Сынып жетекшісінің қызметі мен лауазымдық міндеттері




Скачать

Сынып жетекшісінің қызметі мен лауазымдық міндеттері

 

Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысы оның шәкірттерінің бойында жалпы-адамзаттық құндылықтарды қалыптастыруға негізделеді. Ол төмендегідей құндылықтарды қамтиды:

Адам-адамгершілік тәрбиесі

Отбасы-баланың бірінші ұжымы, оның тіршілік ортасының табиғилығы, сондықтан қалыпты отбасының пайда болу қажеттілігін тәрбиелеу қажет.

Еңбек-шығармашылық пен даму қажеттілігіне тәрбиелеу

Білім-шындықты және адам тұлғасын дамыту тәсілін іздеу, үнемі даму қажеттілігіне тәрбилеу                                                                                                      Мәдениет-мәдениетке қатыстыру, руханилылықты, адамгершілікті және интеллектуалдықты үнемі іздестіру қажеттілігін тәрбиелеу.                                         Отан-өз халқының тарихын құрметтеуді тәрбиелеу

Жер-планетарлық ойлауды игеру, әлемнің біртұтас бейнесін жасау, жалпы адамзаттық проблемаларға қалыпты қатынас қалыптастыру                                        Әлем-тіл табыса білу мен азаматтық бейбіт қарым-қатынасының хал-ахуалын жасау.                                                                                                                                              Сынып жетекшісі-тек адамзаттық құндылықтарға үйреніп қана қоймай, сонымен қатар әр баланың бойындағы бейімділігін, кәсіби икемділігін, табиғи мүмкіндіктерін ашып, сүйіспеншілік, сенім, түсінушілік және достастық хал-ахуалын тудыру білуі керек.                                                                                                                                              Сынып жетекшісінің негізгі қызметі-оқушы тәрбиесі мен оларды бір ұжымға біріктіру, өзін-өзі жетілдіруге, тәрбиелеуге және іске асыруға жағдай жасау. Ол оқушылардың жан-жақты дамуы, патриоттық сезімдерін қалыптастыру тәрбиесі туралы, еңбексүйгіштігін, ұжымшылдығын, оқу үлгерімінің жақсаруы мен тәртіптің нығаюын және еңбекке дайындығы бағытындағы жұмыстарды ұйымдастырады.

Сынып жетекшінің қызметтері:

Тәрбиелік-түзетушілік:

  • мемлекеттің әлеуметтік және рухани тәжірибесіне қатыстыру
  • креативті қабілеттерін дамыту
  • жалпы адамзаттық құндылықтарды тәрбиелеу
  • қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеу

Жеке жұмыс

  • психологиялық педагогикалық жұмыс

Карталары

  • Тестілеу
  • Сауалнама жүргізу
  • Бала денсаулығын қадағлау
  • Ауырған балаларға қамқорлық көрсету
  • Баланың жеке денсаулық картасының талапқа сай жүргізілуін қадағалау
  • Психологиялық қызметпен бірлесе жұмыс істеу
  • Медициналық қызметпен бірлесе жұмыс істеу

Ұйымдастырушылық

  • түрлі қоғамдық пайдалы шаралар ұйымдастыру
  • оқушы, мұғалім, ата-ана байланысын ұйымдастыру

Бақылаушылық

  • оқушыларының сабаққа қатысуын бақылап отыру
  • оқушы үлгерімін есепке алып отыру
  • оқу кабиентінің санитарлық жағдайын қадағалап отыру
  • оқушылардың сырт киімдерінің талапқа сай болуын қадағалау
  • тамақтануды ұйымдастыру

Коммуникативтік

- балалар арасындағы қатынастарды реттеу

- «Оқушы-мұғалім » , «Оқушы-ата-ана», «Мұғалім –ата-ана» өзара тиімді қарым-қатынасын қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізу

- оқушылардың айналасындағы адамдармен дұрыс қарым-қатынас қалыптастыруына көмек көрсету

Аналитикалық

- әр оқушының жеке ерекшеліктерін зерттеу

- сынып ұжымының қалыптасуын зерттеу және талдау

- әр баланың отбасы тәрбиесі жағдайын зерттеу және талдау

Дамытушылық

  • ақыл –ой дамыту ойындарын ұйымдастыру
  • оқушылар үшін ДИ тәжірибесі
  • ТЖ сабақтарында белсенді жұмыс түрлерін енгізу
  • Халықтық, классикалық жаңашыл әдістері

Сынып жетекшісінің лауазымдық міндеттері.

