СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗ БЕТІМЕН ОҚЫТУШЫНЫҢ ЖЕТЕКШІЛІГІМЕН ЖАСАЙТЫН ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУЫНЫҢ ЕР.
СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗ БЕТІМЕН ОҚЫТУШЫНЫҢ ЖЕТЕКШІЛІГІМЕН ЖАСАЙТЫН ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУЫНЫҢ ЕР.МАЗМҰНЫ КІРІСПЕ ……………………………………………………………………………………………..3 I-Тарау. СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗ БЕТІМЕН ОҚЫТУШЫНЫҢ ЖЕТЕКШІЛІГІМЕН ЖАСАЙТЫН ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 1.1 Студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру тәсілдері…………………………………………………………………………………………………….6 1.2 Оқытудың кредиттік жүйесінде студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастырудың әдістері……………………………………………………………….11 II-Тарау. СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫН БАСҚАРУДЫ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ 1.3 Студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастыру мен басқаруды дамыту жолдары……………………………………………………………………………………….18 1.4 Студенттерге оқытуды ұйымдастырудың түрлері…………………….27 2.3 Студенттердің әлеуметтік-саяси әлеуеті………………………………………………………………………………………………..42 ҚОРЫТЫНДЫ …………………………………………………………………………………49 ПАЙДАЛЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ………………………………….53 КІРІСПЕ Зерттеудің көкейтестілігі Білім – қоғамның дамуы мен болашақтағы жағдайын анықтаушы болып табылады. Кез келген елдің экономикалық және саяси тәуелсіздік жағдайы халықтың жалпы білімі мен кәсіптік деңгейіне байланысты. Осы ретте Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты 2005 жылғы 18-ақпандағы халыққа жолдауында: « ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Біздің болашақтың жоғары технологиялық және ғылыми қамтымды өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауымыз қажет. Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымда ойлай білетін осы заманғы басқарушыларсыз біз инновациялық экономика құра алмаймыз» – деді [1, 18-19 бб.]. Халықтық мәдени құндылықтар мен салт-дәстүрлер, рухани-өнегелік сапаларды жас ұрпақтың бойына сіңіру, патриотизмге тәрбиелеу, ұлттық ар-намыс, абыройды сезіндіру білімсіз дами қоймайды. Сондықтан да қандай қоғам болмасын саяси жүйесінің тұрақты болуы үшін білім мен тәрбие жүйесін мемлекеттік талаптарға сәйкестендіре отырып құруға мүдделі. Ендеше, мемлекетіміздің өз бағытын айқындаудың стратегиялық мақсат-міндеттерінің қатарына жас ұрпақтың білімі мен тәжірибесін алға шығаруы – заңды құбылыс. Ел Президентінің 2004 жылғы халыққа жолдауында: «Ұлттың бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалады…» – деп атап көрсетті [2, 3 б.]. Білім жеке тұлғаның әлеуметтік-саяси көзқарасын дамытып, дүниетанымының аясын кеңейтетін маңызды факторлардың бірі. Ол жеке тұлғаның әлеуметтік мәртебесін айқындауда, сондай-ақ қоғамда саяси келісім мен ішкі тұрақтылықты орнықтырып, саяси құрылымды дамытуда үлкен рөл атқарады. Әлеуметтік тәжірибені, ақпараттарды игеруде, ұрпақтар арасындағы рухани құндылықтардың бір-біріне берілуін сақтауда, тұлғаны әлеуметтендіруде, олардың әлеуметтік мәртебесін көтеруде – білімнің орны ерекше. Қазіргі білім – азаматтық қоғамдағы әлеуметтік талаптарға бағытталған күрделі де жан-жақты қоғамдық құбылыс, оқыту және тәрбиелеу түріндегі педагогикалық әрекеттің тұтас жүйесі. Кез келген кәсіптегі маманды қалыптастыруда мамандыққа сай білім алу қаншалықты өткір мәселе болса, сонымен қатар “жеке маман тұлғаны” өзіндік дамытуда оны шығармашылықпен терең іргетасын дайындау соншалықты алғышарт [3, 24-26 бб.]. Білім жүйесінің мазмұны өмірдің түрлі жағдайларында әрекет ете алатын «тұлғаны» дайындау. Осы мақсатта оқу жоспарын оқушыларға азаматтық білім беруге бағыттау керек. Бірінші кезекте әлемдегі болып жатқан өзгерістерге байланысты білім жүйесін ұлттық модульде құру және ол үшін өркениетті елдерде берілетін біліммен ортақ көзқарастарын табуға ұмтылу қажет. Қазіргі қоғамдық сұраныс – өз ісіне мығым, жұртшылықпен араласуда жеке басындағы барлық шынайы жағымды қасиеттерін байқата алатын бүгінгі студент, ертеңгі маманды тәрбиелеуді талап етеді. Адамның қоғамдық мәні – өмір сүрген ортасы, әлеуметтік жағдайы, білімі, санасының жоғары немесе төмен болуы оның жеке адамға тән қасиеттерінің қалыптасуының шарты. Ал, әлеуметтендіру тәрбие берумен тікелей байланысты. Тәрбиенің түрлері де әр алуан: жас бала өмірге келгеннен бастап, қартайып өмірінің соңына дейін тәрбиеден өтеді. Тәрбие екі жақты: жас өспірімдерге тәрбие беру, ересек адамдарға тәрбие беру, әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар. Тақырыптың зерттелу деңгейі: КСРО тұсында республика шеңберінде Р.