Топ психологиясын зерттеу әдістері
Топ психологиясын зерттеу әдістеріТоптағы адамдарды психологиялық зерттеу әдістерімен студенттерді таныстыру мақсатында жүргізіледі. Жоспар:
Әдіс — психологиялық зерттеушілердің әдіснамалық негіздері. Топ психологиясының әдістерін сипаттау. Оларға қойылатын талаптар. Топ психологиясындағы сараптау, (эксперимент) оның түрлері. Психологиялық эксперименттің құрылымы. Ұйымдастыру әдісі Салыстыру әдісі: әртүрлі құбылыстар мен объектілерді салыстыруға мүмкіндік береді. Лонгитюдты әдіс — белгілі бір уақыт аралығындағы құбылыстар мен объектілерді неше қайтара зерттеуге мүмкіндік береді. Комплексті (кешенді) әдіс — әр ғылым салаларының әдістер жиынтығын қолдану. Эмпирикалық әдіс — бақылау; әңгімелесу; эксперимент; тестілеу жатады. Бақылау – срез (аралық) оның мерзімі; таңдаулылығы; тұтастылығын қарастырады. Әңгімелесу – анкеттеу; интервью; сұрақнама; сұхбат. Эксперимент - лабораториялық және табиғи болып екіге бөлінеді. Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар:
Қолданылатын әдебиеттер тізімі:
Глоссарий: АӘБВГҒДЕЖЗИЙКЛМНОӨПРСТУҰҮФХЦЧШЩЫЭЮЯ Агрессия* (лат. аggressio – шабуыл жасау) – физикалық немесе психологиялық зиян немесе нұқсан келтіруге, басқа адамды немесе адамдар тобын жоюға бағытталған мінез құлық, әрекет. Агрессия көп жағдайда субъектінің фрустрацияға жауап әрекеті ретінде көрініп, ашу — ыза, өшпенділік, жек көру және т.б. эмоциялық ахуал сипатына көшеді. Адамгершілік* – адамдардың күнделікті қарым-қатынасына қатысты гуманизм принциптерін бейнелейтін моральдық қасиет. Адамдарға деген ізгі ниеттілік, құрмет, жанашырлық пен сенім, кең пейілділік, басқалардың мүддесі үшін жан аямаушылық сияқты жеке қасиеттерді қамтиды, сондай-ақ кішіпейілділік, адалдық, шыншылдық та адамгершілікке жатады. Антипатия* (грек. аntipathia: anti – жауластық мағынасын беретін қосымша және pathos — сезім) – жақтырмау, біреуді немесе бірдемені суқаны сүймеу сезімі. Ұнатуға қарама – қарсы мәндегі сезім атауы. Психологияда бұл терминді алғаш енгізген Я.Л.Морено. Апатия*(грек. аpatheia — қызықпаушылық) – енжарлық, селқостық, сылбырлық, көңілдің еш нәрсеге соқпауы, ұнжырғаның түсуі. Өмірге немқұрайды қараудан, сезімнің топастанып, көмескіленуінен болады. Аффект* (лат. affectus – жан толқынысы, құмарлық) – адамның көңіл күйінің кенеттен өзгеріп, зор қарқынмен сыртқа тебуі (долдану, үрейі ұшу, торығу, т.б.). Әлеуметтік психология* – адамдардың әлеуметтік топтарға қосылуынан туындаған мінез құлық және қарекет заңдылықтарын, сондай-ақ осы топтардың өздерінің психологиялық сипаттамаларын зерттейтін психология саласы. *Бейімделу (адаптация; лат. adaptatio — бейімделу) – организмнің сыртқы ортаның әр түрлі жағдайына бейімделу қабілеттілігі. Бейімделу негізіне ішкі ортасының (гомеостаз деп аталатын) тұрақтылығын сақтауға бағытталған организм реакциясы жатады. Жауыздық* – қоғам және жеке адам өміріндегі барлық теріс қасиеттерді көрсететін әдеп санаты. Жеккөрушілік* – адамның өз қажетсінулеріне, сенімдеріне, құндылықтарына қайшы келетін құбылыстарға бағытталған орнықты белсенді жақтырмау сезімі. Зорлық (насилие)* — өзінің материалдық немесе рухани мүддесін заңға және моральдық қалыптарға сыймайтын жолдармен қанағаттандыру бағытында жасалатын әрекет немесе әрекеттердің жиынтығы. Интроверсия* (лат. intro – ішке, ішіне және versio — өзгеріс) – ішке үңілу. Тұлға теориясында әлеуметтік қарым-қатынастан қашып, өз ойымен өзі болуға ұмтылушылықты белгілеуге қолданылады. Пессимизм* (лат. pessimus – ең жаман) – дүниенің игілігіне, болашаққа сенбеу. Ең бірінші неміс философы А.Шопенгауэр (1788-1860) өзінің ілімін пессимизм деп атады. Рефлексия* (лат. reflexio – бейнелеп көрсету) – субъектінің психикалық актылар мен күйлерді өзінше талдау және тану процесі. Эмоция* (франц. emation, лат. enoveo — толғану) – адам мен жануарлардың сыртқы және ішкі тітіркендіргіштер әсеріне реакциясы; қоршаған ортамен қарым – қатынас негізінде пайда болатын көңіл – күй. Эмпатия* (лат. empatheia — әсерлену) — өзге адамдардың жан дүниесінің сыры мен күй – жайын білу қабілеттілігі және оған жанашырлық білдіру. Эмпатияны алғаш американдық психолог Э.