Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы өнімі облыс бойынша 2006 жылы 17,6 млрд. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 103,9 %-ға артты. Егіс көлемі 2007 жылы облыс бойынша 153,7 мың гектар алқапқа ауыл шаруашылдығы дақылдары орналастырылады. Оның 84,9 мың гектары дәнді дақылдар осының ішінде күріш егісінің үлесі 73,2 мың гектар болып отыр. Тұқым шаруашылығы Соңғы жылдары облыста сорт жаңалау, сорталмастыру жүйесі қалыптасып келеді. Облыс бойынша 2- бастапқы (бірегей), 3- элита, және 7- І-ІІІ- репродукциялы тұқым өндіретін тұқым шаруашылықтар жұмыс істейді. 2007 жылы тұқым шаруашылықтарын қолдауға 22,1 млн теңге субсидия бөлініп, оның 18,2 млн. теңгесі игерілді, қалған сомасы жоспар бойынша желтоқсан айында игерілді. Өткен жылы өндіріске «Арал 202» жаңа сорты берілсе биылғы жылы облыста қолдануға рұқсат етілген сорттар қатарына «Мадина», «Лиман» және «Ару» сорттары ендіріліп, биылғы жылы «Түгіскен-1» сорты келешегі бар сорттар тізбесіне ендірілді. Минералдық тыңайтқыш Облыс ауыл шаруашылы тауарын өндірушілер 2006 жылы барлығы 51458 тонна азотты және 8723 тонна фосфорлы минералдық тыңайтқыш пайдаланса, соның 25125 тонна азотты және 614 тонна фосфорлы минералдық тыңайтқышы арзандатылған бағамен алынды. Минералдық тыңайтқыш бағасын арзандатуға бөлінген субсидия толығымен игерілді. Ал, биылғы жылғы қажеттілік 35,9 мың тонна азотты және 8,9 мың тонна фосфорлы және 250 тонна калий тыңайтқышы пайдаланылды. Машина-трактор паркін жаңалау 2007 жылы облыста ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер тарапынан машина-трактор паркін жаңалауда бір шама жұмыстар жүргізілді, өткен үш жылда шаруашылық құрылымдары барлығы 625 жаңа техника сатып алды. Ал, биылғы жылдың 9 айында, облыс бойынша 270 техника алынды. Оның 205 данасы лизингілік негізде болса, 65 данасы шаруашылықтардың өз қаржысы есебінен алынды.
Скачать |