Әлеуметтік психологияның методологиялық негізі


Әлеуметтік психологияның методологиялық негізі

 

Жоспар:

1. Методология мәселесі

2. Методология денгейлері

3. Әлеуметтік психология зерттеу әдістері.

Методология мәселесі  барлық ғылымдарға маңызды. Әлеуметтік психологиялық  статистикалық зерттеу жүргізген кезде осы нәтиженің ғылыми принцептеріне сүйенеді. Олар: Психология және әлеуметтану.

Қазіргі ғылымда методолгия термині грек тілінен «танып білуге жол» дегенді білдіреді және ғылыми білімдердің  3 денгейін көрсетеді.

1. Жалпы методология- бұл жалпы принциптердің қосындысы. Жалпы методологияға әртүрлі философиялық құрылымдар кіреді.

2. Жеке методология- жеке принциптер құрылымы, нақты білім аймағында қолданылады.Әрекет принціпі үлгі болады. әлеуметтік психологияда бұл принцп адамдардың бірлескен іс-әрекеті ретінде түсіндіріледі. Және бұл кезде ерекше байланыстар түзіледі. Іс-әрекет субьектісі ретінде коллектив іс-әрекет субьектісі бола алады. Бұл принціпті қолдану арқылы коллективтегі іс-әрекет субьектісінің аттрибуттарын зерттеуге болады.(қажетілік, мотив, топ мақсаты

3. Методологиялық қолданыстар- Т.В.Каркилова  бойынша бұл- зерттеудің көптеген әдістемелері,теориялар.Әдіске және әдістемелерге бөлінеді.

Әдіс-зерттеу стратегиясы болады. Әдістеме техника мен эмпирикалық анықтамалардың фиксация әдістері.

Әдістерді жалпы және арнайы методологиядан бөліп қарауға болмайды.Бұл аббстрактілі емес.

Бір әдістер мен әдістемелер әртүрлі  методологиялар негізінде қолданыла береді.

Ғылыми зерттеу үшін.

1.  Зерттеудің нақты обьектісінің болуы.

2.  Фактілерді анықтау, себебін табу,әдістерді жасау, болжам қою

3.  Қойылған фактілер мен болжамдар арасындағы ашық байланыс

4.  Фактілер мен  құбылыстарды жобалау және түсіндіру.

Ғылыми зерттеулердің ерекшеліктеріне  жаңа жиналған анықтама, оларды принциптерге біріктіру, принціптерді алдыңғы жұмыс негізінде тексеру және қолдану.

Әлеуметтік психологияның зерттеу әдістерін екі топқа бөліп қарастыруга болады: зерттеу әдістері және әсер ету әдістері.

Зерттеу әдістері өзі – мәліметті(ақпараты) жинау және  оны өңдеу болып екі топқа бөлінеді.

Мәліметті жинау әдістеріне : бақылау, құжаттарды қарастыру,  өңдеу, (оған  контент анализ де кіреді) , әр түрлі сұрау әдістері. (саулнама, интервью) тестілер ( сынақ), оның  ішінде не көп тараған социометірлік тест (әлуметтік өлшем) және де эксперимент (табиғи және лабораториялық). Осы әдістердің көбі социологияда қолданылатындармен  пара-пар. (Ядов, 1993) .Дегенмен  кейбіреуіне әлеуметтік психологияның  ерекшеліктеріне байланысты пайдалану тұрғысынан қысқаша тоқталуға болады.

Бақылау әдісі. Әлеуметтік психологияда  негізгі іздестірілетін  сұрақтардың бірі-қалай бақылау керек?  Бақылаған кезде не нәрсеге қөңіл бөлінеді?

Әлеуметтік- психологиялық зерттеулерде  бақылау бірлігі зерттеу затына байланысты нақты түрде шешіледі. Екінші бір маңызды жағдай-бақыланатын жағдайдың уақыт аралығы, бақылау бірліктерін бөліп алудың (уақыты бойынша) көптеген жолдары болганымен , бұл мәселе аяғына дейін  шешілмеген.  Бұл әдіс оншалықты қарапайым болғандықтан әлеуметтік психологиялық зерттеулерде  табысты түрде пайдаланыла бермеуі мүмкін.