Титченер ашып көрсетті. Әлеуметтік қызығушылық. *Жеке мақсат үшін емес қоғам игілігі үшін өзгелерге деген қатынас пен ынтымақтастық түрінде көрінетін адамзатқа қатысты алынған эмпатия сезімі А.Адлер бойынша әлеуметтік қызығушылық психикалық критериі болып табылады. Байланыстар құру қажеттілігі* – Э.Фромм бойынша адамның басқаларға қамқорлық жасауға бағытталған базистік қажеттілігі. Гиперкомпенсация*. Компенсация формасы. Оның көмегімен толымсыздық сезімінен құтылуға қарағанда, көбірек жетістіктерге жетуге болады. Гиперкопенсация үстемділікке және ұлы жетістікке жетуге әкеледі. Гиперкопенсация кезінде адам өзінің басқа адамнан үстемділігін сезінеді. Генеративті қатынас* – бұл адамның ақыл – ой және эмициональды күштерінің спонтанды белсенділігінің көмегімен әлемді өрбіте және өңдей отырып тани білу. Деструктивтілік* – бұл жатырқаушылықтың белсенді формасы; басқаның тұлғасына нұқсан келтіру қажеттілігі сол адамның талқандай алу мінез-құлқынан қорқыныш негізінде пайда болады. Бұл жатырқаушылықтан қарағанда өнімділіктің өте күшті және аса жалпылай қамтитын қарсылықтарының нәтижелері. Жек көрушілік *– субъектінің өзіне қатысты бағалығы мен түсінігіне кері әсер ететін, қарама-қарсы сезім Интимділік* – кемелдену жасына сәйкес келеді; оған басқалармен сексуалдық қатынастары және басқа адамға сенімділік білдіру қабілеті енеді. Мен шығармашылығы* Әрбір адамның өз дара тұлғасын белсенді қалыптастыруға мүмкіндігі бар екенін көрсетуге арналған А.Адлер тұжырымдамасы. Мінездің өнімділік типі* – Э.Фромм теориясында – тұтас, сүюші және шығармашыл индивидуум. Адам дамуында идеалды соңғы мақсатты көрсетеді. Өзара тәуелділік* – Эриксон бұл терминді әр ұрпақтың қажеттіліктері мен қабілеттерінің өзара байланыста екендігін көрсету үшін қолданады. Өнімді бағдарлануға* — барлық күштері, тырысулары бағынатын мақсаты ретінде адамның түгелдей потенцияларының өсуі мен дамуы байқалатын тип ерекшеліктері енеді. Өнімділік* – бұл эмоционалдық және психикалық ақауы жоқ кез – келген адамның қатынасқа деген қабілеті. Өнімсіз белсенділіктің түрілері* — мазасыздықпен, гипнозға, беделге негізделеді. Алайда оларды жиі араластырады. Өмірлік стиль* Жеке бас ерекшеліктері, түрткі, когнитивті стиль және шындықты иелену әдістерінің ерекше конфигурациясы. Ол дара тұлға мінезіне сай болып, осы мінездің тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Психоәлеуметтік дағдарыс* – индивидуум өміріндегі физиологиялық даму және әлеуметтік талаптармен негізделетін дағдарыс кезеңі; позитивті де, негативті де аяқталуы ықтимал. Психоәлеуметтік мораторий *– кеш жеткіншек жастағы индивидуумның ересектердің рөлдері мен жауапкершілігін қабылдауында біраз уақыт кейін шегеруге мүмкіндік беру кезеңі. Рецептивті бағдар* — бір топтың екіншісін эксплуатациялауы қатал заңмен бекітілген қоғамдарда жиі кездеседі. Эксплуатацияға ұшырағандар өз жағдайларын өзгертулеріне не ешқандай күштері жоқ, не тіпті ойлары да жоқ, өйткені оларда біртіндеп өмірлік қажетті нәрселердің барлығын иелерінен алуға болады деген көзқарас қалыптасады. Бейімделу және ұнау қажеттілігі дәрменсіздік сезімін туындатады, ол қазіргі адамның әрең байқалатын рецептивтілік көзіне айналады. Рецептивтіктің жасырын, алайда кең таралған бұл формасы қазіргі «фольклорда», әсіресе жарнамалық орындалуда тіпті қисынсыз форма қабылдайды. Репродуктивті қатынас* – бұл әрқашанда шындықты таспаға түсірілген материалдардың әр бөліктерін үздіксіз қайта жаңғырта отыратын фильм тәрізді қайталанбалы бір образда қабылдау. Регрессия* – психикалық дамудың төменгі сатысына, бұрынғы жетілмеген түріне оралуын білдіретін ұғым. Регрессияның түрі түйсіктік құмарлықтың тәсіліне, «Меннің» қызметіне, индивидке тән мұрат пен ардың көрінісіне орай қалыптасады және бөлінеді. Ым-ишара* – психикалық құбылыстың, көбінесе эмоцияның сыртқы бейнесі. Ұнамдылық* – жақсыл Скачать |