Б. Абсаттаров пен Б.К. Байлярованың «Идейно-политическое воспитание в студенческом коллективе» [4], В.В. Трошихинның «Политическое развитие личности» [5], М.М. Сужиковтың «Политическая культура студентов» [6], О.Н. Белоус пен К.Г. Ахметовтың «Формирование политической культуры у студенческой молодежи» [7], Т.Т. Мустафиннің «Политическая культура и социально-политические ценности студенческой молодежи» [8] еңбектері студенттердің саяси-идеялық тәрбиесіне, саяси мәдениетінің қалыптасуына, тұлғаның саяси өсуіне бағытталған. Отандық ғалымдарымыз арасынан Ж.Б. Қоянбаев еңбегін ерекше атаған жөн [9]. Зерттеудің мақсаты: Студенттердің ертеңгі маман ретінде болашақ өмірге бағдар алуына жол ашу болып табылады. Зерттеу міндеті: Студенттердің өз бетімен оқытушының жетекшлігімен жасайтын өзіндік жұмыстарды ұйымдастырудың ерекшеліктерін айқындау. Зерттеу объектісі: Студенттердің өз бетімен оқытушының жетекшлігімен жасайтын өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру. Зерттеу пәні: Педагогика мен психологиядағы студенттердің өзіндік ерекшелігі. Диплом жұмысының құрылымы: Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. I-Тарау. СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗ БЕТІМЕН ОҚЫТУШЫНЫҢ ЖЕТЕКШІЛІГІМЕН ЖАСАЙТЫН ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 1.1 Студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру тәсілдері Бүгінгі күні бүкіл дүние жүзілік білім беру тәжірибесіне жүгінетін болсақ, жылдам қарқынмен оқыту үрдісінің сапалы да жемісті жолы аудиториялық сабақтардың көлемін тиімді қысқарту арқылы студенттердің өздік жұмыстарына уақытты көбірек беріп, олардың шығармашылық қабілетінің өсуіне әсері жоқ оқу пәндерін барынша азайту. Және де оқу жылының барысындағы студенттердің еңбек санының дұрыс бөлінуіне ерекше көңіл бөлу, себебі семестрдегі жүйесіз берілген өзіндік жұмыстар сессия кезіндегі «үлгермеушілікке» және білім сапасының төмендеуіне әкеліп соғады. Осыған байланысты, өздік жұмыстарын орындау үшін әр студентке оқу-әдістемелік құралдарын көрсетіп, өздік жұмыстарына семестрдің басында дұрыс тапсырма беру, соған байланысты әр тапсырманың ұйымдастыру-әдістемелік материалдары болуы тиіс. Студенттердің қарқыны қай пәнді болсын оқу кезіндегі өздік жұмыстарының дәрежесімен сипатталады. Сонымен, студенттердің өздік жұмыстарының ішкі мазмұны – мұғалімнің қатысуынсыз немесе көмегінсіз дайындалу ғана емес, студенттің әрекеті алған ақпаратты білімге қолдана білуге айналдыру функциясы мен сол қызметті басқара білу функциясының үйлесімділігінен тұрады немесе олардың өздерінің алдарына қойған мақсаттарына жету үшін құрған амалдарын білдіреді десек те болады. Негізінен алғанда, студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу технологиясы мынадай элементтерден тұрады: Студенттердің өздік жұмыстарын жоспарлау, әдістемелік қамтамасыз ету, бақылау және орындалу бағасы, талдау және жетілдіру. Студенттердің өздік жұмыстарын жоспарлау кезінде, студенттердің өздік жұмыстарымен қатар мұғалімнің жетекшілігімен өткізілетін (СМЖӨЖ) да сағат бөлу керек,, яғни СМЖӨЖ-ң көлемі әр пәнге бөлінген лекция, практика, студиялық және семинар сағаттарының толық көлемінен кем болмауы керек. Қалған өздік жұмыстарының сағаты күнделікті орындауды талап ететін комьютердің тапсырмасымен толықтырылуы тиіс. Студенттердің оқытушының жетекшілігімен өткізілетін жұмыстардың уақыты көрсетіліп, оқу кестесіне енгізілуі тиіс және сабақтан соң арнайы аудиторияда өткені жөн. Әр оқу пәнінің жұмыс бағдарламасының сәйкес бөлімдеріне студенттердің өздік жұмыстарының жоспарланған түрлері, олардың сағатпен көрсетілген еңбек сиымдылығы, бақылау мерзімі және коллоквиумдар, курстық, семестрлік, есепті-графикалық және басқа да жұмыстары міндетті түрде кіргізіліп көрсетілуі керек. Студенттердің өздік жұмыстарының Скачать |