Домбыра философиясы
Домбыра философиясы Домбыра - қазақтың жаны. Ол тар жол, тайғақ кешу жолдарын бастан өткерген қазақ тарихын парақтауға негiз бола алады. Ұлтымыздың болмысына куә болған әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлерiне жан бiтiрiп, оның құнды қалпын сақтауға негiз болғанын көремiз. Бұл мақалада домбыра өнерiн сақтап, қорғап, дамытып, насихаттау шараларымен қатар, оның шығу тегi турасынан да ой салады. Домбыра бойында байқала бермейтiн пәндiк сапаларды айқындай түседi. Сахна төрiнде орындаушының еркiндiк қалпы туралы ой қозғалады және құлағын бұрап келтiру кезiнде байқалатын адамның төрт түрлi психологиялық мiнезiн ашатын құбылыстар сөз болады. Ғасырлар қойнауында қалыптасқан музыкалық-эстетикалық асыл мұраларды домбыра аспабы жеткiздi. Күй мен оның әңгiмесi қоса өрiлiп, домбыра мен аңыз қатар өрбiдi. «...Алғашқы рулық замандағы бiр адам (батыр, мерген) аңда немесе жорықта жүрiп, өзiнiң басынан кешкен бiр оқиғаны руластарына айтып беруi мүмкiн. Бұл жай әңгiме. Оны естiген адамдар ендi басқа бiреулерге айтады, айтқанда өз жанынан желi қосуы да мүмкiн. Ал одан естiген кiсi тағы бiреуге айтады, ол да өзiнше баяндайды. Сөйтiп, алғашқы жай әңгiме хикаяға, бiрте-бiрте аңызға айналады. Бiраз уақыт өткен соң ол аңыз бiршама көркемделiп, әпсана-хикаятқа айналуы мүмкiн. Мiне, бұл өмiр шындығына тiкелей қатысы бар...» дейдi белгiлi ғалым С. Қасқабасов. Аңыз әңгiменiң рухын күй сарыны күшейте түссе, күйлердiң сарыны аңызды әсерлеп жеткiзуге ықпал ете алады. Домбыра бар жерде қазақ халқының тiлi, өнерi, тарихы бiрге жүредi. Домбыра аспабының философиясын ашуда аңыз-әңгiмелердiң желiсiне сүйенуге болады. «Ертеде бiр хан қызының кедей жiгiтпен көңiл жарастырғанын сезiп қалады да жiгiттi дереу дарға астырады. Екi қабат болып қалған қыз мезгiлi жетiп босанады. Оны аңдыған мыстан кемпiр егiз баланы көз көрмес, құлақ естiмес, алыс жерге апарып, жап-жасыл үлкен бәйтерек басына ұлды батысқа, қызды шығысқа қаратып iлiп кетедi. Сәбилердiң көз жасы тамған бәйтерек солады, жүрегi тоқтаған нәрестелермен бiрге ағаш та қуарады. Қаңқу әңгiме халық арасында жата ма, оны естiген қыз егiзiн iздеп, жолға шығады. Жолдан шаршаған қыз бала ағаш түбiне келiп, демалады. Құлағына күмбiрлеген сарын естiледi. Қайдан шығатын әуен екенiн бiлгiсi келiп ағаш үстiне шығып тыңдаса, жаңағы бәйтерек сынып кетедi. Ағаш, түбiнен басына дейiн iшi қуыс екенiн көредi. Екi басында бұтақтан-бұтаққа керiлiп қалған iшектердi көредi. Екi iшек самал желмен тербелiп, одан әуен шығады екен. «Егiз құлынымнан қалған жұрнақ осы болар» деп сол ағаштан аспап жасап алады. Батысқа қараған iшегi бостау, шығысқа қараған iшегi қаттылау керiлген екен. «Астыңғы iшек - жiңiшке дауысты қызым Зарлық, ал, үстiнгi iшек - бос қоңыр дауысты ұлым Мұңлық болсын» деп екi iшекке ат қойып, домбырасын тартып, күй шығарып кеткен екен» дейдi аңыз-әңгiме туралы еңбегiнде Ө. Жәнiбеков. Мұндай аңыздарда айтылатын бәйтерек ағаш домбыра болмысымен үндес. Домбыра ағаштан жасалынып, одан әуен туады. Адамның қос iшектi соғуы арқылы пайда болатын әуенi жел, дауыл әсерiнен туатын сылдырлаған дыбыс үндерiн еске салады. Демек екi бағыт негiзiнде әрекет байқалады. Оның бiрiнде жел Бәйтерекке әсер етiп, қозғалудан ызың естiлсе, екiншi бағытта адамның домбыра шектерiн тербету арқылы әуендер шығады. Бәйтерек ағаш аңыздарда дүниенiң кеңдiгiн көрсетудiң символы болса, домбыра аспабынан туған үн өмiр мәнiн ұғынуға шақырады. Бәйтерек домбыра болып үн қатады. Ол табиғат пен өмiрдiң жалғасқан айналмалы шексiздiгiн меңзейдi. Профессор С. Қасқабасов: «...