ТАРИХИ ЕСКЕРТКІШТЕРДІҢ ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДЕГІ МАҢЫЗЫ


ТАРИХИ ЕСКЕРТКІШТЕРДІҢ ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДЕГІ МАҢЫЗЫ

 

Еліміздің ұлан — ғайыр  даласы тарихи ескерткіштерге тұнып тұр. Егемендік алғанға дейін де барды танытып, барынша аян етуге талай талпыну болғанын білеміз. Бірақ осы көкейді тескен мақсат қағаз жүзінен, мінбеде айтылған сөздерден әрі аспады. Оның негізгі себебі біздің тарихымыз сол кездегі саясатқа байланысты билік басындағыларға қажет болмады. Еліміз қазір бүкіл әлемге танылды. Егемен еліміздің саяси — әлеуметтік тәуелсіздігін баянды етудің тегеуірінді бір кепілі мәдени – рухани жаңғыру. Демек саяси — әлеуметтік тәуелсіздігімізді мәдени рухани азаттықпен ұластырғанымызда ғана еліміздің егемендігі, халық тағдырына қатысты мұраттарымыз өміршең болады. Елімізде соңғы жылдары мәдени, рухани саланы  дамытуға көп көңіл бөлініп жатыр, оның ішінде Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың қолдауымен «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша орындалып жатырған жұмыстар — ол ерекше. «Мәдени мұра» бағдарламасына байланысты Елбасының «Ұлытау-ежелгі, тарихи астана, қазақ халқының алтын бесігі,-ұлттық символымызды қалыптастырып, дамытуымыз керек» деп көптенгі ойды іске асыруға қозғау салған болатын. Ұлытаудың тарихи ескерткіштері ел өткендегісін көз алдыға елестетер көріністер, бұл біздің қазақ халқының үлкен мақтанышы және зор мәртебесі.

Жалпы өнер рухани байлықтың тұнып тұрған қайнар көзі болып саналады. Соның ішінде тоқталып отырғанымыз – бейнелеу өнері. Бейнелеу өнерінің адамға сыйлар рухани байлығы ұлан ғайыр.

Ертеден бастап, қазақ халқы осы бейнелеу өнеріне өте жақын, және біте қайнасып келе жатырғаны белгілі. Халықымыздың қол өнер шеберлерінің тіккен киім кешектері, киіз үйдің іші сыртын безендіруге қолданған адам таңғаларлық керемет ою өрнектері, ағаштан ойып жасаған ер тұрман, темірден жасалған зергерлік бұйымдары қазіргі таңда бүкіңл әлемді таңқалдырып отырғанына куәміз және біз оны мақтанышпен көрсете аламыз. Тәуілсіздік алғанға дейін осындай  ата бабаларымыздың  қолымен жасалған сәндік қол өнері туындыларын көре тұра, қазақ халқы көшпенді болғандықтан өнерге, оның ішінде бейнелеу өнерімен байланысы болмады деген пікірлерді естіп келдік. Қазір алғашқы дизайнерлік шешімдердің үй тұрмысында қолданылуы, біздің ұлы шеберлерімізден бастау алғанын мақтанышпен айтуымыз керек. Жалпы дүние жүзінде дизайн шешімдерінің алғашқы бағытының қалыптасып дамуына біздің ертедегі қол өнері шеберлеріміздің тікелей әсері болды деп айтуымызға әбден болады.

Егемендіктің алғашқы кезеңдерінен бастап ақ мәдени салада үлкен өзгерістер байқалып, өнерде жаңа өзіндік көзқарастар, бағыттар  қалыптаса бастады. Жахандану заманында, алпауыт елдермен бірге ең бастысы ұлттық ерекшелігімізді сақтап қалу, әрбір қазақ азаматының негізігі борышы болмақ. Бұл бүгінгі күннің көкейкесті мәселесінің бірі. Өйткені дәл осы кезде неше түрлі ағымдар мен бағыттардың бәсекеге түсіп, арасынан ең көркемі, қарапайымы халыққа қажеттісі, әсіресе Батысқа елкітеп келе жатырған жастарымызға еліне деген сүйіспеншілігін қалыптастыруға ой тастап тәрбие беретін, ұлттық сезімге тәрбиелейтін, өз мәдениетіне, өнеріне мән беріп, соны жандадыратын тарихи ескерткіштерімізге ерекше көңіл аударуымыз қажет. Ондай қажетті бағыттарды үсті үстіне дамытып, өз ұлтымыздың, еліміздің өнерін, ұлттық құндылықтарымызды дүниежүзіне  көрсете білуіміз керек.

