсімдік әлемі, сондай-ақ, табиғат көрінісі айқындалады. Мұндай табиғат ерекшеліктері әр мерзімде, тәулікте көп өзгермейтін төменгі температуралық (жағалаудағы жылдық орташа температура 220С құрайды) жағымды климатты белгілейді. Аралдардағы көктемгі климат шамадан тыс аптаптан запа шекпей-ақ жыл бойы кез келген уақытта жағажайды пайдалануға мүмкіндік береді. Мұндай климат Қанар тұрғындарының жағымды мінезін көрсетеді. Канара аралдарының жұмсақ климаты ежелден бері адамдарды өзіне тартып келеді. Гректер бұл жерлерге ғасырлар бойы “Бақытты аралдар” деп аталып келген Гесперидтер бағын тұрғызды. Қанар аралдарының даңқы саяхат мақсатында XVIII – XIXғғ. Ғылыми экспедициялар дәуірінен басталады. Бұл кездері европалық натуралистер ерекше сарқырамалық ландшафтар мен бай өсімдіктер дүниесін зерттеу үшін аралдарға қатынаған. XIX ғасырдың соңында аралдардың даңқы одан әрі күшейе түсті, олар демалыс және көптеген ауруларды емдеу орны болды. Қазіргі уақытта Қанар аралдары европалық туризмнің ең маңызды орталықтарының бірі болып табылады. Олардың жағалауында әржыл сайын 8 млн-нан артық адам тынығып, ғажайып әсереге бөленеді.




Скачать