Үстірт (Маңқыстау)
Тұран ойпатының батыс бөлігін құрылымдық – денудациялық Үстірт алып жатыр. Үстірт Арал теңізімен Каспий маңы ойысы мен тік беткейлі кемерлер арқылы шектеледі. Оның беткі қабатын қалындағы бірнеше оңдаған метрге жететін қалын әктас қабатты бостау жыныстар бұзылудан сақтайтын қалқан қызметін атқарып тұрады құрымдылық денудациялық үстірттін беті біршама тегіс әрі әлсіз көлбеу болып келеді. Сирек жағдайда солтүстік – батыста бағытталған ірі жолдармен терең ағынсыз ойыстармен күрделенген жондардың беті тегіс. Абсолют биіктігі 22 метрден (солтістік жон) 314 метрге дейін (мұзбел) артады жондардын аралығындағы ойыстардын табанының абсалют биіктігі 63 метрден (барса келмес ойысы) 100 метрге дейінгі аралықты ауытқиды. Үстіртін беті астау тәрізді кристалды ойыстарда күрделендіріледі. Мұндай ойыстардың көбінің табанында құмды-сазды делювиальды-элюальды материальдар жинақталады. Шайылған топырақтарда қалың шөптесін өсімдіктер өседі. Солтүстік батыс бөлігіндегі Солтүстік Үстіртіне қарай тілімденген. Иіннің біліктік бөлігін Қос бұлақ, Асыман сай, Сам және Қаратөлей сяқты сорлы ойыстар алып жатыр. Скачать |