ПЕДАГОГ МАМАНДАРДЫҢ БІЛІКТІЛІГІН АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІН ҚОЛДАНУДЫҢ ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ         	Негiзгi ұғымдар     	-   		Мемлекеттiк ақпараттық саясат – ақпараттық қоғам жағдайында  түрлi қызмет салаларын ақпараттандыру және бiртұтас әлемдiк ақпараттық кеңiстiкке енудi қалыптастыруға  бағытталған құжаттардың мемлекеттiк органдарда бекiтiлiп, жүзеге асыру механизмдерiн реттеу.
   	-   		Бiлiм берудi ақпараттандыру — бiлiм беру саласының теориясы мен практикасына жаңа ақпараттық технологияны жан-жақты пайдалану және оқыту мен тәрбиелеудiң психологиялық-педагогикалық мақсаттарын жүзеге асыратындай жағдайда оның мүмкiндiктерiн  қолдану процесi.
   	-   		Ақпараттық кеңiстiк -  белгiлi бiр ереже мен қағидаға негiзделiп ақпараттық субъектiлердiң өзара әрекетiн және ақпараттық тұтынушылардың қызметiн толығымен қанағаттандыруды  қамтамасыз ететiн ақпараттық ресурстар мен жүйелер және телекоммуникациялық жүйелер мен желiлердiң жиынтығы.
   	-   		Ақпараттық ресурстар – ақпараттық жүйелердегi жекелеген құжаттардың немесе құжаттар  жиынтығы (кiтапханалардағы, архивтердегi, деректер қорындағы және басқа да ақпараттық жүйелердегi).
   	-   		 Ақпараттық жүйе  — ақпараттық процестердi жүзеге асыратын ақпараттық технологиядағы реттелген құжаттар мен бiрнеше құжаттар жиынтығы.
   	-   		Ақпараттық процестер – ақпаратты жинау, өңдеу, алу, сақтау, iздеу және тарату процестерi.
   	-   		Ақпараттық орта – ақпараттық процестермен қарым-қатынас кезiнде пайда болатын ақпараттық ресурстар мен жүйелердiң жиынтығы.
   	-   		Ақпараттық процестер субъектiсi – ақпараттық ресурстар иегерi және меншiгi ретiнде  ақпараттық процестерге қатысушы жеке және заңды тұлғалар, ақпаратты қолданушылар, басқарудың инфрақұрылымына қатысушылар.
   	-   		Ақпараттық процестер объектiсi – ақпараттық ресурстар мен жүйелер, технологиялар мен оларды қамтамасыз ету құралдары.
   	-   		10.  WWW (World Wide Web) – гипермәтiн құрылғысы көмегiмен мультимедиялық құрылғыларға өту мүмкiндiгi мен iздеу навигациялар жүйесi.
   	-   		11.           Гипермәтiн – басқа мәтiндермен байланысты жүзеге асыру мәтiнi.
        
  
Скачать |