Құжаттарды қарастыру- өңдеу әдісі үлкен  маңызы бар әдіс, себебі осы әдіс арқылы адамдардың іс-әрекетінің  өнімдерін талдауға болады. Әдістің субьектіленген (зертеушінің дара психикалық қасиеттері) қарастыру үшін ерекше  «контент-анализ» тәсілі («мазмұнды талдау») енгізіледі. Бұл тәсілді текстіде арнаулы «бірліктер» бөлініп алып, солардың пайдалану жиілігі саналады.  Көбінде бұл әдіс әлеуметтік психологияда көпшілік коммуникациялық зерттеулерде қолданылады (теледидар, баспасөз т.б )

Сұрау әдістері (сұрақ-жауап) көптеген әдістердің ішінде әлеуметтік психологияда ең көп таралғандары. Әсіресе үлкен топтады зерттеуде анкеталар (сауалдама) және интервью  пайдаланылады. Осы әдісті қолданғанда негізгі әдіснамалық проблема- сұрақтарды дұрыс құрастыра білу өнеріне байланысты. 1 шарт –сұрақтарды құру логикасы (қисыны), ғылыми болжамға қажетті мәліметті алу және оның неғұрлым сенімді болуы.

Әр бір сұрақты құрастыру, оларды белгілі ретпен  орналастыру, бөлек блоктарға орналастыру және т.б көптеген ережелер бар. Әдебиетте сауалнаманы құүрастыруда кездесетін типтік қателіктер көрсетілген . Сауалнаманы – құрастыру — өте қиын д маңызды жұмыс, себебі   ол нашар құрылса алынатын да нәтиже де дұрыс болмайды.

Ерекше үлкен проблема- интерьвюді қолдану, бұл жерде интервью (сұрақ қоюшы) және респондент (жауап беруші)арасында өзара әсерлесу пайда болады, осы жағдайдың өзі де әлеуметік- психлогиялық құбылыс. Интервью кезінде  кезінде әлеуметтік психологияда сипаталатын бір адамның екінші адамға әсері, адамның бір-бірін қабылдау заңдылықтары, қарым-қатынас нормалары- бәрі де көрініс береді. Осы айтылған сипатамалардың қайсысы болса да  алынатын мәліметтер сапасына әсерін тигізуі мүмкін.Ондай проблемаларды шешудің шолдары әлеуметтік психологияда қарастырылған, тек сол әдістерді игеруге байыппен қарау қажет.

Әлеуметтік психологияда көбінесе топтық сынақтардан (тест) көрі, жеке тұлғалық сынақтар қолданылады. Психологияның бұл саласында пайдаланылатын  тестілер , көмекші әдістерге жатады. Сондықтанда  олардың  нәтижелері басқа алынған  бесқа алынған  деректермен сәйкестенуі керек, және де бұл әдіс (тест) көбінде жеке тұлға  проблемасымен  зерттеуде көрінеді. Топтарға арналған тест ішінен кең тарағаны әлуметтік өлшем , ол шағын топтарды зертеуде қолданылады.

Эксперимент әдісі әлеуметтік психологияда негізгі зертеу әдістерінің бірі. Экспериментің негізгі екі түрі бар: табиғи және лабораториялық. Екеуіне де ортақ жалпы ережелер:

1) Эксперименттатордың тәуелсіз  айнымалы шараларды енгізуі мен  оны бақылауы және тәуелді шаралардыдың өзгеруін байқауы.

2)    Эксперементік және бақылау топтарын  бөліп қарастыру шарты жатады.

Барлық аталған әдістердің  әлеуметтік психологиялық зертеулерде қолданылуындағы өзіндік ерекшелігі- зерттеленуші мен  зерттеушінің  өзара әсері. Бұл әсер интерьвюде айқынырақ көрінгенменен, шын мәнінде барлық әдістердеде орын алып отыр. Оны есепке алып жүруі әр қашан айтылып жүрсе де , бұл проблеманы шешу      түпкілікті әлі алда сияқты.

Әдістеменің екінші тобы-материалды  өңдеу әдістеріне  барлық статистикалық  тәсілдер ( коррекциялық анализ, факторлық анализ), логикалық және теориялық өңдеулер (типологиялар тұрғызу, түсіндірулерді тұрғызудың әр түрлі тәсілдері т.б) жатады. Құндылықтар проблемасы осындай әдістерді пайдаланғанда аса маңызды  мәселелерге айналады.

Аталған проблема сапалы зерттеу  әдістері мәселесімен  астарлас, әлеуметтік психологияда  социологияда кең талқылануда

Әлеуметтік- психологиялық зерттеу жүргізу үшін , алдымен бағдарлама құру дұрыс. Әр бір нақты зерттеуде шешілетін міндеттер, зерттеу обьектісі, зертеу проблемасын тұжырымдау, қолданылатын  ұғымдарды нақтылау және  де пайдаланылатын  барлық әдістерді анықтап алу қажет. Дұрыс құрылған бағдарлама негізінде ғана шын мәніндегі нәтиже алуға болады.

 

Пысықтау сұрақтары:

1.Методология мәселесі

2.методология денгейлері

3.әлеуметтік психология зерттеу әдістері.

 


Скачать