Сынып жетекшісі білуі тиіс:

  • Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» заңын
  • Бала құқықтары туралы конвенцияны
  • Педагогиканы, балалардың жас ерекшелік және әлеуметтік психологиясын, қарым-қатынас психологиясын,балалардың және жеткіншектердің жеке және жас ерекшеліктерін
  • Жас ерекшелік физиологиясын, мектеп гигиенасын
  • Педагогикалық этиканы
  • Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесін
  • Оқушылардың (тәрбиеленушілердің ) бос уақытын ұйымдастыру
  • Еңбек заңнамасының негіздерін
  • Нұсқаулық-нормативті құжаттарды, еңбекті қорғаудың нормаларымен ережелерін

Сынып жетекшісі балалар тұлғасының жеке дамуына және адамгершілік тұрғысынан қалыптасуы үшін жағымды жағдайлар жасауға әрекет етеді, оның тәрбие жүйесіне қажетті түзетулер енгізеді. Оқушы тұлғасын және оның қызығушылығы мен қабілет мүмкіндіктерін зерттеуді жүзеге асырады. Жағымды өз ортасын құрып, сыныпта әр бала үшін моральдық-психологиялық ахуал жасайды. Қарым — қатынастың дамуына ықпал етедію. Баланың өз құрбыларымен, мұғалімдермен, ата-аналармен қарым-қатынасында пайда болатын проблемаларын шешуге көмектеседі. Тәрбиеленуші тұлғасынан өзін-өзі тәрбиелеуіне және өзін-өзі дамытуға бағыттайды. Оқу іс-әрекетінде оқушыларға көмек береді. Үйірме, клуб, спорт секциясы мен бірлестіктер жүйесі арқылы оқушыларға (тәрбиеленушілерге) қосымша білім алуға ықпал етеді. Балалардың жас ерекшеліктеріне және тұрмыстық талаптарына сәйкес сынып жетекшісі сынып ұжымы өміршендігінің мазмұнын жаңартады. Оқушылардың құқықтары мен бостандығын сақтайды, олардың өмірі, денсаулығы, қауіпсіздігі үшін жауап береді.

Игеруі тиіс:

  • кіріктірілген тұлғалық қасиеттер: эмоциялық-ерікті өзін басқару және бақылауға қабілеттілік, аналитикалық, болжамдық, коммуникативтік және ұйымдастырушылық қабілеттер.
  • Жоғары мәдениет, тұрақтылық, адамгершілік бағдар.

Оның бойында болуы тиіс:

  • кәсіби дайындықтың жоғары деңгейі, оның негізін келесілер құрайды:
  • жалпы, жас ерекшілік, әлеуметтік педагогика мен психология саласындағы ілгері білім
  • балалар қарым-қатынасындағы, іс-әрекетіндегі, мінез-құлқындағы, дамуындағы ауытқу нормаларының құбылыстары мен процесстерін білу
  • психологиялық-педагогикалық диагностиканың әдістерін, жас ерекшеліктерін ескере отырып жеке кеңес берудің, психологиялық алдын алудың және психологиялық педагогикалық түзетудің әдістерін
  • балалардың жас ерекшеліктері мен әлеуметтік сипаттарды ескере отырып, балалардың жеке және ұжымдық шығармашылығының ерекшелігі мен мәнін білу
  • балалармен жүргізілетін тәрбие жұмысының әдістемесін білу
  • балалардың құқықтарын қорғау бойынша отандық және халықаралық құқықтық нормаларын білу.

Кәсіби біліктері қалыптасуы тиіс:

  • жеке, тұлғааралық қиындықтар мен қақтығыстарды анықтау
  • зерттеу және әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік психологиялық мәселелерді шешу әдістерін игеру
  • «ересектер-бала» және «ере