Бәйтеректiң басына ұя салған Самұрық (не Алып қарақұс) кейiпкердi аспан әлемiне алып ұшады, я болмаса жер бетiне шығарады... зәулiм бәйтерек бейнесi - қазақ жағдайына сәйкес космостық ағаштың өзгерген түрi. Мұны қазақтардың айдалада өсiп тұрған жалғыз ағашты қадiр тұту салтынан да көруге болады» дегендi айтады. Бәйтерек ағаш киелi домбыра аспабы арқылы адамдарға музыкалық-эстетикалық әсер бередi. Аспаннан нәр алу космостық ұғымды бiлдiредi. Сол космос арқылы адамдар музыка тудырады. Космостан бәйтерекке, бәйтеректен адамға берiлуi де мүмкiн. Бұл ойымызды Ш. Уәлихановтың мына пiкiрi қуаттай түседi. «Жапанда өсiп тұратын жалғыз ағаш, немесе бұта қадiрленiп, оның басына түнейдi. Оның қасынан өтiп бара жатып, адамдар ағаштың бұтақтарына шүберек байлайды, ыдыс тастайды, тiптi құрбандыққа мал шалады, я болмаса аттың жалын түйiп тастайды». Бәйтерек ағаш басына барып, сиыну арқылы олар өздерiне қуат жинайды. Сезiнген сезiмдерiн домбыра аспабы арқылы музыкалық-эстетикалық әсемдiк сұлулығын бiр-бiрiне бiлдiредi. Ол бәйтерек жаратылысының эстетикалық болмысының жоғарылығымен iштей байланыс табады. Бұл жайды арқалы жырау Қашаған жақсы айтып кеткен: Қолымдағы қу ағаш, Сөйлеп тұрған бұл ағаш. Қолымдағы ағашым - Алып жүрген домбыра. «Домбыра күнә» деген сөз Тек бiр айтқан дабыра. Пайғамбарым туғанда, Бесiк болған бұл ағаш. Ыбырайым Кәрба салғанда, Мешiт болған бұл ағаш. Ықырам үйдiң алдында, Есiк болған бұл ағаш. Қашаған жырау ағаш (бәйтерек - Е.Ж., А.Е.) пен домбыра арасындағы байланысқа мән берiп, олардың қасиеттерiнiң өзара сабақтас екенiн көре бiлген. Ресми деректерде де аңыз бәйтерек пен кәдiмгi бәйтеректiң ұқсастықтары айқын байқалады: «Бәйтерек, мырза терек (Populus italica) биiктiгi 40 м шамасында, қабығы айғыздалып тiлiнген, қоңырқай түстi. Бұтақтары жан-жаққа тармақталмай, жоғары қарай ұмтыла өседi. Бұтақ шоғыры пирамида тәрiздес. Жас өркендерi мен жас сабақтары түктi келедi, жапырақтары жалпақтау, үш бұрышты, ұшы үшкiрлеу не доғалдау, жапырақ жиектерi ара тiсi тәрiздес болады. Жерорта теңiзi жағалауында, Кiшi Азияда, Иранда, Еуропаның оңтүстiгiнде, Қапқазда, Орта Азияда, Қазақстанның Қызылорда, Шымкент, Алматы, Талдықорған облыстарында кездеседi. Жемiсi - көп тұқымды қауашақ. Жемiсiнде эфир майы болғандықтан парфюмерияда қолданылады. Дiңi қағаз өндiрiсiнде пайдаланылады» (Қазақ совет энциклопедиясы, 2-том). Астана қаласында зәулiм бәйтерек ағаш, жаңа дизайндық үлгiмен архитектуралық құрылыс орналастырылды. Мұның өзi ата- бабалардан жалғасын тауып келе жатқан бәйтерек негiзiнде қалыптасқан домбыра үлгiсiн де еске салады. Жапан далада жалғыз өскен бәйтерек ағаштың жүрек тербетер сыбдыры дыбыстық әуенге айналып, адамдар оны табиғаттың ерекше құбылысы деп бағалап оған сиынып отырған. Бәйтерек ағаштың қылықтарына ұқсасын деп аспап жасап алуы да сол негiзге меңзейдi. Ағаштың тамыры жер астында, бұтағы мен сабақтары жер үстiнде, ұшар басы аспанмен тiлдесiп, түрлi сыбдыр дыбыс құрап, сезгiш көңiлге айрықша әсер еткен. Әуен - тазалықтың нышаны, ал Бәйтерек - үш әлем байланысының символы. Бұл орайда Ш. Уәлихановтың болжамы жүйе түзуге жетелейдi: «...