Қазақ бейнелеу өнерін қалыптастыруда ұлтымыздың мақтанышы, алғашқы кәсіпқой суретшіміз Әбілхан Қастеев ағамыздың еңбегі ерекше. Бірақ қазіргі уақытта әртүрлі  ағымдардың пайда болуы, реализм бағытына, оның қаншалықты өмірге қажеттілігі жайлы теріс пікір айтушылар пайда болуда. Қалай дегенде де Әбілхан атамыздың шығармашылық жұмыстары біз үшін, Қазақ халқы үшін, қайталанбас әлемдік зор туынды екендігі белгілі. Мұны айтып отырған себебіміз, қазіргі шығармашылық көрмелерде жас суретшілердің  батыстың мағанасыз салынған суреттеріне еліктеулерін көп кездестіретін болдық. Біз мектеп қабырғасынан бастап, ұлттық рухымыз бен болмысымыздың соншалықты жалаңаштануына жол бермеуге қызмет жасауымыз керек. Жезқазған қаласының №7 мектеп гимназиясында бейнелеу өнері және технология сабақтарында осы Ұлытау-Жезқазған өңіріндегі тарихи ескерткіштер мен тасқа салынған суреттерді оқыту арқылы оқушыларға ұлттық тәрбие беруге ұйымдастырылып  жатырған мәдени-тәрбиелік  жұмыстар жетерлік.

Еліміздің орта мектептерінен бастап, жоғары оқу орындарының өнерге байланысты мамандықтарының оқу бағдарламалары өзінің Отанын, салт дәстүрін, әдет ғұрпы мен жерінің сұлулығын, өз менталитетімізге тән тапсырмалармен толықтырылған жөн деп ойлаймын. Өйткені сол арқылы ұрпақты тәрбиелеп салт санамыз бен өзіміздің ұлттық бояу түсімізге тән әдет ғұрпымызды келешекке жеткізетін біз боламыз. Бұл біздің егемен еліміздің беделі жоғары елдер қатарында болуына қосатын мойнымыздағы парызымыз, себебі, өз отаныңды, ұлттық өнерімізді бізден артық түсініп, бізден артық жеткізетін біз, яғни қазақ халқы.

Әрбір шығармашылық өнер белгілі бір мағыналық терең ойды білдіретін, әрі көркем туынды болу керек, мағанасы төмен, бейнелеу өнерінің ешқандай талабын сақтамай құр шимай сызықтардың біздің халқымызға ешқандай қажеті жоқ  деп ойлаймыз. Әрине бұл жерде суретші  өмірдің тура жансыз көшірмесін жасауға міндетті  емес. Ол өмірдің материалынан мәдениеттік көзқарас қалыптастыратын ерекше туынды жасауға міндетті.   Бұл жерде атақты орыстың суретші-ұстазы В.Крымовтың бір естелігін айтып кеткен дұрыс сияқты. Бірде суретшілердің көрмесіне барып, жаңа бағытқа бет алған бір суретшінің жұмысын көрдім, керілген кенепке ешқандай бояу жағылмаған, тек ортасына үлкен бір көр шегені қағып қойған. Көрмеге келген көрермендер мынаны «қай нақұрыс» жасаған деп күбірлесіп өтіп жатыр. Екінші бір жұмыста стол үстіндегі шай жабдықтары бейнелеген натюрмортты көріп «қандай керемет» деп тоқтап мұқият зер салып қарайды. Міне осыдан қарапайым халықтың әдемі мен жаманды ажырата алатынын, ненің қажет, ненің қажет емес екендігін түсінетінін байқауға болады.

Әрине, айналадағы, өзге елдердегі болып жатқан жаңалықтарды, шет елдердегі жақсы өнер туындыларынан хабардар болу,  оны білу, көру, тыңдау  қажет, бірақ біз үшін ол тек салыстырма ретінде пайдаланғанымыз жақсы.   Өнер арқылы өскелең ұрпақты тәрбиелеп, еліміздің болашаққа деген сенімін нығайта түсу біздің міндетіміз. Туған еліміздің әлемдегі  өркениетті елдермен терезесі тең болуына, еліміздің жастарының санасы терең, әрі жан жақты, білім жоғары, елінің патриоты болуы басты шарт. Қазіргі таңда, кез келген суретшіміз ұлттық ерекшелігімізге сәйкес, әлемдік деңгейге көтеріліп, елімізді әлемге танытып жатыр. Қазіргі таңда мәдениет саласында елімізді алдынғы орында әлемге танытып жүрген спорт пен  өнер салалары екені даусыз. Сондықтан біз шет елдердің  өнер бағыттарына еліктеп, шет елде көрме ашамын, оларды таң қалдырам, сол арқылы танымал боламын деу таяз түсінік деп ойлаймын.

Біз, болашақ жастарымызға әрбір елдің мәдениетін, өнерін дамытуға ықпал жасайтын, ерекше орны бар тарихи ескерткіштерді, тасқа салынған суреттерді, адамның рухани байлығын жетілдіретін ұлттық өнерімізді қастерлеуді қалыптастыруды, оқыту барысында тиімді қолдана білейік.

 

Әдебиеттер: 

1. Е. Төлепбаев.  Картинаны көру мен оқудың арасы жер мен көктей Нұр Астана , республикалық саяси — қоғамдық газеті. № 30 қаңтар 2008

2. С.Ә. Аманжолов. Бейнелеу өнерін оқыту технологиясы, 2006 ж.

 

Жүнісбек С.

Бейнелеу өнері және технология пәнінің мұғалімі

№7 мектеп гимназиясы, Жезқазған қаласы

 


Скачать