ән аспанда қалықтап ұшып, жер бетiне жақын келедi. Оның жерге ең жақындаған кезiн байқаған халық әндi ұстап қалған, ал өте жоғары қалықтаған, жердiң адамдары ешнәрсе үйрене алмаған. Құдайдың құдiретiмен келген ән қазақ жерiнде тiптi төмен ұшқанда қазақ халқы оны естiп, әндi жақсы айтатын болған». Демек, аспаннан пайда болған әуен Бәйтерекке берiлiп, одан шыққан әуен саққұлақ адамдарға естiлiп, ол дыбыстарды әуенге айналдырса керек. Оны орындаушылар өңдеп, дамытып, адамдардың әрекетiмен қалыптастырып, бiр-бiрiне үйретiп отырған. Сөйтiп үш түрлi әлемнiң құдiретiн бәйтерек ұғымы тiкелей байланыстырып тұрғандай. «Бәйтерек» ағаштан пайда болған әуендер домбыра арқылы құрастырылып, шағын музыкалық үндердiң жиынтығы келе-келе дамып отырған. Оған дәлел: қазақ музыкасында табиғатқа байланысты туған ән мен күй атаулары көптеп саналады. Мысалы: «Сары өзен», «Ертiс толқыны», «Боз төбе», «Қызыл қайың», «Мұңлық-Зарлық», «Тәңiрi күйi», «Аққу», «Құланның тарпуы», «Ақсақ құлан», «Бозiнген», «Шұбар ат», «Тепең көк» т.б. күйлер тегiне лайық туған. Қамысты алып үрлесе, одан белгiлi бiр дыбыстар шығады. Ол Ескендiр патшаға байланысты жеткен аңыздарда айтылады. «Ескендiр патшаның басында мүйiзi болады, мүйiзi бар екенiн елге бiлдiрмеу үшiн ол шашын алған адамдардың бәрiн өлтiрiп отырған. Ең соңында бiр шаштаразшы тiрi қалады. Бiрақ ол Ескендiрдiң мүйiзi туралы құпияны жасыра алмай, құдыққа барып айқайлайды. Құдықтан қамыс өсiп шығады. Ол қамыстан бiр қойшы сыбызғы жасап, ән салады. Сөйтсе сыбызғыдан шыққан дыбыс «Ескендiрдiң мүйiзi бар!» деген сөз болады да, құпия елге тарап кетедi». Бұл аңыз музыканың үш әлеммен байланысы бар екенiн тағы бiр танытқандай. Қамысты үрлеу арқылы одан пайда болған әуен сыртқа теуiп шығады, ол жұрттың құлағына жетедi, демек өмiр мен үш әлемнiң арасында бiр байланыс заңдылығы бар. Шығарушылық (ақын, композитор) қасиеттердi адам өзi бiлiп, болмаса бiреудiң оқып үйретуi арқылы жасамайды. Ондай қасиет үш әлемнiң қуатты күшi арқылы берiледi. «Келдiбек толғау айтқанда, ол отырған киiз үй шайқалатын, өз даусымен ол дауыл тұрғызатын, ауылға кенет құйын соғып, бұл стихияның iшiнен көзге көрiнбейтiн салт аттылардың тұяқтарының дүбiрiнен жер қайысатын едi», - дейдi М. Әуезов. Музыка дыбыстан құралады. Табиғаттан пайда болған жаңбыр, дауыл, жел, су сылдыры, құстардың үнi, аңдардың үнi мен қимылы, жан-жануарлардың боздау, кiсiнеу, мөңiреу, маңырау т.б. дыбыстарға елiктеуден әуен туады. «Мен далада тудым, дала менi асырады, бақты... Дала өзгерсе, бiзде өзгеремiз. Бұлттан шыққан күн қандай шұғылалы, жарық, жадыраңқы болса, бiз де төбемiздегi аспанды торлаған қара бұлт көшкенде, бұрынғының бәрiн ұмытып, уайым-қайғыны серпiп тастап, жаңаша өмiр сүретiн боламыз...Сол кезде мен де өзгеремiн, өзiмнiң екi iшектi домбырамды басқаша күйлеп аламын да, мүлдем басқа күйлердi тартамын, домбыраға қосылып мүлдем бөтен ән айтатын болам...» дейдi А. Ивановский өз шығармасында. Даланың құбылуына байланысты музыка да сан түрлi мұңды, көңiлдi ырғақтарға толы болады. Өйткенi адамды қоршап, сыртынан жауып Скачать |